8-ші наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігі Мерекеңмен анашым! тақырыбына

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мерекеңмен анашым!»

Жүргізуші: Жасандырып жас талды,

Көктем айы басталды.

Білеміз бе біз бәрін,

Қызыл гүлдей қыздардың.

Кимешектей әженің,

Қарындас пен әпкенің,

Мейрамы екенін,- дей отырып, ертеңгілігіміздің сәні, көркі,біздің «Дельфиндер» тобының балаларын ду қол шапалақпен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Құрметті әжелер, апалар, аналар, ұжымдастар! Сіздерді шын жүректен 8 наурыз мерекесімен құттыұтаймыз!

(осы кезде перде ашылады.Кереуетте ерке қыз жатады.)

Анасы: Тұра қойшы қызым менің, тұра ғой күнім. Әдемелеп шашынды жинайын, төсегіңді жинай ғой.

Қызы: Жоқ, тұрмаймын ештеңеге зауқым жоқ.

Анасы: Жарайды ендеше мен кеттім.

(Қыздың қасына әжесі келеді.)

Әжесі: Тұра қошы ботам менің, тұра ғой енді ұйқымен таңды аттырып, батырдың күнді, тәтті бәліш пісіріп қойдым, тұр енді.

Қызы: Жоқ, тұрмаймын ештеңеге зауқым жоқ.

Әже: Жарайды ендеше мен кеттім.

(Қыз ұйықтап жата береді.Осы кезде Көбелек ұшып келеді)

Көбелек: Сүйкімді қыз тұрсайшы!

Қыз: Сіз кімсіз?

Көбелек: Мен Ғажайып көбелекпін.Мен барлығында көріп тұрмын. Сен анаңды, да әжеңді де ренжіттің. Бүгін олардың мерекесі екенін ұмытып кеттің.

Қыз: Енді мен оларды қалай қайтарам, қарнымда ашып кетті, оларды қатты сағынып кеттім. Ғажайып көбелек сіз сыйқыршы болсаңыз оларды сыйқырлап қайтарып беріңіші.

Көбелек: Жоқ. Олай болмайды, сен оларды өз еңбегіңмен қуантуың керек. Сонда ғана өз орнына келеді.

Қыз: Анамды да, әжемді де ренжіттім. Мен енді олары қалай қуантамын?

Көбелек: Сен қарашы айналадағы балалар қандай әдемі, олар аналарын құттықтауға келіп отыр.

Қыз: Балалар маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: Ия, көмектесеміз.

Жүргізуші: Сенен өскен балалар.

Батырлар мен даналар!

Балалар: Құттықтаймыз мейраммен, сүйікті аналар!

Жүргізуші: Анасыз бір жоқ күнің,

Әжесіз бір жоқ күнің,

Сөздің сұлу шоқ гүлін.

Таңдай қағар тамсана,

Тіршіліктің басы- Ана.

Қыздырайық тойды біз,

Тақпақ айтып бәріміз.

Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар,

Қуанамыз,сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Аналарды құттықтап,

Жырдан шашу шашамыз

«Анашым» әнін сыйға тартамыз.

Ән: «Анашым»

Қыз: Менің есіме түсті, көктемде аналар мерекесі болады. Көктемде гүлдер

шығады.

Көбелек: Дұрыс айтасың, көктемде бәйшешек гүл атады.

Жүргізуші: Балаларымыз көңілді.

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп,

«Қуыршақтар» биін билейді.

Би: «Қуыршақтар»

Көбелек: Ерке қыз кел екеуміз аналар мен әжелерге көңіл күй сыйлайық олармен ойын ойнайық. Ойынның аты «Түймедақ гүлі».Мен сіздерге ойынның шартын түсіндірейін. Менің сиқырлы гүлдерімнің күлтешелерінде тапсырмалар жазылған, солтапсырмаларды орындау керек.

Ойын: (Аналармен ойын.Ортаға үш ана шығады.)

Жүргізуші: Рахмет сендерге Көбелек, Ерке қыз сендер аналардың көңілдерін

көтердіңдер. Ал енді ертеңгілігімізді әжелерге арналған тақпақтармен жалғастырайық. Ортаға балаларымызды шақырайық.

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!

Жақсы көрем әжемді,
Ойыншықта әпереді
Бақшаға да әкеледі, .
Жақсы көрем әжемді.

Әжем мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.


Менің әжем нар әжем,

Көп жасаған кәрі әжем.

Ауырғанда мен үшін,

Әр сүйгені дәрі әжем.

Менің әжем гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін мен үшін,

Аман сау бол ақ әжем.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар рахмет.

(Осы кезде ерке қыз бен көбелек ортаға шығады)

Қыз: Ғажайып көбелек менің анам мен әжем келе ме оларды қатты сағынып кеттім.


Көбелек: Мен өзімнің сиқырлы күшіммен сенің анаңмен әжеңді алып келгенмін олар осында. Ақ сүт берген аналарың мен мәпелеген әжелеріңді ешқашан ренжітпеңдер. Ал мен сендер сияқтыбалаларға жөн сілтеп көмектесуім керек мен кеттім, сау болыңдар!

Балалар: Сау бол! Көбелек.

(Әже мен ана ортаға шығады)

Қыз: Мен сіздерді ешқашан ренжітпеймін. Анашым, әжешім.(деп екеуін құшақтайды.)

Ана мен әже: Бізде сені жақсы көреміз.

Қыз: Маған балалар қатты ұнады, олар маған көмектесті, рахмет сендерге балалар.

Ана мен әже: Жүр қызым үйге барайық, әжеңнің пісірген бәліштерін жеп мерекені тойлайық, ал, сау болыңдар, балалар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Біздің балалар бақшада тек қана қазақ тілінде ғана емес орыс тілінде де үйренген, ендеше бідің балалар орыс тілінде тақпақтарын айтып берсін, қабыл алыңыздар.

Тақпақтар орыс тілінде:

Жүргізуші: Балалар, бір дауыс шығады тыңдаңдаршы!? Құстардың даусы ғой. (Осы кезде әуенмен көктем кірері)

Көктем: Сәлем, сәлем балақайлар,

Әзиз әже, назды апайлар

Мол шуақты ала келдім,

Қуаныңдар алақайлап.

Жерге кілем жаба келдім,

Құстар әнән ала келдім.

Жан бітіріп табиғатқа

Әсем әнге сала келдім

Жүргізуші: Сәлеметпе ару көктем,

Сені асыға күттік көптен

Жер анамыз бір бусанды

Күн де нұрын төгіп көптен. Төрлетіңіз, ару көктем! Балаларымыздың сізге арнаған әндері бар, қабыл алыңыз.

Ән. «Көктем келді»

Көктем: Рахмет, балалар, әндерің керемет екен маған ұнады.

Жүргізуші: Жарайсындар балалар.

Көктем: Қыздар менімен би билегілерің келе ме?

Балалар: Ия.

© 2010-2022