Ойнайық та, ойлайық ойын оқу іс-әрекеті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ойнайық та, ойлайық ойын оқу іс-әрекетіОйнайық та, ойлайық ойын оқу іс-әрекетіОйнайық та, ойлайық!
Сыныптан тыс сабақ.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық!
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең - есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын ,сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, интерактивті тақта, тест, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер бүгін «Ойнайық та, ойлайық!» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!.
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға, бір ұпайдан қосылып отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Зерек бала» номинациясына ие болады.
2. Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
«Ақ көгершін» тобы, «Жас ұлан» тобы
Топты таныстыру
Сайыстың кезеңдері:
І тур - Әзіл есептер
ІІ тур - ребустар
ІІІ тур - «Керісінше айт» ойыны
ІV тур - Математикалық жұмбақтар
V тур - «Кім тапқыр» ойыны
І тур
Әзіл есептер
"Ақ көгершін" тобына
Ұлпа жүнін қыздырып,
Күн шуақта бір күшік
Отыр еді маңына
Келді тағы бір күшік.
Нешеу болды, сен сана?

«Жас ұлан» тобына
Алаңқайда бес марғау ойнап жүр?
Олардың екеуі қашып кетті
Сонда алаңқайда неше марғау қалды?

"Ақ көгершін" тобына
Әуежайда екі ұшақ тұр. Олардың біреуі ұшып кетті. Әуежайда неше ұшақ қалды?
«Жас ұлан» тобына
Алаңқайда үш қоян ойнап жүр. Олардың біреуі ініне кіріп кетті. Алаңқайда неше қоян қалды?
ІІ тур
Кел, балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық!
Қандай сұрақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.

РЕБУСТАР шешу

ІІІ тур
Тіл дамыту
«Керісінше айт» ойыны
Жұмсақ-
Қиын -
Күшті -
Жылы-
Төмен-
Алыс -
Жүру-
Кәрі-
ІV тур - Математикалық жұмбақтар
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар
Иегінде сақалы бар

Бір көзі «жүр»- дейді,
Бір көзі «тұр»- дейді
Бір көзі «күт»-дейді

Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.

Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)
Қарнында бір көлдің балығы бар,
Немесе жандының алыбы бар. (Кит)
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп. (Қалам)
Екі ағайынды екеуі де бір үйде,
Бірін - бірі көрмейді. (Көз)
V тур - «Кім тапқыр» ойыны
Әр топтан бір бала шығып, сиқырлы сандықтан сұрақ алып оған жауап берулері қажет.
Қорытынды.
Қымбатты балалар! Міне сайысымыз да өз мәресіне жетті. Енді әр топтың жинаған ұпайларын санап шығамыз. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңімпаз атанады. Топтарды құттықтау, мадақтау.







© 2010-2022