Даярлық тобы: Әжелер сайысы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Балаларды халқымыздың ізгі қасиеттері -инабаттылық,

ісмерлік ,адамгершілікке тәрбиелеу.

.Тәрбиелік мәні бар -қазақтың салт-дәстүрін

құрметтеуге,бала мен әже арасындағы

татулықты сақтауға тәрбиелеу. Әже мейірімі мен ертегісін

бойына сіңіріп өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың тәсілі: түсіндіру, көрсету, Әже тәрбиес,тыңдау

Көрнекіліктер: қанатты сөздер «Әжелер аман болсын!»

«Салт-дәстүр - сарқылмас байлығымыз» «Қой жылы құтты болғай» «Әже мейірімі-сарқылмас байлық».

Cабақтың барысы:

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, тәрбиешілер мен балдырғандар!

Бүгін біздің топта, «Әжелер сайысы» өткелі отыр.

Диана: Сайысқа қатысушы әжелерімізге сәт сапар тілейміз!

Тәрбиеші:

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы.

Тәрбие көзі қалдырған,

Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын.

Диана:

Қазақ атты үлкен-кіші балдырған,

Жиналыппыз сәтті күні басымыз,

Үлкен-кіші жасымыз бен кәріміз.

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар!

Хормен:

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге-қоныңыз.

Диана: Әжелерімізді сахна төріне шақырамыз!

Тәрбиеші:Құралбаев Нұржанның әжесі-Айша әже

Диана:Ақылбай Қуанышбектің әжесі-

Тәрбиеші:Елжанов Ерланның әжесі-Қаным апай

Халқымызға билік айтқан аналар,

Даналардың өзі анадан жаралған

Немере үшін жүрегіңнің бір бөлшегі

Балаға ең жақыны сіз ғой ана

Хормен

Сізден асқан адам бар ма жалғанда

Әз әжелер ғұмырларың талмасын,

Толтырыңдар әрбір үйдің қазынасын

Дәл бүгін әз әжелер сыналады

Сан сұрақтан сақтарыңыз сынбасын.

Сайысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасын тағайындау.

1. Мектеп әдіскері Ізтілеуова Ақыл

2. МДҰ жетекшісі: Қуатбаева Айгүл

3. Ағылшын пәні мұғалімі Саматқызы Жұпар

Сайыс кезеңдері

1,Ата тегім мақтанышым

2,Мақал сөздің мәйегі ( 5- 6 мақал жаттау , қарсыласымен мақал айтып жарысу)

3.Ұлттық тағам әкелу. ( оның жасалу жолын , денсаулыққа пайдасы туралы айту)

4. «Ата-дәстүрің - асыл қазынаң»

5.Өз өнерін көрсету

6.Ертегі айтып беремін немереме

1-кезең:

Тәрбиеші: Көрейік ата-әжені жарыстырып,

Жыр ұшқындап тұр ғой-әне -жүздерінен.

Әрбір жұп көрсін өзі таныстырып !

Сайысымыздың бірінші кезеңі таныстыру

Диана.1-кезеңнің бағасын сұраймыз?

2-кезең:»Мақал сөздің мәйегі десек»»Жалғасын тап»кезеңіне өтеміз.

1. Отан үшін отқа түс-күймейсін.

2. Ырыс алды-ынтымақ.

3. Бірлік болмай, тірлік болмас.

4. Кішіпейілділік-кішілік емес.

5. Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.

6. Айдағанын бес ешкі,

Ысқырығың жер жарады.

7. Талапты ерге нұр жауар.

8. Аяз, әліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл.

9. Ақылды қария- ағып жатқан дария.

3-кезең

«Ас иесімен тәтті» атты келесі кезекті ас мәзіріне беереміз.Үйден даярлап әкелген қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстырып,жасалу жолдарын айтыпберу.

4-кезең

. «Ата мұрасы - асыл қазынаң» салт-дәстүрден көрініс көрсету.

(бесікке салу, қыз ұзату,тұсау кесу)

5-кезең

Диана: Өнерлінің өнерін,

Тағыда байқап көрелік

Жүйрік аттай желейік.

Келесі кезегіміз өз өнерін көрсету.

Тәрбиеші:Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай

Келесі кезекті әнге береміз

6-кезең.»Ертегі айту»

Диана:Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Мені жақсы көреді

Күндей күліп жүреді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

Сайыскеғрлерді марапаттау

Тәрбиеші: Жеңістермен жеңілістен тұратын,

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжемегін,

Қатысуда бір жеңіс, жан болыңдар соны ұғатын.

«Қош» дейміз әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.

Көрерменім көбейсін күнене күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштан да.

Біздің сайысымыз осымен өз мәресін ежетті.

Диана:Сау саламатта болыңыздар!!!


Қарсы алыңыздар Нұржанның әжесі

Қасы алыңыздар Қуанышбектің әжесі

Қарсы алыңыздар Ерланның әжесі

© 2010-2022