Баяндама. Тақырыбы: «Отбасы мен балабақшаның бірлігі»

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Насипбаева Аяжан Еркінқызы

Баяндама. Тақырыбы: «Отбасы мен балабақшаның бірлігі»


Қазақтың отбасы, көбінесе көп балалы болып келеді. Осыған байланысты болса керек, біздің халқымызда «балалы үй - базар» деген ұлағатты сөз де бар.

Көп балалы, барынша тату баратын отбасының ересек ұл-қыздары өзінен кейінгілерді тәрбиелеуде жауапкершілігін сезінеді. Мұндай отбасының балалары еңбекшіл, әр түрлі жұмыстарды атқарады. Солардың ішінде көп тарағаны - балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуі мен шаруашылық тұрмыстық жұмыстар. Өз еркімен жүріп, еңбек етуге дағдыланған отбасының естияр, ересек балалары жасы кішілерін күтеді, оларға көмектеседі. Үлкендеріне еліктей отырып, мектепке дейінгілердің кіші жастағылары да кейбір жұмыстарды өз бетімен атқарады (өздері киінеді, тамақтанғаннан кейін босаған ыдыстарды жинайды т.с.с.). Отбасының жас балалары бір-біріне көмектесуге, жауапкершілікті сезінуге үйренеді.

Алайда отбасы тәрбиесінде кейбір көңіл аударарлық мәселелер де жоқ емес. Мысалы, бір отбасының балалары балабақшаның әр түрлі топтарында тәрбиеленеді. Мұның өзі бірге туған балаларды бір-бірінен алыстата, айыра түсетін тәрізді. Күнбе-күн бір-біріне жасап жүрген қамқорлығынан айырылғандай болады. Сөйтіп, балабақша жағдайында бір үйдің балалары арасындағы қажет болатын байланыс, қарым-қатынас жоғалғандай сипат алады.

Бақылау көрсетіп жүргеніндей, кейбір отбасылардың балалары тарапынан бірін-бірі жек көруге дейін барушылық, әділетсіздік бой көрсетіп қалады. Ата-аналардың өздері: «Ерлан қарындасына ойыншығын бергісі келмейді, өзімен қарайлас балалармен ойнағанды қалайды», болмаса «Балаларымыз кейде қағысып қалады, бірін-бірі жылатып қояды» дегенді айтып жүреді. Осы сияқты басқа қақтығыстар мен келіспеушіліктерді болдырмаудың жолдары мен әдістері қандай?

Атырау облысындағы Еркінқала ауылындағы «Арай» балабақшасында тәрбиеленуші туысқан балаларды біз бақылап көрдік. Екінші сәбилер тобы ересектер топтарының балалары арасында «Жаңбыр жауып тұр» деген тақырыпта ұжымдық сурет сабағын ұйымдастырдық. Біздің бақылауымыз мынаны аңғартты: ересек балалар өздерінің іні-қарындастарына қамқорлық жасап, көмек көрсетуге ұмтылып отырады, талаптанады екен. Үлкендері кішілеріне суреттерді дұрыс салуды үйретіп, қарындаштарын беріп жатқанын көрдік. Алайда мұндай адамгершілік сезімін мектеп жасындағы бүлдіршіндердің барлығы бірдей білдіріп жатпайтынын аңғарасыз. Мысалы, осы топтардағы туыстас он төрт баланың бесеуі іні-қарындастарына қамқорлық жасап, оларға көңіл бөлуді бөлмеді. Олардың тарапынан өзінен кішілеріне ескерту жасау, дөрекілік көрсету, тіпті бөпелерін жазалау сияқты әрекеттер де кездесті. Ал кіші жастағы мектепке дейінгілер керісінше, үлкендеріне құлақ қоймай, тапсырманы өз беттерімен орындауға кірісіп, өзінің үлкенаға-апаларының көмегінен бас тартудың ретін білдіріп жататынын аңғартты. Мұның өзі жас өспірімдердің бәрі бірдей үнемі дерлік бірігіп іс-әрекет жасауға жұмылдырмайтынын көрсетеді. Ата-аналар болса бұған араласпайды, балалар көбіне өз беттерімен жүреді. Ауылдық жердің балабақшасында әр түрлі жастағы туыстас балаларды бір топқа біріктіріп, олармен тәрбие жұмысын жүргізуге жағдай бар. Мұндай топтарда қызғылықты ойындар, дәрістер, басқа да уақытты қызықты өткізетін шаралар ұйымдастыруға болар еді. Ата-аналар мен аға ұрпақ әр түрлі шараларға қатысып, балабақшаның тәрбиеленушілері сан алуан жұмыстарға әрдайым қатысып отырса, дұрыс болар еді.

Біз қазақтың ұлттық мүлік-заттарын, халықтың негізгі мекені болып саналатын киіз үйді пайдалана отырып, «Отбасы» тақырыбына сюжетті-ролдік ойын өткіздік. Онда ересек балалардың өзінен кішілерге қамқорлық жасауына, көмектесуіне назар аудардық, кішкентай бөбектерді пайдалы істерге ынталандыру тәрбиесіне көңіл бөлдік.

Бірге туған балаларды «бесік тойы», «шілдхана», «тұсау кесу» сияқты қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптарымен таныстыру барысында өткізген сабақ өте қызықты да тартымды болды. Ұлттық дәстүрдің үлгілерін толықтай сақтап, балаларды қызықтырып отыру жағы ойластырылды.

Сондай-ақ халқымыздың өзінің болашақ ұрпағына ерекше қамқорлық жасайтындығы баса көрсетілді. Бейнелеу өнеріне арналған сабақта балалар өз отбасы мен туысқандары туралы ойындағыларын қағаз бетіне түсірді, сурет арқылы білдірді. Балалар бесік жырын, тұсау кесу туралы әнді үйреніп, өлеңдер жаттады. Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала», М.Дүйсеновтың «кішкентай Алмаш» деген әңгімелерін тыңдады, ұлттық «соқыр теке», «саусақ санау», «қол тұзақ» ойындарын, асық ойнауды үйренді.

Осындай «бірлестіктер» бала топтарының өздері үшін де пайдалы. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар кішкентайларымен қарым-қатынаста болудың тәжірибесін алып, өзара көмеккке келудің, қамқор болудың дағдысына үйреніп, өз қатарына да татулық, достық, қайырымдылық, сыйластық көрсетіп отырады. Балалар өз бетімен ойын үстінде қақтығыспайтын болады, ойыншықтарымен бөліседі, ойында атқаратын рөлдеріне келіседі, күнделікті өмірде қамқорлық жасайды, сезімталдық танытады.


© 2010-2022