Презентация сценария конкурса для девочек Бұрымың сенің әдемі!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бұрымың сенің әдемі!

Мақсаты:

а) Ұлттық салт-дәстүрді қыздардың бойына сіңіру.

ә) Ана тілінде таза сөйлей білу.

б) Инабаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер,буклеттер,шарлар,суреттер...

Барысы:

1-жүргізуші: Ән әуенін теріңдер!

Бәрің бермен келіңдер!

Бұл қызықты сайысты

Тамашалап көріңдер.

2-жүргізуші:Бұл сайыстан қашпайық

Шешуін тауып тастайық.

Әзір болсақ бәріміз

Ал,сайысты бастайық!

1. Армысыздар, жиылған қауым,

2. қадірменді қонақтар!

1. Көктем мейрамы жан біткенді желпінтіп,

2. жас адамды жайнатып,

1. жасамысты жасартар жақсы күн!

2. барлығымыз асыға күтіп,

1.Жылы лебіздермен,ізгі тілектермен қарсы алатын

2. көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған

1.өмірдің сәнін келтірер,

2. сыңғыр күлкісімен барлық жүректі үкілі үмітке бөлер

1.асқақ та, тәкаппар ару қыздарымыздың бойындағы

өнерлерін тамашалауға арналған

2. «Бұрымың сенің әдемі» атты көктем аруы сайысына

Қош келдіңіздер!

1. Дүниедегі ең қымбат адам-Ана,

Өмірде ана- бұлақ, ана- пана,

Тудырған талай көсем,талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

2.Көктем ол қуаныштың ізгі лебі

Қызғалдақ қыздарға арнап үзіледі

Аспанда жақсылықтың атын жазып

Қыздарымыз сапқа шығып тізіледі.

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар

алқасымен танысып алайық.

1. Бірінші ару -ақша маңдай ,

Үлкен-кіші мақтағандай.

2.Екінші ару -көркі қандай

Жақсыларды жақтағандай

3.Үшінші ару- кең пейілді

Дос дегенде көңілі мейірімді

4.Төртінші ару -ақ көңілді

Ренжітпес ешкімді пәк көңілі

5.Бесінші ару- ажары атқан таңдай

Ұқсайды ұжмақтағы хор қызына

6.Алтыншы ару - нәп-нәзік гүл секілді

Жайнайды, жадырайды бүгін міне.

1.Қыз емес, қыздың аты- қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

-дей отырып танысу , сәлем беру рәсіміне шақырайық.

2.Қыз деген ол- әсем гүлдер бақтағы,

Емес олар даланың жай бақ-бағы

Өнерімен өрнектеген өмірді

Ән мен биден бүгін шырақ жаққаны.

-деп қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық.

Қыз ұсынған тағамның

Дәмі кетпес таңдайдан

Міне, осындай арулар

Саусағынан бал тамған.

Сайыскерлер үй тапсырмасын көрсетеді.

Біздің қазақ арулары дараланған сәнімен

Қиыстырып ою салған етегіне мәнімен

Кәне ,сынап көрейікші әділ қазылар алқасы

Осы өнер табыла ма арулардың бәрінен!

Киім үлгісіне кезек береміз.

Ана менің сарқылмайтын бұлағым

Ана менің таусылмайтын жыр-әнім

Ана сенің күлімдеген бейнеңді

Түсімде де жиі көріп тұрамын

Аналарды құттықтау тілектерін арнау.

Қыздарды құттықтау, ұлдарға сөз беру.Әділ қазылар алқасына сөз беру, сайыс жеңімпаздарына орын беру.(лента тағу)

Қорытынды.


© 2010-2022