С дыбысы мен әрпі Сауат ашу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САУАТ АШУ ЖӘНЕ ЖАЗУ

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары:

Бөлімдер: Сауат ашу

Тақырыбы: С дыбысы және әрпі

Мақсаты:

Білімділік: С дыбысы және әрпімен таныстыру, С бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Дәптерге С әрпінің жазба түрін жазуды үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, буын туралы түсініктерін жетілдіру.

Тәрбиелік: балаларды ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, практикалық, ойын

Жаңа сөздер: сиыр, сағат, т.б.

Қолданатын көрнекіліктер: ойыншықтар, , текшелер, үлестірмелі суреттер, әліппе-дәптер, Сауат ашу «дидактикалық материалдар».

Әрекеттің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату,

түрткі болу



Ұйымдастыру, ізденіс жүргіз





Ұйымдасту

Ән ұран айту

Өткен сабақты еске түсіру

Дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін, буынға бөлуді, еске түсіру.

«дыбыстар елінде» ойынын ойнату.

-Балалар, мына суреттегі заттарды кім дұрыс атайды?

-Бұл сөздер қандай дыбыстардан басталып тұр?

-Дұрыс, С дыбысынан басталып тұр.

-Ал егер Сәбит, Сәкен, Сабина, Сандуғаш десек ше?

-Дұрыс айтасыңдар. Бұл адам аттары иә?

-Біз бүгін С әрпімен танысамыз.

С әрпін көрсету. С дыбысын тақтаға жазып көрсету.

«Балапан» дәптерінен с әрпін жазба түрін көрсету

-Балалар осы суреттегі балаға С әрпінен басталатын ат қояйық. А, Ш, С әріптерінен сөз құраймыз. Шаш, т.б.

Мысалы, Ма-са сөзінде с әрпі сөздің қай жерінде тұр?

-балалар, мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын

Сыртылдайды күнімен,

Сыртылдайды түнімен.

Білгің келсе уақытты

Көрсетеді тілімен (сағат)

-«Сағат» деген сөздің бірінші дыбысы қандай дыбыс?

-С дыбысы -дауыссыз дыбыс.

«Сағат» сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз.

Сергіту жаттығуы:



Сырға, самаурын, сиыр, садақ

С дыбысынан басталып тұр

С дыбысынан басталып тұр.



Сөздің ортасында.

Сағат

С дыбысы

Балалар сергіту жаттығуын жасайды.

Рефлексия- түзету жұмыстары (коррекция)

Сабақты қорыту

Сұрақ-жауап:

-Балалар біз бүгін қай әріппе таныстық?

-С -қандай дыбыс?

-С дыбысынан байланысты сөздер айтайықшы.

С әрпімен таныстық

С-дауыссыз дыбыс. С әрпіне байланысты сөзлер айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: балалар «С» дыбысынан басталатын сөздерді біледі.

Түсінігі : Балалардың С дыбысы кездесетін сөздер жайлы түсінігі бар.

Орындай алады: суреттер арқылы сөйлем құрауды, С дыбысыңың дауыссыз дыбыс екенін, С дыбысы бар сөздерді буынға бөлуді, дыбыстық талдай жасауды орындай алады.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.





© 2010-2022