Методическая разработка «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ТӘРБИЕЛЕУ»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ТӘРБИЕЛЕУ

Думанбаева Жадыра

«Балдаурен» балабақшасының тәрбиешісі

Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті

87772889914

Балаларды өзінің мәдениетін білу, тану, үйрену туралы көп жазылған, өйткені ата-ғұрып дәстүрі арқылы балалардың бойында туған жеріне деген құрмет, мақтаныш тәрбиеленеді. Сондықтан да, ата салт-дәстүрді үйрету, үйрену өте маңызды. Тек қана өз елінің ата дәстүрін білген адам, басқа ұлт өкілдердің салт-дәстүріне құрметпен қарамақ.

Міне сондықтан, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың бойында моральдық-патриоттық тәрбие маңызды міндеттердің біріне айналған.

Қазіргі таңда, осы бір сұраққа көп көңіл бөлінеді. Әр-түрлі методикалық әдебиеттер жазылып, басылуда. Алайда, олардың барлығында дерлік моральдық-патриоттық тәрбиенің тек қана бөлек бір бөлігіне ғана мән беріліп, белгілі бір іс-әрекет барысындаға патриоттық тәрбиеге ғана көңіл аударылады. Бұлардың ішінде патриоттық тәрбиені бір жүйеге келтірмейді. Ал,патриоттық сезім бұл құрылысы жағынан көп салалы. Бұған-туған жерге деген махаббаты, елін үшін мақтанышын, қоршаған ортамен байланысын, туған елінің байлығын көбейтуге деген ынта жатады.

Методическая разработка «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ТӘРБИЕЛЕУ»Методическая разработка «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ТӘРБИЕЛЕУ»Методическая разработка «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ТӘРБИЕЛЕУ»Методическая разработка «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ТӘРБИЕЛЕУ»Методическая разработка «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ТӘРБИЕЛЕУ»Методическая разработка «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ТӘРБИЕЛЕУ»Методическая разработка «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ТӘРБИЕЛЕУ»Методическая разработка «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ТӘРБИЕЛЕУ»Методическая разработка «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ТӘРБИЕЛЕУ»Методическая разработка «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ТӘРБИЕЛЕУ»Методическая разработка «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ТӘРБИЕЛЕУ»



Жоғарыда аталған міндетті орындау үшін, келесі жұмыстарды атқару қажет:

-балалардың бойында өзінің отбасына, үйіне, балабақшаға, көшеге, қалаға махаббатын тәрбиелеу;

-қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды тәрбиелеу;

-еңбекке деген құрметті тәрбиелеу;

-Қазақтың салт-дәстүріне қызығушылығын жетілдіру;

-адам құқығы жайлы негізгі түсініктерді беру;

-Қазақстанның қалалары жайлы білімдерін дамыту;

-мемлекетің рәміздерін таныстыру;

-елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ояту;

-басқа елдердің сал-дәстүрін қадірлеуді үйрету.

Осы аталған жұмыстар барлық іс-әрекеттерде орындалады: оқу барысында,еңбекте, күнделікті тұрмыста-өйткені балалардың бойында тек қана патриоттық сезімді ғана тәрбиелеп қоймай, үлкендерге және ересектерге қарым-қатынастарын да тәрбиелейді.

Моральдық-патриоттық сезімді тәрбиелеу-бұл өте күрделі процесс. Бұның негізінде моральдық сезім жатыр.

Туған жерді сүю...Бұл сезім баланың бойында отбасына, отбасы мүшелеріне: анасына, әжесіне, әкесіне, атасына-ең жақын деген отбасы мүшелеріне қарым-қатынасынан басталады. Бұл әр баланы қоршаған ортамен, туған өлкемен байланыстыратын тамырлары.

Әр елдің өзінің халық ауыз әдебиеті, ертегілері бар.Олар атадан балаға беріліп отырады, және де сол ертегілердің негізінде жатқан моральдық құндылықтары да бірге берілмек: бауырмашылдық, достық, еңбекқорлық, өзара көмек. Халық ауыз әдебиеті- туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін, мақтанышын тәрбиелейтін бай рухани материал.

Халық ауыз әдебиеті туған елінің салт-дәстүріне деген махаббатын ғана емес, баланың бойында патриоттық сезімді де тәрбиелейді.

Балалардың бойында туған өлкесіне қызығушылық қоршаған ортаны танудан басталмақ. Бала біртіндеп өзінің көшесімен, балабақшасымен, қаласымен, елімен, астанасымен, рәміздерімен танысады.

Педагог балалардың бойында патриоттық сезімді дұрыс тәрбиелеу үшін, ол балалардың бойындағы туған өлкесі туралы ең жарық, нақты, қызықтыратын ғана эпизодтарды тере отыра, қолдану қажет және өзі де туған жер туралы көп білу керек.

Кез-келген аймақ, аудан, тіпті ең кішкентай ауыл болсын қайталанбас қой.

Педагог нақты материалдарды теріп, таныстыру жүргізгенде туған өлке туралы тек қажет мәлімет береді.

Балалар туған өлкесі туралы қандай мәліметтерді меңгереді?

-Төрт жастағы бала өзінің көшесін білу керек.

-Ересек балалардың көңілін жақын аймақтағы мектептерге, кинотеатрларға, поштаға, дәріханаға аудару қажет, олардың қажеттілігі мен рөлін, қолданыс аясын түсіндіру.

-Бұдан ересектеу балаларға - қаланы толығымен таныстыру керек.

Балаларға патриоттық тәрбие беру кезінде үлкен рөлді үлкендердің үлгісі ойнайды, соның ішінде жақын адамдар-туысқандар. Нақты дәлелдермен балаларға үлкендердің үлгісін таныстыру, мысалы-Ұлы Отан соғысына қатысқан аталары мен апалары. Балаларда түсінігінде жеңіске жету бұл тек қана Отанға деген сүйіспеншілік пен махаббаттың арқасында екенін жеткізу қажет. Аталар мен апалар басқа отандастарының бақыты үшін шайқасқанын жеткізу керек.

Осы жұмыстардың жалғасы ретінде туған жердің басқа да қалаларымен, астанасымен, рәміздерімен таныстыру керек.

Туған жерінің азаматы,патриоты болу- бұл өз туған жерін мақан тұтумен қатар, басқа елді де танып, біліп, оларды құрмет ету.

Қорытындылай келе, әр педагог патриоттық тәрбие беру барысында, балалрдың жас ерекшелігін, қызығушылығын ескеру керек.

Патриоттық тәрбие беру өте маңызды мәселелердің бірі, оны дұрыс орындау үшін, көп еңбек қажет. Балалардың бойында осы қасиеттерді дамыта келе, біз сенімді болашақты құрғанымыз. Өз отанының патриоты болған бала келешекте нағыз ұлт жанашыры, тәрбиелі азаматы болады.





© 2010-2022