Педагог шеберлігі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Педагог шеберлігі»

Мақсаты:Педагогтардың өзін-өзі бағалауын,тұлғалық ерекшеліктерін,

уақытты үнемдеу шеберліктерін аңықтау.Қөңіл-күйде көтеру жаттығулары арқылы адам бойындағы энергияны дұрыс пайдалана білуге,ұжымдық қарым-қатынасты нығайта түсуге,әріптестік ортада демалуға мүмкіндік туғызу.Жұмыс күнінен кейінгі ауырлықты басатын,жетістікке жетуге жол ашатын әдіс-тәсілдер мен психологиялық кеңестер ұсыну.

Тренинг барысы:

Шаттық шенбер: «Таныс болайық».

Қатысушылар шеңбер құрып отырады.

-Сәлеметсіздер ме,құрметті әріптестер.Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.Біз сіздермен бүгінгі тренингті сәлемдесумен,танысумен бастамақпыз.

Танысу ережелері: Қатысушыларға кішкентай көлемде ақ қағаздар таратылады.Осы ақ қағаздың бір жағына әркім өзінің шынайы есімін,ал екінші жағына «қиялы» есімін жазып,оны кеудесіне бекітіп қояды.Қатысушылар бір-бірімен жылы жүзбен амандасады және өзінің бүгінгі өзіне қойған есімін айтып таныстырады.Өзін таныстыру барысында өзіне және өзінің «қиялы»есіміне ортақ бір қасиетті айтып өтеді.

Сахналау:Қатысушылар екі топқа бөлініп,екі шеңбер құрады.Әр топқа алдын ала әзірленген өлең шумақтары жазылып салынған қалташалар ұсынылады.Өлеңнің әр жолы жеке-жеке кесілген түрде болуы тиіс.Қалташаны алған топ мүшелері өленді құрастыра отырып,әнімен айтып береді.Өлең шумағының бірінші жолын алған қатысушы осы жолда ғана әнімен айтады.Екінші жолын алған қатысушы әннің бірінші және екінші жолдарын айтып береді.Үшінші қатысушы әннің бірінші,екінші және үшінші жолдарын айтып береді.Ойын осылай соңғы қатысушыға дейін жалғасады.Соңынан осы әннің атауын,авторын кім екендігін айтуы керек.

Назар аударыңыз. «Жетістікке жетер жол». Психолог тәрбиешілерден алдын ала алынған ағылшын зерттеушісі Алан Лакейннің «Уақытты үнемдеу шеберлігі»тестінің нәтижелерімен таныстырып өтеді.

«Уақытты тиімді пайдалану-жетістікке жетуге жол ашады!»Алан Лакейннің психологиялық кеңестер ұсынады.

Жүректен жүрекке. «Күн шуағы».

Психолог күннің суретін(ортасын)тақтаға іледі де сәулелерін қатысушыларға таратып береді.

-Құрметті әріптестер!

Әрбір жанның аңсаған армандары,көздеген мақсаттары бар екедігі анық.Біз әрбір күннен не күтеміз?Әр күніміз несімен ерекше?Бүгінгі өтіп бара жатқан күннен өзіме не алдым? Ертеңгі атар таңымнан,келер күнімнен не күтемін?

Келер күнге жақсы тілектеріңізді,үміт еткен армандарыңызды қолдарыңыздағы күн сәулесіне жазып,алдарыңызда ілініп тұрған күннің айналасына бекітіңіздер.

Қатысушылар күн сәулесіне өз тілектерін жазып,әріптестеріне де осы тілегін арнап күнге апарып бекітеді.

© 2010-2022