Сауат ашу Л дыбысы мен әрпі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:_______________

Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Сауат ашу және жазу

Тақырыбы: Л дыбысы және әрпі

Мақсаты: Л дыбысының сөздердегі орнын анықтап дыбыстық талдау жасап буынға бөлгізу, өтілген дыбыстардың артикулияциялық дыбысталу ерекшеліктерін меңгеру

Көрнекілігі: Күз мезгіліне байланысты суреттер, көркем өлеңдер, сөздік ойындар суреттері, кеспе әріптер

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешілік әрекет


Бала әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?



  • Күз мезгілінің қандай белгілері бар?









  • Күз айларын атаңдаршы?

Сөз дыбыстан құралады. Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады. Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Әріптерді көреміз, жазамыз.


  • Күз мезгілі



  • Күзде күн салқындайды, адамдар жылы киіне бастайды, ағаштар сарғайып, жапырақтар түседі.

Алтын күз

Алтын, алтын сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Қойны толы алтын дән,

Көз тартады атырап.

Дала сары киінген,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға уйілген

Алтын астық - алтын тау,

Қамба толды астыққа

Алғыс саған, алтын күз!

Қыркүйек, Қазан, Қараша

Іздену

ұйымдастырушы

Біз қандай дыбыстармен таныстық ?

А - дыбысы ешқандай кедергісіз дыбысталады.

Т - деп дыбыстап көрелік. Тіліміз таңдайға қарай итеріле қысылып тұрғанын сеземісіңдер!

П - дыбысы еркін шықпайды.

Р - тіл діріл қағып тұрма?

Ғ - тамағымызды қырылдауға мәжбүр етеді.

Л - тіліміз тісіміздің арасында

Та- па- ра- ға- еркін дыбысталып тұр.

А, Т, П, Н, Р, Ғ дыбыстар қатарына Л дыбысы келіп қосылды.

  • Қане бәріміз Л деп айтып көрейікші.

  • Л деп дыбыстағанымызда дыбыс еркін шыға ма?

  • Л дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі.

  • Дыбыстық талдау жасайық;

Сауат ашу және жазу дәптерімен жұмыс.

Аа, Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр









  • Л-л-л-л-л



  • Я, еркін шығады



  • лақ, түлкі, піл

Рефлексивті-коррекциялаушы

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны

Шарты: Л дыбысы бар ойлау

гүл, бал, тал, тіл, білім, ала, бала, алға

Күтілетін нәтиже: Дыбыстарды дыбыс ырғағына қарай тану, сөйлем ішінде Л дыбысын ажырату

Білуге тиісті: Дауысты дауыссыз дыбыстарды ажырату





© 2010-2022