Менің үйімдегі бөлме гүлі (Экология)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

№ 6 технологиялық картасы

Тақырыбы: «Менің жанұям»


Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Экология негіздері

Тақырыбы:

«Менің үйімдегі бөлме гүлі»

Мақсаты:

Бөлме гүлдерімен және оны күту ережелерімен таныстыру, бөлме гүлі -қазотымен таныстыру, есте сақтауын, қиялын, ойлау қабілетін дамыту.

Міндеті:

гүлдерді күтіп, баптауға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Қуыршақ қыз бала, су құйғыш, қазоты гүлі, табиғат бұрышындағы бала еңбегіне қажет заттар

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Мотивациалық-қозғаушы

қолында су кұйғышы бар Дильназ қыз қонаққа келеді,.

Балалармен амандасып, менің бөлмеме апам әдемі гүл әперді, оған су әдемі болып өсу үшін күткім келеді, бірақ қалай күту керегін білмеймін деп айтады

Дильназ, бөлме гүлін күтуге тырысқаның жақсы, бірақта бір гүлді емес, барлық гүлдерді күту қажет.

-Ал сен гүлдің атын білесін бе ?

-Мен ол бөлме гүлдінің атын білмеймін.

Олай болса, балалар, біз Дильназды бөлме гүлімен таныстырайық. Карточкаларды алып, екі топқа бөлінеміз. І топ-құмыра таңдаған баллар - өнер орталығында гүлдің құмырасын әшкелейді , ІІ топ - гүл таңдаған баллар -табиғат бұрышына барып- Дильназды бөлме гүлімен таныстырады

Балалар назарын қуыршаққа аударады.

Сәлемдеседі, қуыршақты тыңдайды.

Балалар қуыршақты гүлмен таныстыруға келіседі

Балалар карточкаларды алып екі топқа бөлінеді.

Ұйымдастыру- іздестіру






Сергіту сәті


Бөлме гүлімен танысып, әңгімелеседі

Балалар мына өсімдік қызыл гүлдерімен - қазоты деп аталады

«Бөлме гүлде не бар?»

Бөлме гүлде тамырдары көрінбейді, себебі топырақтың астында болады, өсімдіктердің су ішүіне көмектеседі

-Жапырағына қараңдаршы, оның түсі қандай?

-ал қандай пішінге ұқсайды?

-Ал гүлдерінің түсі қандай?

-Ол гүлді иісінен тануға болады ма, жанына барсан иісін сезінесің.

-Кім гүлді иіскейді?

- Сабағын кім көрсетеді?

- Жапырағын кім көрсетеді?

-Гүлді кім көрсетеді?

Саусақ ойыны «Гүл»

« Міне, гүлдің бүршіктері,

Ашылады әдемі»

Күту тәртібін үйренейік:

-Біз алжапқыштарды киіп алайық

-Біз гүлдің қасына келіп күлімсірейміз, қандай көмек керек екенін қараймыз.

-Мына құмырадағы топырақ ылғалды, ендеше ол өсімдік, су ішкісі келмейді, көп су кұйсақ тамыры бүлінеді.

Ал мына құмыраны қарайық, топырағы кұрғақ, ал оған су құймасақ ол кеуіп қалады

Гүлдердің тамыры дем алып тұруы үшін топрағын қопсытамыз. Міне жапырақтары шаң, оны дымқыл сүлгімен сүртіп, су шашамыз.Таза жапырақтары жақсы дем алады,

Қуыршақ Дильназ: « Мен мына көп гүлдің арасында қазоты (герань) гүлін іздеп таба алмадым? Мынау ме?

«Енді мен көп білетін болдым, түсіндім бөлме гүлдеріне су қүйу үшін , бірінші саусақпен топырақты тексеру керек- дымқыл ме, әлде кеуіп қалған бе.

-Бөлме гүлдерін жұлуға бола ма?

Дыбыстық жаттығу:

Ыз-ыз-ыз- гүлдермен доспыз,

ыш-ыш-ыш - мен әкелдім су құйғыш

үл-үл-үл- құмырада өсті гүл,

ыз-ыз-ыз-гүлді жұлмаймыз

Мақал -мәтел:

Бөлме гүлдері -бөлмеге көрік береді, ауаны тазартады

Балалар, бөлме гүлін мұқият қарайды. Суреттегі бейнеленгендердің не екенін айтады. Бөлме гүлде тамыры, сабағын жапырағы, гүлі бар

Жапырағы жасыл

Дөңгелек пішінге ұқсайды

Гүлдері қызыл

Бірнеше бала өз қалауымен, гүлді иіскейді.

Балалар, қуыршаққа сабағын, жапырағын, гүлін көрсетеді, түстерін атайды.

-Балалар қолдарын көтеріп, саусақтарын біріктіріп, жабылып тұрған гүлдердің бүршіктерін келтіреді.

Жайлап саусақтарын ашып, алақандарын жайып «гүлдің ашылғанын» көрсетеді

Балалар алжапқышты киіп, қуанып, қызықтап, күліп бөлме гүліне қарайды

-Саусағымызбен топырағын қарайды.

-су құйғышты ұстап, жоғары көтермей, байқап құйады

Бір бала таяқшамен қопсытады

Балалар бөлме гүлдердің жапырағына карайды, бірнеше бала дымқыл сүлгімен жапырақтарын сүртеді, басқалары су себеді.

-Жоқ, біздің гүлдің жапырақтары дөңгеленген, әдемі қызыл гүлдері бар, иісі бар, міне иіскеп көр

Сұраққа жауап береді.

«Бөлме гүлдерін жұлмау керек екенін білеміз»

Дыбыстарын дұрыс, анық айтады

Мақалды тыңдайды .

Мақалдың мағынасын талдайды, дәйектемелер келтіреді.

Рефлексивті-түзетуші

Дильназ алғысын білдіріп өз үйіндегі гүлдерді күтуге асығып кетіп қалады. Венн диаграммасы арқылы бөлме гүлдерін өсімдіктермен салыстыра отырып іс -әрекетін талдап қорытындылау

Айырмашылықтары мен ерекшеліктеірін байланыстырып айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Балалар бөлме гүлі қазотыны танып айыра білу керек

Нені игереді:

Гүлдердің сұлулығын және оның күтіміне қажет заттарды игереді.

Нені біледі:

Бөлме гүлдерін күтіп- баптауға үйреніп біледі.



© 2010-2022