Наурыз мерекесіне арналған ойын –сауық тақырыбы: «Әз-Наурыз!»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Наурыз мерекесіне арналған ойын -сауық тақырыбы: «Әз-Наурыз!»

Зал іші Наурыз мерекесіне арнап ұлттық салтымыздың негізінде безендірілген.

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздерді ұлыстың ұлы күні жыл басы Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Жыл басы Наурыз баршамызға жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін.

Наурыз тойы - мерекесі ұлтымның

Берекелі, ырысы мен құтымның.

Тәуелсіздік думанымен бірге келген,

Ұлы күні, Ұлыс күні жұртымның - деп «Әз-Наурыз» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Осы Наурыз мерекесінде адамдар бір-бірлерімен татуласып, салт-дәстүрлерді ұстанып, барлық қазақ елі бұл мерекені ерекше тойлайды. Бізде осы салт-дәстүрді ұстанып, «Тұсау кесу» рәсімін көрсетейік.

(Салт-дәстүр көрсету).

Мереке арнап балалардың жаттаған тақпағы бар екен.

Аружан

Тыңдаңыздар-тыңдаңыздар,

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды,

Берекеде, мерекеде осында

Болып жатыр той думан.

Аяулым

О, жараңдар, жараңдар,

Бәрін мұнда қараңдар.

Наурыз тойы басталды,

Текке қарап тұрмаңдар.

Жүргізуші:

Енді ертегілер әлеміне саяхатқа шығайық.

(Жеті лақ ертегісі)

Автор:

Баяғы бір заманда бір ешкі болыпты. Оның жеті лағы бар екен. Олардың үйі орманның шетінде орналасыпты. Ешкі лақтарына азық әкелу үшін күнде орманға кетеді екен. Үйінен шығып бара жатып, есікті ешкімге «ашпаңдар» деп кетеді екен.

Бір күні ешкі орманға кеткенде, үйіне қасқыр келіп есігін қағады. Бірақ лақтар есікті ашпайды. Үйге кіре алмаған қасқыр тығылып ешкінің күтеді. Бір кезде ешкі келіп:

Лақтар есікті ашады, ешкі үйге кіреді.

Ешкі:

Лақтарым, шұнақтарым

Есікті ашыңдар,

аналарын келді

азық әкелдім.

Жүргізуші:

Ешкі орманнан келгенше тақпақтарымызды айтып алайық.

Бейбарыс:

Наурызда күлімдеп,

Күн нұры төгілді.

Өзгеше бүгін деп,

Желпілдеп көңілді.

Мақпал

«Әбігепр жұрт неге?»,-

Деп бекер таңдаңба.

Қайнатып құрт көже

Той қамын қамдауда.

Асхат

Наурызды халқымыз,

Жыл басы санайды.

Көнермес салтымыз,

Көктемдей арайлым.

Ән: «Ару көктем»

Автор:

Ертесіне ешкі орманға кеткенде қасқыр үйдің есігін қағады.

Қасқыр:

Лақтарым, шұнақтарым

Есікті ашыңдар,

аналарын келді

азық әкелдім.

(қасқыр кіреді)

Лақтар:

- Сәлеметсіз бе, қасқыр! Бізді жемеңіз. Бізде бүгін мереке. Келіңіз, төрлетіңіз. Біз сіздің қарыңызды тойдырамыз.

Қасқыр:

Олай болса, менің көңілімді көтердіңдер.

(балалар)

Би: Қамшы биі

Саян

Ата-бабам тойлаған

Наурызым, армысың

Қызығына тоймаған,

Дархан дала, қарлы шың.

Темірлан

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз.

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.

Сымбат

Ұлыс бақытты болсын,

Әр күндерін, жақсы болсын.

Достарын берік болсын,

Білім-өнер серік болсын.

Ойын: Шаңырақ

Рахмет сендерге балалар. Қарнымды тойдырдыңдар. Мен енді орманға қайтайын. Сендердің аналарын келіп менен қорқып кетпесің.

(өлең-тақпақ)

Би: Домбыра биі

Ешкі:

Лақтарым, шұнақтарым

Есікті ашыңдар,

аналарын келді

Наурыз мерекесіне арнап

Наурыз көже алып келдім.

Ән: Наурыз

Музыка әуенімен қасқыр келеді.

Ешкі:

Лақтарым, шұнақтарым

Қасқыр келе жатыр, ол сендерді жеп қояды. Тығылыңдар.

Қасқыр:

Жоқ, мен сенің лақтарына тиіспеймін. Мен лақтармен дос болдым. Орманда жалғыз жүремін маған дос керек.

Ойын: Қасқыр мен лақтар

Би: Лақтар

Автор:

Осылайша, қасқыр мен лақтар бір-бірімен айырылмастай дос болыпты.

Жүргізуші:

Наурыз мерекесі құтты болсын. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі адамдар бір-бірімен тату болу керек. Бір-бірімен ренжіскен адамдар татуласады.

Ұлыстың ұлы оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Уайым-қайғы жоқ болсын!

Мереке құтты болсын!

Шашу шашу.




© 2010-2022