Бейнелеу өнері Көңілді балалар сабақ жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Бейнелеу

Тақырыбы: Көңілді балалар

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Сурет салудағдыларын дамыту. Геометриялық пішіндерді пайдаланып адамның бейнесін салуды үйрету.

Керекті құралдар мен материалдар.

Педагог үшін:адамның суреттері,

Балалар үшін:жұмыс дәптері,түрлі түсті қарындаштар

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық



Шаттық шеңбері

Еңбек етсем, ертеңгі

Бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер

Уақытыма сенемін!

Достық іспен қасты да

Жеңеріме сенемін!

Ақыл сана білім мен

Өнеріме сенемін!

Арым таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін!

Абыройлы ақ ниет

Адамдыққа сенемін!

Қызығушылық білдіреді.Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.жылы лебіздерін білдіреді.


Ұйымдастыру-іздестіру



Балаларға адам бейнесінің суреті көрсетіледі;

Сурет салғанда адам денесінің екі жағы бірдей болукеректігі түсіндіріледі.

Балаларға адамның дене мүшелерінің пішіндерінің айырмашылығы түсіндіріледі

Тәрбиеші адам денесін салу ретін балаларға көрсете отырып салады. Алдымен үлкен бөлшектері, артынан ұсақ бөлшектері салынады. Балаларға жеке - жеке көмек көрсете отырып жұмыстарын дұрыс жасауларын қадағалайды

Оқу іс- әрекетінің мақсатымен, тақырыбымен танысады.

Керекті құрал- жабдықтарды түгендейді, тексереді. Қарындашпен жұмыс жасағанды сақтайтын ережелерді естеріне түсірді. Жұмыс барысымен танысады.

Жұмыстың реттілігі бойынша суретті салады

Рефлексивті - түзетушілік

Педагог дайын жұмыстарды балармен талдап , бағасын береді, кемшіліктерді түзету жолын өздерінен сұрайды.

Жасаған жұмыстарын тәрбиешіге көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Адам денесін салу ережесін білу керек;

Нені игереді:

Геометриялық пішіндерді пайдалана отырып адам бейнесін салуды игереді

Нені біледі:

Геометриялық пішіндерді пайдалана отырып адам бейнесін салуды біледі



© 2010-2022