Тақырыбы: Неліктен гүлдер өседі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Жасы:4-5 жасы «Қарлығаш»тобы

Тәрбиешінің аты-жөні:Бажиева.А.У

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімдері: «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Неліктен гүлдер өседі»

Мақсаты: Емдік шөптердің шипалы, қасиеттері жайлы, балалардың түсініктерін кеңейтіп, оларды тани білуге, әрқайсысын дұрыс атауға және қалай пайдалану жолдарын үйрету, дұрыс жинау, сақтау ережелерін білуге дағдыландыру.Тақпақтар, тиым сөздер айтқыза отырып, тілдерін дамыту. Балаларды қоршаған ортаны, өсімдіктерді қорғай, аялай білуге тәрбиелеу.Топтың іші әдемі гүлдермен безендірілген.

Сөздік жұмыс: Кактус, алоэ, түймедақ, Бақбақ,жусан, Адыраспан

Дидактикалық құралдар:көрнекіліктер

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың іс-әрекеті

І-кезең

Мотивациялық қозғаушы

Қуан шаттан,алақай!

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң достар!

Тәрбиеші: Балалар, сендер бір - біріңе сәлеметсің бе, амансың ба, саумысың деген ғажап сөздерді айтып жатасыңдар. Ал, бұл сөздер неліктен ғажайып екенін білесіңдер ме? Амансың ба деген бұл адамдарға ұзақ өмір тілеу.

Денсаулық деген не балалар?

Ауырып қалғанда біз не істейміз?



Ауырмай, сырқамай көңілі көтеріңкі болу.

Дәрі ішеміз

ІІ-кезең

Ұйымдастырушылық ізденіс









































ІІІ-кезең

Рефлекстік түзету

Дұрыс айтасыңдар, дәріні де өз мөлшерімен ішеді. Дәрімен қатар біздің ата - бабаларымыз емдік шөптерді пайдаланған. Бүгін біз сабақта қасиеті бар көптеген өсімдіктермен танысамыз. Балалар, бүгін бізге қонақ келіп отыр. Бұл қонақ кім? Танисыңдар ма?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар бұл дәрігер

Тәрбиеші: Балалар, оқу іс - әрекетін бастамас бұрын, мына сұрағыма жауап беріңдерші?

- Қандай гүлдерді білесіңдер атап беріңдерші?

- Балалардың жауаптары

«Дәрілік өсімдіктер» екіге бөлінеді. Бөлме және дала өсімдіктері. Бөлме өсімдіктері адамның көмегімен бөлмеде өседі, олар алуан түрлі. Ал, қазір табиғат бұрышындағы емдік өсімдіктерді атап шығайық.

Кактус, алоэ, түймедақ.

Тәжірибелік жұмыс:

\Тәрбиеші балалардан осы гүлдерді суару, күту, жапырағын тазалау жұмыстарының қалай жүргізілетінін сұрай отырып, бірлесе тәжірибе жүргізу.\

Балалар тәжірибелік жұмысты жүргізе отырып, тақпақтарын айтады.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Еңбек бәрін жеңбек.

Орманға бару Тәрбиеші: Балалар далада да өсетін дәрілік шөптер бар. Қазір біз орманға барып дәрілік шөптерді себеттерге жинап әкелуіміз керек. Әкелген дәрілік шөптерден гербари жасаймыз. Ал қалай ойлайсыңдар орман балабақшадан алыс қандай көлік түрімен барған дұрыс, сендер немен барғыларың келеді?

Қане ендеше барлығымыз ұшақпен ұшып барайық, сонда біз тез жетеміз. Орындыққа жайғасып мықтап отырыңдар, ұшақтың жүргізушісі мен боламын, сендерді мен орманға алып барамын және бізбен дәрігер барсын.

Балалар біз орманға келдік ормандағы құстардың аңдардың дауысын құлақ салып естіп көрейікші?

Балалар қараңдаршы мына жерде қандай әдемі гүлдер өсіп тұр?

Бақбақ:Қане кім айтады: көктем мезгілінде біз ауладан қандай гүлдерді тереміз?

Бақбақ гүлін тереміз. Дәрі - дәрмек жасау үшін бақбақтың гүлі, жапырағы, тамырын қолданады. Ауырғанда дене қызуын басып, тер шығарады, тыныш ұйықтауға көмектеседі. \бақбақ

гүлінің түсіне назар аударту, гүл өскенде дөңгелек пішінді, жұмсақ шарға ұқсайды, оны үрлесең жан - жаққа ұшып кетеді.\ Қане қолымызға алып үрлеп көрейікші

Бақбақ туралы кім тақпақ айтып береді?

Сән беріп жазға,

Үлбіреп бақбақ

Шалғынды сазда

Өседі қаптап.

Ақ ұлпа қардай

Басында гүлі

Жел соқса қалмай

Ұшады түгі.

Жусан - түсі боз, иісі ащы, қышқыл емдік өсімдік. Бұл емдік өсімдік жусанның пайдасы өте зор. Оны «тазалықшы өсімдік» деп те атайды. Жусанды суға батырып, бөлмеге сепсе, оның иісіне бүрге жоламайды.

Адыраспан- улы, жағымсыз иісті жұмыр, шөп тектес өсімдік. Жоғарғы жағы көлбей, төменгі жағы жер бауырлап өседі. Ақ түсті бес жапырақшасы бар гүлі жапырақ қолтығында дара өседі. Жемісі - шар тәріздес домалақ келеді. Жол жағасында, шөлейтті, әрі құрғақ жерлерде өседі. Осы шөппен үйдің ішін аластайды. Кейде жұқпалы аурумен ауырған адамның бөлмесін аластайды. Халықтық медецинада адыраспан шөбін қышыма мен өзге де тері ауруларына пайдаланады.

Ал балалар қайтатын уақыт жетті. Қане барлығымыз ұшағымызға отырып балабақшаға ұшайық. Екіге үстелге бөлініп гербари жасауға кірісейік.

Гербари жасау Жусанды аққағазға желімдеу

Сергіту сәті:

Балабала балақан,

Қанеқайсыалақан. Саусақтарың әйбат,

Былай - былай ойнат.

Ойын: «Гүл мен жаңбыр»

Дала өсімдіктері дала да жаңбырмен өседі

«Гүл мен жаңбыр» деген ойын ойнайық.

Ойынның шарты: Күн шықты деген кезде, гүлдер жайнап өседі. Ал қатты жел соға бастағанда, жан - жаққа шайқалады, бір мезгілде аспандабұлт пайда болып, жаңбыр жауа бастағанда, гүлдер тоңып, бүрісіп, қолшатырдың астына жиналады.

Өте тамаша ойынды тамаша ойнадыңдар.

Медбике: рахмет балалар, сендер емдік өсімдіктер туралы көп біледі екенсіңдер мен сендерге разымын. Осы шипалы емдік

өсімдіктерді қалай жинап, сақтауға болатынын сендерге мен айтып берейін. Дәрілік өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, тамыры дәрі- дәрмек жасауға пайдаланылады.

Кептірілген шөптерді, қағаз қаптамаларда, дорбашада, қораптарда не шыны ыдыста сақтайды. Егер шөп әбден кеппесе дорбаға ауа

кірмейді де, шөп көгеріп, бұзылып кетеді. Кептірілген шөптерден тұнба жасауға болады екен. \Тұнба, қайнатпа сөздерін балаларға бірнеше рет қайталату\

Кепкен шөпті ыстық суға салып, жылылап жауып, белгілі уақыттан соң суды сүзіп алса ол тұнба деп аталынады.

Медбике: түймедақ гүлінің тұнбасын жасап сүзіп көрсетеді.

Өте тамаша ойынды тамаша ойнадыңдар.

Медбике: рахмет балалар, сендер емдік өсімдіктер туралы көп біледі екенсіңдер мен сендерге разымын. Осы шипалы емдік

өсімдіктерді қалай жинап, сақтауға болатынын сендерге мен айтып берейін. Дәрілік өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, тамыры дәрі- дәрмек жасауға пайдаланылады.

Кептірілген шөптерді, қағаз қаптамаларда, дорбашада, қораптарда не шыны ыдыста сақтайды. Егер шөп әбден кеппесе дорбаға ауа

кірмейді де, шөп көгеріп, бұзылып кетеді. Кептірілген шөптерден тұнба жасауға болады екен. \Тұнба, қайнатпа сөздерін балаларға бірнеше рет қайталату\

Кепкен шөпті ыстық суға салып, жылылап жауып, белгілі уақыттан соң суды сүзіп алса ол тұнба деп аталынады.

Медбике: түймедақ гүлінің тұнбасын жасап сүзіп көрсетеді.

Тәрбиеші: Медбике сізге көп рахмет біздің балалар дәрілік гүлдің тұнбасын қалай жасалу керектігін көрді.


Дәрігер

























Балалар ойын ойнайды
















Балалар сұраққа жауап береді

Қыран бүркіт ұшып келеді:

балалар қараңдаршы бізге қыран құс ұшып келді, хаты бар екен. Хатын оқиық. Сәлеметсіңдерме балалар, менің тапсырмам бар егерде сендер менің тапсырмамды орындасаңдар сыйлыққа ие боласыңдар.

Тәрбиеші: Балалар тапсырмасын орындайсыңдар ма?

1. Гүлдердің арасынан дәрілік гүлдерді тауып бер?

2. Бақ бақ гүлін қандай емге пайдаланады?

3. Кактус гүлі бөлмеде қай жерде тұрған дұрыс?

4. Қандай дәрілік шөптерді білесің?

5. Гүлдерді қалай күту керек, айтып берші

6. Гүлдер жайында тиым сөздер білесіңдер ме?

1. Дана көптен шығады,

2. Дәрі шөптен шығады

3. Көк шөпті жұлма

4. Көк алман үзбе

Өзі үзілер күзде

5. Өсімдік - өмір сыйлайды.



Күтілетін нәтиже:

Жанғыртады: Гүлдін құрылысын, ерекшелігін, бөліктерін дұрыс айтады.

Түсіну: Дәрілік өсімдіктер

Қолдану: көрнекіліктер





© 2010-2022