Серуен Күзгі табиғат тамашалары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



№1. Күз белгілерін бақылау

Мақсаты: Күз белгілерін (қызыл, сары жапырақ, жапырақ жерге төгіледі, шөптер қурайды, құстар жылы жаққа ұшады) анықтауға үйрету. Күзгі табиғат құбылысы өзгерістерінің (ерте күзден қоңыр күзге дейінгі) бірізділігін көрсету.

Экологиялық міндет: тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын көрсету.

Тәрбиеші балаларға айналаға қарап, күздің белгілерін табуды ұсынады.(Күн, аспан, бұлт, жапырақ, гүлдер, көкөністер, жемістер т.б.) Бұлт, жапырақ, күн неге ұқсайтынын сұрайды.

Жұмбақ: Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

Көркем сөз: Бұлттар төніп,

Жерге төгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып.

Дала сұры қашады,

Ойнай алмай...

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кез болады? (Ш.Ахметов)

Еңбек: Ауладағы ойын алаңын, жолдарын сыпыру.

Себетке жердегі жапырақтарды жинау, түрлі ағаштар жапырағын салыстыру. Формасы мен түсіне көңіл бөлу.

Мақсаты: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қимылды ойын: «Өз жұбыңды тап».

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға және бір-біріне соқтығыспай жүгіруге жаттықтыру.

Құммен ойын ойнау. Бөтелке тығындарының көмегімен «бәліш» дайындау.

Болжам: Күзде өрмекшіні кездестірсеңіз, ауа-райы ашық болады



№2. Күзгі жапырақтарды бақылау

Мақсаты: Балаларға алтын күздің алуантүрлі бояуларын көрсету., байқағыштығын, ой қорыту іскерлігін дамыту. «Күз» тақырыбындағы сөздік қорын кеңейту және белсендендіру.

Экологиялық міндет: Балаларды табиғат заңымен таныстыру: «Табиғат өз дегенін жасайды», «Әр нәрсе өз орнын табады» (топырақтың түзілуі)

Жұмбақ: Ағайынды бәрі,

Шықса - жасыл,

Түссе - сары. (жапырақ)

Көркем сөз: Күзгі жапырақтар

Алтын, сары, қызыл, көк...

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақты күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Кун шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты, жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап. (Қ.Шаңғытбаев)

Еңбек: Жерге түскен жапырақтардан күзгі шоқ байламын жинау

Мақсаты: Эстетикалық талғамын тәрбиелеу

Қимылды ойын: «Қуаласпақ», «Қарағайлы ормандағы аю»

Мақсаты: Жүгіру жылдамдығын, қозғалыс ырғақтылығын дамыту.

Тәжірибе: Жапырақтардың тез түсуіне не әсер етеді? (жел, суықтық).

Болжам: А) Емен мен көктеректің (қараағаштың) жапырағы соңынан түседі.

Б) Жапырақтың кеш түсуі - қатты және ұзақ қысты білдіреді.

№3 Ағаштарды бақылау

Мақсаты: «Ағаш», «бұта» ұғымдарын нақтылау. Ағаш пен бұтаны қалай ажыратуға болатынын түсіндіру. «Тегіс», «тікенекті», «ауыр», «жеңіл», «ұзын», «қысқа», «жуан», «жіңішке» ұғымдарын бекіту. Табиғатқа деген танымдық қызығушылығын тәрбиелеу.

Экологиялық міндет: Өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайлар туралы білімін бекіту.

Қандай ағаштарда әлі де жапырақтар бар, олардың түсі қандай, ал қай ағаштың жапырағы жерге түсіп үлгергендігін байқау. Топырақ тығыздалғандықтан жас шыбықтар өспейтіндігіне көңіл аудару.

Тәжірибе: Жапырақтар бояуын қарау (күзде жапырақтар түрлі түске енеді, әдемі). Күзгі жапырақтарда қорек бар ма? Құрғақ не қураған және жасыл жапырақты алып, қағаз парағына бастырады да, қорытынды жасайды.

Жұмбақ: Жазда жасарады,

Қыста томсарады. (ағаш)

Көркем сөз: Ағаштар

Биікте де төменде

Өседі жас емендер.

Ауыл сәні - терек қой,

Терек егу керек қой.

Басқа ағашпен аралас,

Жайқалады қарағаш.

Сырғалы қайың, ақ қайың,

Баптайын, күтіп сақтайын.

Көк қарағай, қарағай,

Мейірімді анадай. (М.Әлімбаев)


Еңбек: Гербарий үшін күзгі жапырақтарды жинау.

Мақсаты: Өз еңбегінің нәтижесіне деген қызығушылығын тәрбиелеу.

Қимылды ойын: «Ағашқа қарай жүгіріңдер»

Мақсаты: Тәрбиешінің белгісі бойынша әрекет етуге, ағаштарды ажырата білуге үйрету

Болжам: Емен мен көктеректің (қараағаштың) жапырағы соңынан түседі.

Ағаш жапырағы қалыпты жағдайдан, уақытынан бұрын сарғайса, күз ерте түседі.



© 2010-2022