Сауат ашу және жазу Ә ә дыбысы және әріпі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« » ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«_______» _________________

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Сауат ашу және жазу»

Тақырыбы: «Ә» әріпімен таныстыру

Мақсаты: а) «Ә» әріпімен таныстыру. Әріпті дұрыс айта білуге үйрету.

ә) «Ә» әрпіне (әке,әже, әлем) т.б сөздерді айтқыза отырып есте сақтау қабылеттерін дамыту

б) Ата-ана,ата-әже туралы мақалдар айта отырып үлкендерге деген сыйластыққа тәрбиелеу.

Билингваль құрауыш:

әже - бабушка-

әке - отец-

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы

Қазір балалар, «Аурухана» ойынын

ойнайық.Мен дәрігердің, сендер

емделушілердің ролін ойнайсыңдар.

- Ерасыл сенің қай жерің аурады?

- Олай болса аузыңды ашып, тамағыңды көрсет.

Сауат ашу және жазу Ә ә дыбысы және әріпі

-Балалар, мұны бәріміз бірге қайталаймыз


- Басым,тамағым.

-Ә-ә-ә

-Ә-ә-ә

Іздену ұйымдастырушы

-Енді балалар тақтаға көңіл бөлейік.

Әженің суреті

-Сендер Әке-шешелеріңнің анасын қалай атайсыңдар?

-Олай болса сөзді буынға бөліп, бірнеш рет қайталайық

-Неше буыннан тұрады?

-

Сәби қалай жылайды?

-Әже әлдилегнеде қандай өлең айтады?


-Ал, енді мына жұмбағымның шешуін табыңдар.

Таңмен тұрады,

Жар шақырады.

Бұл не?

Сергіту сәті: «Алтын айдарлы әтеш»

Әтеш,әтеш,әтешім,

Алтын айдар әтешім.

Майлы басты, әтешім,

Мамық жүнді әтешім.

-Балалар «Ә» дыбысы бар сөздерді атаңдар:

Сауат ашу және жазу Ә ә дыбысы және әріпіСауат ашу және жазу Ә ә дыбысы және әріпіСауат ашу және жазу Ә ә дыбысы және әріпі

дәрі дәрігер әтеш

-Әке сөзін буынға бөлейік

«Ә»дауысты дыбыс, «Ә»дыбысын дыбыстағанда ауа ауыздан еркін шығады.

Қазақ тілінде «Ә»дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында да кездеседі.

-Балалар ,енді «Дыбысты тап»ойын ойнаймыз.

Ойынның шарты: Мен қазір бірнеше сөздер тізбегін айтамын, сол сөздерде «Ә» дыбысы кездессе, қолдарыңды шапалақтаңдар.

Сауат ашу және жазу Ә ә дыбысы және әріпіСауат ашу және жазу Ә ә дыбысы және әріпі

әже әке

Сауат ашу және жазу Ә ә дыбысы және әріпіСауат ашу және жазу Ә ә дыбысы және әріпі

шеше дәрі

Сауат ашу және жазу Ә ә дыбысы және әріпіСауат ашу және жазу Ә ә дыбысы және әріпі

сәбіз қарбыз

-Ал енді мына сурет бойынша сөйлем құрастырайық

Балалар «Әже» өлеңін жаттайды.

Әжем менің әліде,

Ұқсамайды кәріге.

Шәй қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне

Базарға өзі барады

Бәрін сатып алады.


-Әже

-Ә-же, ә-же,ә-же

-Екі буыннан тұрады

-Ә-ә-ә

-Әлди, әлди, ақбөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Бөпешім менің қайда екен?

Асқар-асқар тауда екен.

Тауда нағып жүр екен?

Алма теріп жүр екен

Тақиясын алмаға

Толтырғалы жүр екен.


Сауат ашу және жазу Ә ә дыбысы және әріпі

-( Әтеш )

Әже, әке,

дәрі, дәрігер,

кәрі, әтеш,

жәндік, сән,

ән, сәбіз, әткеншек...

Сауат ашу және жазу Ә ә дыбысы және әріпі

-ә-ке, ә-ке, ә-ке.




Әже Әдеміні әлдиледі.

Әлия әсем ән айтты.

Дәрігер емдейді.

Ата мен әжам қонаққа келді.


Балалар хормен жаттайды



Рефлексивтік коррекциялау

-Балалар қандай әріпен таныстық?

Әже туралы өлең жатаған ұнадыма?

Әжелеріңді жақсы көрксіңдерме?

Әжелерің біздің балабақшаға келеме?

«Ә» әріпі дауысты дыбыспа, дауыссыз дыбыс па?

Жарайсыңдар балалар, сау болыңдар.

«Ә»

Өлең айтқан ұнайды

Әжемізді жақсы көреміз

Күнде таңертең балабақшаға алып келеді.

Дауысты дыбыс.

Сау болыңыз.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ә дыбысы және әрпімен танысты

Игерді:Ә дыбысы бар сөздерді айта алады

Меңгерді: Ә әрпі дауысты дыбыс, әже туралы өлеңді жатқа айтады






© 2010-2022