Р р дыбыс және әрпі мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу әрекетінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлім: Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы: Р р дыбыс және әрпі.

Мақсаты: Балалардың Р р дыбысы мен әрпімен таныстыру.Р р дыбысы бар сөзге дыбыстық

талдау жасай білуге үйрету.Сауат ашу және жазу дәптеріне Р р әрпінің жазылу

таңбасын үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Балаларды достыққа, мейірімділікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдіс -тәсіл: сұрақ - жауап,сюрприздік момент,қайталау,көркем сөз, түсіндіру,ойын.

Көрнекілік: текшелер,кеспе әріптер,сурет,игровизор,ақ парақ,әліппе-дәптер

Сөздік жұмыс:білім

Билингвальдік компонент:білім-знание,дыбыс-звук,әріп-буква

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

1

2

3

Уәждемелік-түрткілік

Шаттық шеңбер: Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Барша жанды құрметтеп,

Бас иіеміз біз.

Шеңберге тұрып, сөздерді қайталайды.

Ұйымдастырушылық -ізденістік

Сюприздік момент:Білім елінен хат келді.

Хатты оқу:

Алма, алмұрт егеміз
Айға сапар шегеміз
Алақай - ау алақай
Қандай дыбысты естиміз?

-А-ға қандай сөздер білесіңдер?

Тайға мініп шабамыз
Тау мен тасты табамыз.
Тарақ тайлақ тауықтан
Қандай дыбысты естиміз?

-Т дыбысының таңбасын кім көрсетеді?

Нан - әлемнің азығы
Дастарқанның қазығы
Нар - түйенің асылы,
Өрісі ел жазығы
Қандай дыбысты естиміз?

-Н-ны қандай сөздерде естисіңдер?

-Нан туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?

Ғасыр, ғылым ғаламшар,
Ойлаған ғалым адамдар
Ғарышкерлер ұшқанда
Жасайды ғажап қадамдар

Қандай дыбысты естиміз?

-Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін ата.

Сұрақтар:

-Дыбыстар және әріптер туралы не білесіңдер?

-Қандай дыбыстар болады?

-Дыбыстарды қандай түсті текшемен белгілейміз?

Сөздік жұмыс:білім

Билингвальдік компонент:білім-знание,дыбыс-звук,әріп-буква

Тілге арналған жаттығу:

Ра-ра-ра

Айжан шашыңды тара.

-Қандай дыбысты естиміз?

-Тағы да Р-ны бірге қайталау, бір-біріне қарап қайталау.

-Қалай ойлайсыңдар Р дыбысы қандай дыбыс?

-Неге Р дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?

Р әрпімен таныстыру(суретті көрсету)

Енді Р-ға сөздер табамыз.

Дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті: «Оңға,солға бір...».

-Балалар, енді орнымызға отырымыз.

Р- әрпін ауада жазып көрейік.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

-Балалар,жазған кезде түзу отырамыз, басымызды көтереміз.

Кейбір балаларға көмектесу.

Тыңдайды.


А дыбысы

-Арба,анар,ай...

-Т дыбысы

Әріптердің ішінен таңбасын көрсетеді


-Н дыбысы

-Нан,нар

-Нанды шашпа!

Аяғымен баспа!

-Нанмен ойнауға болмайды.

Бір қолмен үзбе!


-Ғ дыбысы

-Талғат Мұсабаев,Тоқтар Әубакіров.

Сұрақтарға жауап береді.

-Әріпті көреміз,жазамыз,

оқимыз.

Дыбысты айтамыз, естиміз.

-Дауысты.дауыссыз.

Қызыл,көк түсті текшелермен.

Сөздерді қайталайды.

Бірге қайталайды.

-Р дыбысын

Р-ны қайталайды.

-Р-дыбысы дауыссыз,көк түсті текшемен белгілейміз.

Р-дыбысы дауыссыз,ол созылмайды, тіл,тіс кедергі жасайды.

-Р-таңбасымен танысады.

-Радио,робот,раушан...Сөздерді буынға бөледі, Р-нің орнын аңықтайды.

Әуеніне қимыл жасайды.

Р әрпін ауаға жазады.

Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

а)суретпен жұмыс;

ә)оқиды;

б)жазады.

Рефлексиялық -жинақтаушы

-Қандай дыбыс және әріппен таныстық?

-Р қандай дыбыс?

- Оны қандай түсті текшемен белгілейміз?

Дид.ойын: Р дыбысы бар сөздер айтқанда шапалақ жасау,р -жоқ сөздерді айтқанда қолды тығу (қар,қала,қара,анар,кітап,өрік,жүзік,жүзім,

ара,апа...

Балаларды мақтау.

-Р дыбысы және әрпі

-Р-дауыссыз.

Р-ны көк түсті текшемен белгілейміз.

Ойынға белсене қатысады.


Қорытыңды бөлім:

Қабылдайды: Р дыбысы және әрпін

Түсінеді: Р-дауыссыз дыбыс екен,Р дыбысының таңбасын

Қолдана алады: Сұрақтарға жауап беру,тапсырмаларды орындау.





© 2010-2022