Татулық-достық кілті -психологиялық трениг

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Татулық -достық кілті.

(психологиялық тренинг)

Мақсаты: тәрбиешілердің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру,кәсіби шеберліктерін арттыру және жақсы қасиеттерін,жетістіктерін айту.

Барысы:

Психолог:Сәлеметсіздер ме,құрметті әріптестер! Біздің барлығымыз да үнемі табыс биігінен көрініп,керемет болғымыз келеді. Ал енді «керемет» дегеніз не? Біздің бүгінгі кездесуіміз осы керемет сөзін педагогикалық тұрғыдан талдап көрейік.Енді барлығыз «Керемет»сөзіне ұқсас бір-бір сөзден айтын көрейік: идеал,үлгілі,өте жақсы,тамаша. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «керемет» сөзіне анықтама бар: бұл «үздік,өте жақсы,ғажайып,тамаша» деген мағынаны береді.Енді осы өте жақсы қасиеттерді өз бойымыздан іздеп көрейік,керемет болмаса да бойымызда таң қаларлық,елді елең еткізерліқ мінез болуы мүмкін.

«Сәлемдесу» жаттығу.

Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу,энергия беру.

«Сәлемдесу»ойыны:Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз,қимылды тез жасауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде,мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сіздер бір-бірлеріңізбен тез-тез амандасыңдар.Әр адам әр түрлі амандасасыздар.

Сонымен,көзбен,қолмен,иықпен,тіземен, арқамен,өкшемен,баспен, кеудеман.

«Мен саған сенемін».

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып,бір-бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін.» ойткені сен жақсы адамсың.

Кіріспе сөз.

Біз барлығымыз осы өмірде жетістікке жетуді қалаймыз.Сіздердің түсініктеріңіз бойынша жетістік дегеніміз не? Және оған қалай жетуге болады? Осы сұраққа жауап беру үшін сіздер барлық бөгеттерін өтіп, «Жетістік» мемлекттінде болуларыңыз керек. Барлықтарыңыз бір-біріңіздің қолдарыңыздан ұстап,көздеріңізді жабыңыздар, менің белгім бойынша,біз бәріміз «Жетістік» деген құпия қаласында боламыз (ән ойналады).Біз бәріміз осы қаланың тұрғындарымыз.

«Көбелек» жаттығуы.

Таңертен көбелек оянды,тартылды,

Қанаттарын бұлгады,терең тыныс алды.

Аз ғана айналып,барлығына күліп,

Қайта гүліне оралды.

«Көңілді музыка»ойыны.

Мақсаты: бойдағы шаршаудан,стрессен арылу.

Шарты:бір-бірінің иықтарына қолдарын қояды.Музыканың ырғағымен билеп,ақырын саусақ қимылдарымен иыққа массаж жасайды.Ойын кері қайталып отырады.

«Әуенді терапия»:( баяу әуен ойналады).Көзімізді жұмамыз.Денемізді бос ұстаймыз.

Сіздер өзен жағасында отырсыздар, судың әуелгі шуылы құлағыңызға жағып, күн шуағы денеңізді жылытады.Жалаң аяқ құмның үстінде жүрсіздер, құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Су денелеріңізді жеңілдетіп,өзіңізді жақсы сезінудесіз.Өте жақсы демалдық.

Қандай ғажап табиғат,таза ауа,жұмсақ құм,жылы су!Терең демаламыз,ақырын демімізді шығарамыз.Біздің басымыз артық ойлардан тазарды.Біз өзімізге күні бойға жетер жігер,қуат жинадық, біздің көңіліміз көтеріңкі. Біз осы өмірдегі ең бай, байсалды,білімді,

керемет жандармыз! Енді ақырын-ақырын көзімізді ашамыз.Бір-бірімізғе қуанышты сезіммен қараймыз.Біз қандай бақыттымыз!Қандай кереметпіз!Бүгінгі жұмысымыздың нәтіжесіне орала отырып, нағыз керемет педагогтардың мықты жақтарын еске түсіре отырып,бір-бірімізге комплимент айтайық.

«Комплимент»ойыны.

Мақсаты: қатысушылар шеңбер бойымен тұрып кезекпен кез-келген жағымды сөздер айтады,мысалы: «өте жаңашыл,нағыз кәсіби педагог.....»,ал қалғандары ол сөздің кімге арналғанын табады.Сөз иесі ойынды ары қарай жалғастырады.Барлығы жағымды комплимент алмайынша ойын жалғаса береді.

Психолог: Біздің сіздермен кездесуіміз аяқталды.Егер тақырыбымызға келетін болсақ, «керемет» деген түсінік бір нәрсенің біткенін,аяқталғанын білдіреді. Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ, біз ардайым қозғалыстамыз.Қөздеген мақсатымызға жеткенде біздің алдымыздан тағы да өзге жаңалықтар ашылады,қазіргі дәуірде ,яғни 21 ғасырда жаңалықтың шегі жоқ.Олай болса жаңашыл 21 ғасырдың керемет педагогтары бола берейік! Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!

© 2010-2022