Сурет бойынша әңгіме құрастыру

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазығұрт ауданы

Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейі







Ашық сабақ


Тақырыбы: Сурет бойынша әңгіме құрастыру


Сынып жетекшісі: Тоққұлова Ж.

Сыныбы: 0 «В»






2016 жыл




Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастуру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету; сурет бойынша тиянақты жеткізе білуге баулу. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту. Мектепте достарымен, үлкендермен қарым-қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ароматерапия.

Сөздік жұмыс: байтағым, баулып.

Көрнекліктер: суреттер, слайдтар.

Сабақ барысы:

Іс әрекет кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Мотивациялық қозаушылық



Іздену-ұйымдастырушы кезеңі

«Шаттық шеңбері»

-Менің мектебімнің шаңырағы биік болсын!

-Менің балабақшамның іші ойыншықтарға толы болсын!

-Менің мектебімнің іші күлкіге, сәбиге толы болсын!

Дидактикалық ойын: «Кім болам?»

Ойын шарты: балалардың ішінен «тілші» сайланады. Тілші болып сайланған бала басқа балаларға «Болашақта кім боласың?» деген сұрақты қойып, олардан сұхбат алады. Балалардың қалауы бойынша «тілші» рөлі ауысып отырады.

Тыныштық сәті:

Көздерін жұмып, өз алдарына балабақшаны, ойын алаңын елестетеді. Аулада өсіп тұрған гүлдердің «иісін иіскейді»

Дәптердің 4-5 беттердегі суреттер бойынша әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: ойын бөлмесі, тәрбиеші, ойыншықтар, ойын алаңы, құм, сырғанау, әткеншек, шелек.

Н.Әлімқұловтың

«Балабақшам-байлығым» атты өлеңін оқыту. Өлеңнің мазмұнына сәйкес суреттер, слайд көрсету.

Сергіту сәті:

Бала-бала баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз.

Үйренеміз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Тақпақ айтып, ән де айтып, би де билеп береміз.

Дәптермен жұмыс.

Тәрбиеші үзік сызықтарды қалай қосып сызу керектігін және штрихтауды тақтада көрсетеді.

-Балалар сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер?

Сабақты қорытындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.

Балалар шаттық шеңберінде қолдарына түрлі-түсті таспаларды алып, өз мектебіне деген ізгі тілектерін айтады сезімін сыйлайды.

Тілші болып сайланған бала басқа балаларға «Болашақта кім боласың?» деген сұрақты қойып, олардан сұхбат алады.

Балалар көздерін жұмады, терең тыныстап дем алады., денелерін бос ұстап, еркін отырады. Көздерін ашып, алған әсерлерін баяндайды.

Тіреу сөздерді қолдана отырып, суреттер бойынша әңгіме құрастырады.


Балалар қимылмен көрсетеді.

Балалар үзік сызықтарды қосып сызады және штрихтайды.





Балалар өз ойларын айтады. Сұрақтарға жауап береді. Бірін-бірі бағалау.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: сурет юойынша ойын тиянақты жеткізе білуге үйренді.

Игеруі: сурет бойыанша әңгіме құрастыруды игерді.

Меңгеруі: Сұрақтарға толық жауап беруді меңгерді.


© 2010-2022