Урок по теме: Қиял (3-курс)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні/ Дата/ Date:

Топ/ Группа/ Group:

Пән/ Предмет/ Subject: Психология

Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Қиял

Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: практикалық

Сабақтың түрі/Вид занятия/ Kind of the lesson: дәстүрлі

Мақсаты/ Цели занятия/ Objectives :

білімдік / образовательная/ educational: Оқушыларға қиял туралы,оны дамыту туралы білім беру.олардың ерекшелігін айтып түсіндіру;

дамытушылық/ развивающая/ developing: Оқушылардың қызығушылықтарын ойын әрекеті арқылы арттыру мен дамыту

тәрбиелік/ воспитательная / bringing-up: Оқушылардың жауапкершілік және толеранттық сезмдерін тәрбиелеу

Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Resources: бас миының суреттері

Сабақтың барысы/ План занятия/ Plan:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Мақсатқа жету

  3. Талдау сұрақтары

  4. Ойынға талдау

  5. Материалды бекіту.

  6. Үй тапсырмасы

  7. Қорытынды жасау.

Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру бөлімі. Үш тілде амандасу. Сәламатсыздар ма?Здравствуйте,Good morning. Бірыңғай талап бойынша студенттерді тексеру, сыртқы пішініне назар аудару, кімнің жоғын ескеру.

Психогимнастиканы үш тілде жүргізу.

Оқушылардың көңіл күйін көтеру мақсатында шеңберге тұрғызып психологиялық сәт жасау.

Армысың,қайырымды аспан-ата!

Армысың,мейірімді,Жер-ана!

Армысың,шұғылалы Алтын-күнім!




2. Тақырыбы: Қиял

Жоспар:

  1. Қиял дамыту жолдары (ойын)

  2. Диагностикаларын қарастыру (5 әдістемеден кем болмау қажет)

  3. Талдау,салыстыру

3.Талдау сұрақтары ұсынылады. сұрақты студенттер өздері дайындайды.

Тапсырмаларды шешу.

Өткен тақырыптарды еске алу:

Қиялды дамытуға арналған ойындар

Менің көңіл-күйім қандай

Балалар өз көңіл-күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып атайды (көңілді - көңілсіз, ренжулі, қорқынышты, ...т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.

Жаңа ертегі

Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.

Сиқырлы дөңгелектер

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұртын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.

Қиял жалғасы

Мұғалім ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларын толық сурет салып береді екен деп өз алдарындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды

4.Ойынға талдау.

Ойлау мен қиялды дамытуға арналған тренингтер

«Болады, болмайды» тренингісі

Тренинг мақсаты: бала қиялын дамытуға арналған.

Тренинг барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса онда аяқпен топылдатады.

Мысалы: Қасқыр орманда кезіп жүреді-алақандарын шапалақтайды; қасқыр ағаш басында отыр-аяқтарын топылдатады; кастрюлде кесе қайнап жатыр-аяқтарын топылдатады; мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр-алақан соғады; ит аспанда жүзіп келеді- аяқтарын топылдатады; қыз үйдің суретін салып отыр-қолдарын шапалақтайды.

5.меңгерулерін тексеру

Рефлексия:

Не білдім?

Нені білгім келеді?




Оқушыларды бағалау

Үй тапсырмасы. Баланың қиялын дамытуға арналған ойындар тізімін жасау,бір ойынды дәптерге жазып,ойнау әдісін көрсету.


Әдебиет/ Литература/ Literature:

I Сәбет Бап-Баба. Жантану негіздері. Алматы., 2007ж

II Сәбет Бап-Баба. Психология негіздері. Оқу-анықтамалық қолтаңба. Алматы., 2007ж

III К.С. Жумасова. Психология. Астана., 2006ж

IV Л.Д. Столеренко. Основы психологии. Ростов - на -Дону., 2003ж

V Р.С.Немов. Психология. М-2003


















© 2010-2022