Открытый урок Ата-баба аманаты

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1

Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап өткізілген тәрбиелік іс-шара

«Ата- баба аманаты»

Мақсаты: Болашақ ұрпақтың бойына өз ата-бабаларының шежірелі тарихы туралы түсінік қалыптастыру.

Кіріс бөлімі: үнтаспада қобыздың үнімен ортаға «Көшпенділер» көрінісімен «Қарлығаш» тобының тәрбиешілері мен ұл-қыздары келеді.

  1. Бала: Қазақтың жері қандай кең болса, оның пейілі де сондай дарқан.

  2. Қазақ жаз-жайлауда, күз-күзеуде көшіп қонып мал баққан.

  3. Қазақ елінің басқарған ханы сөзі шешен, шешені дау басатын би болған .

  4. Біз Есімханның ескі жолымен, Қасымханның қасқа жолымен жүріп келеміз

Хандардың есімдері аталады: Керей хан, Жәнибек хан, Қасым хан, Хақназар хан, Есімхан, Жәңгір -хан, Тауке хан, Әбілқайір хан, Нұралы хан, Абылай хан, Уа Кенесары хан.

(Қазақ жолы бейне фильм көрсетіледі)

Есімхан: Халқым қара қазағым ! Қаршығадай қасқайып, көзімнің қарашығындай бірлігің мен тірлігіңді қорғауға ант беремін.

Бұхар жырау: Жесірін жылатпаған құл-құтанды еңіретпеген ер бейнелі ер есім біз сендікпіз.

Ақсақал: Жұдырықтай жұмылып, қорғасындай құйылып, қара бұлттай түйіліп, бір ауыздан сөз шығарып, бір жағадан бас шығарып ел іргесін жау бұзбас.

Нөкерлер:

  1. Нөкер: Кеңесі бар ел азбайды,

Кең пішкен тон тозбайды.

Қарияға ақыл салсаң,

Ақыл таппай қалмайды.

  1. Нөкер: Кісі болар кісіні кісесінен танимын,

Кісі болмас кісіні мүшесінен танимын.

Ақсақал: Уа халқым жақсы сөз жарым ырыс. Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн. Дүбірлетіп той жасап ат шаптырып, көк тарттырайық, әннен маржан шашайық , мың бұрала билейік.

2

Би: «Асатаяқ» «Қарлығаш » тобының биші қыздарының орындауында тамашалаймыз.

Жүргізуші: Пай, пай, пай!

Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер

Ғашықтар бір бірін өпкен жер.

Сарылып сал сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!

1-бала: Батыр найзаның ұшымен білектің күшімен елін қорғаған.

2-бала: Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күші қаннатты жанын беріп елін қорғаған жау жүрек батырларымыздың ерлігін ұмытпаймыз.

Шешендер:

Ерегіссең менімен

Тауып ұстас теңімен,

Еңсеңді үзіп кетермін,

Аспаннан түскен жасындай

Қаракерей, Қабанбай

Қанжығалы Бөгенбай,

Шапрашты Наурызбай,

Соларға кезек бермеген

Ұлы жүздің ішінде

Ұраным менің Қарасай

Қарасайдың ұлымын,

Айтулының бірімін

Нар кілемнің түрімін

Қызыл тілім безеген,

Найзасын тасқа егегем.

Қиядан қиқу төгілсе,

Аттың басын тартпаған

Қисапсыз қол көрінсе,

Қорқып жаудан қашпаған

Қарсыласқан асылдар

Қорғасындай балқыған,

Батырың өтті Бөгенбай.

3

1-бала: Жүректе қаһар жалындаса

Бойда қайрат арындар

Үлкен бастар кіші қостар..

2-бала: Батырдың қаһары еліне қорған.

3-Бала: Болат қайнауда шынығады

Батыр майданда шынығады.

4-бала: Батыр жарасыз болмас.

5-бала: Батыр ортақ, ер ортақ

Күн ортақ , ай ортақ.

6-бала: Ер өлсе де, аты өлмейді.

Жүргізуші: олай болса біздің батыр жігіттеріміздің биін тамашалаймыз.

Би: «Батырлар» «Қарлығаш» тобының ұл-қыздарының орындауында тамашалаймыз

Ән: «Елтаңбасы елімнің» хор « Қарлығаш» тобы

Жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Егеменді ел болды. Төл теңгесін шығарды. Ата заңын қабылдады. Мемлекеттік рәміздерін белгіледі. 1-желтоқсан алғашқы президентін сайлады.

Міне, бүгінде халқымыздың аңсаған арманы орындалды. Тәуелсіздік таңы шапағатын шашып тұр. Қазақстан деген ортақ үйімізде, бір шаңырақтың астында барлық ұлттың өкілдерімен әніміз де, сәніміз де жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.

1991 жылы 16- желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Енді тәуелсіздіктің 24 жылдығына арналған мерекемізді әнмен, бимен жалғастырайық.

Би: «Қаражорға» «Қуаныш » тобының ұл- қыздары

Аббос: Арыстандай айбаттым.

Жолбарыстай қайраттым,

Аспандаған байрақтың

Қанша жұлдыз жайнаттың.

Қанша бұлбұл сайраттың,

Қазақстан ардақтым.

Амина: Күнді құшқан қос қыран.

Аясында қалқыған

Аспан түсті тауым бар,

Көк теңіздей шалқыған.

Абдунасир: Отан отбасынан басталады

Отан оттан да ыстық.

4

Фелис: Жаса жаңа Астанам

Өркен жая бастаған

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған.

Бехруз: Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!

Дияс: Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем!

Пернебек: Ер еңбегі шалқып, тасыған.

Ел еркіндей бақыт тапқан

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем!

Ән: «Жеңіс туы желбіреп» «Қарлығаш» тобының ұл-қыздары орындайды.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі ел болашағы сендердің қолдарыңда демекші хан заманы мен қәзіргі заманды салыстырып көрейікші?

1-бала: Хан - ел билігін қолына алған , ел жүгін арқалаған адам.

Жүргізуші: Ал бүгінгі тәуелсіз еліміздің ханы кім?

Балалар: Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

2-бала: Шешен- қара қылды тілімен қақ жарған, сөзі салмақты ел ішінде беделді адам.
3-бала: қазіргі күннің шешендері адвокаттар.

4-бала: Би-ел арасындағы тыныштықпен бірлікті сақтап сөз төресін сөйлеген адам.

5-бала: тәуелсіз еліміздің билері әділ соттар.

Жүргізуші:

Жүргізуші: ел тыныштығы, оның бақытты келешегі, тәуелсіздігі үшін қауіп-қатерді елемей, бастарын бәйгеге тіккен осы шынайы отаншыл сезімі, ынтымақ-бірлігі басқаларға да ықпал етіп, қазақ халқын бір мақсатқа түсініп, хан, шешен, билердей ұлыларды, елім деп еңіреген батырларымызды ұрпақ ешқашан ұмытпауы қажет.

Сонымен бүгінгі қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шарамызды «Үш қоңыр» әнімен аяқтаймыз.

Открытый урок Ата- баба аманатыОткрытый урок Ата- баба аманаты



© 2010-2022