Жол ережелері мен белгілері

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Жол белгілері мен ережелер"

Мақсаты:оқушыларға жол ережелерін сақтауға үйрету, жол белгілерін көрсету.

Міндеттер:оқушыларға жол ережелердің сақтаудың маңызын көрсету мен түсіндіру.

Көрнекіліктер: суреттер, жол белгілері

Сынып сағаттың барысы:

  1. Әдеби монтажЖол ережелері мен белгілері

  2. Топқа бөлініп, ат қою

  3. Жол ережесі туралы ой толғау

  4. Жұмбақ сайысы

  5. Бағдаршам сөзінен басқа сөз құрстыру

  6. Арнайы сұрақтарға жауап беру

  7. Қорытынды кезең

Мұғалім: Әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлылықпен аспай саспай жүріп тұруға тиіс.

Оқушы: Ұшқалақ бала ұрыншақ,

Ойлылық соны ұғынсақ.

Машина алдын кеспесек,

Майып боп уайым шекпесек...

Мұғалім: Балалар, бағдаршам жарықтарын қалай пайдаланыға болады? Бағдаршам жарықтарына сәйкес тақпақтар айтатын үш қыз бала қызыл, сары, жасыл көйлектер киіп шығады. Сондай ақ қолдарына көйлектерінің түстеріне сәйкес бағдаршам жарықтарын білдіретін қатты қағаздар жасалған қалақша белгілер ұстап тұрады. Ал бағдаршам тұғырының кейпінде киінген қыз бала әдеби монтаж бастайды.

Бағдаршам:Жол ережелері мен белгілері

Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.

Кідірме, абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.

Көшеде ортаға жеткенше,

Әуелі көзің сал сол жаққа,

Балақай, ортадан өткен соң,

Мойның бұр сол жақтан оң жаққа.

Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқсай қал табанда.

Сары жарық: Сары шамы жағылса,

Сақ, абай бол барынша!

Жасыл жарық: Жасыл жарық жол ашық!

Зымырай бер, бел асып.

Бағдаршам: Бейғам кісі бейбақ

Болбыр, бейғам болма.

Бас аяқты ойлап,

Бол ұқыпты жолда.

Үш жарық қосылып: Ирек ирек көшелер,

Көше деген мың ирек

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіпдеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың, бұрын кеп.

Әдеби монтаждан кейін оқушыларды төрт топқа бөліп, топтарға жол белгілеріне байланысты ат қойылады. Сол белгілерге сипаттама беріледі

Топтарды тыңдап, әділ қазылар алқасы бағалайды.

Жол ережелері туралы ой толғау. Жол ережелері туралы не білесіңдер, балалардың ойын білу.

Жұмбақ сайысы үш топ арасында болады, қай топ жол ережелеріне байланысты жұмбақты көп біледі.

Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ тоқта, жүр дейді. (Бағдаршам)

Төрт аяғы домалақ, адамсыз ол жүрмейді (Машина)

Келесі сайысымыз сөз құрастыру. Әр топтан бір бала шығып бағдаршам сөзіне бір минут ішінде сөздер құрастыру. Ең көп құрастырған балаға жоғары балл қойылады.

Сұрақтарға жауап беру кезеңі

  1. Өміріміздің қатерден сақтандыратын көшемізде тұртаны көмекшіміз не?

  2. Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді? (жиек жолмен ғана жүруге тиіс, оң жағымен жүреді, қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады)

  3. Топталып келе жатқан жаяу жүргіншілер жол бойымен қалай жүруі керек? (бір топ жаяу жүргінші тек жиекжолмен немесе келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың сол жақ жиегімен екі қатардан аспай жүру керек. Олар жолды кесіп өтпек болса, екі көшенің немесе жолдың қиылысқан тұсына тоқтау керек)

  4. Автобустан шығып үлгере алмаған жолаушы не істеуге тиіс? (автобус жүргізуші айна арқылы жолаушылардың автобусқа мініп түсу кезеңін бақылап отырады. Егер жолаушы дер кезінде түсуге үлгере алмай, автобус жүре бастағанда түсуге ұмтылыса, есікке қысылып қалады немесе құлап, доңғалақ астына түсуі күнделікті өмірде кездесіп жүрген жайттардың бірі)

  5. Бағдаршам қойылған жол өткелі қауіпті ме, жоқ, бағдаршам қойылмаған жол өткелі қауіпті ме?(әрине, бағдаршам жоқ жол өткелі әлде қайда қауіпті. Себебі жаяу адамдар жолдың екі бағытында келе жатқан көліктің алыс жақындығын, жай немесе жылдам келе жатқанын бірдей байқай алмайды)

Әділ қазылар қорытындыны есептегенде, оқушылар тақпақ айтады.

Ұмытпа жүру тәртбін Тентектігін қоймаған

Ойыншық көрмей сен оны Жаман әдет бәстігіп

Құрметпен қара жарқыным Жол үстінде ойнаған

Қызыл шам жанса от болып Әкелмейді жақсылық

Өтуге жолдың жоқтығы Мейлі автобус, трамвай

Егер ол жанса, көк болып, Жетем деме, қуалап,

Өтесін сонда ұқ мұны.

Жүр есінен шығармай

Жасама іс бір ағат

Қорытынды кезең: Оқушылардың сұрақтары болса, жауап беру, әділ қазылардың қорытындысыны тыңдау, мараппатау кезеңі.


© 2010-2022