Ашық сабақ. Такырыбы: Алма мен алмұрт

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Алма мен алмұрт»

Мақсаты: күзде пісетін жемістер туралы түсінік беру; алма мен алмұртты салыстыру арқылы пішініндегі айырмашылықты анықтау; ермексазды домалақтау, созу тәсілдерін қайталау. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ермексаз, тақтайшалар, сулық тар, жемістер бейнеленген натюрморт, кәдімгі алма мен алмұрт, үлестірмелі материал.

Алдын ала орындалатын жұмыс: жемістердің пайдасы, жемістерді жинау науқаны туралы әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: сопақша

Билингвальді компонент: алма-яблоко, алмұрт-груша, сары-желтый, қызыл-красный.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Магниттік тақтаға натюрморттар ілінеді («Алмалар мен жапырақтар», «Себеттегі алмалар» және т.б.)

-Суреттерде не бейнеленген?

-Осы суреттер сендерге қандай көніл күй сыйлады?

Бұл суреттер ашық түсті және көңілді бояулармен салынған, сондықтан оларға қарағанда бізде қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй пайда болады.

Балалардың жауаптары:

-Суреттерде алмалар бейнеленген.

-Суреттер өте әдемі нағыз алмаға ұқсайды.

-Түстері ашық, көңілді.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Суретші неге алмаларды қызыл дастарқанның үстіне бейнеленген?

-Әрине, сары және жасыл алмалар дастарқан үстінде әдемі көрініп тұруы үшін ойластырылған.

-Тағы бір суретте алмалар үстелдің үстінде жатыр,олар-қызыл және жасыл түсті жылтыр алмалар. Суретші олардың әртүрлі түсіне, көлеміне, дөңгелек пішініне, тәттілігіне қызығып бейнеленген болуы керек.

-Сендерге қандай алма ұнады?

-Ал енді үлкен жапырақтардың үстінде жатқан алмаларға қараңдашы. Осы суреттерді бір-бірімен салыстырыңдар.

Суретпен жұмыс аяқталғаннан кейін тәрбиеші алма мен алмұртты қолына ұстап көрсетіп, пішінін салыстыруды сұрайды.

-Бізде алма мен алмұрттың бірнеше түрі, түсі бар. Әртүрлі жемістерді суретшілердің картинасындағыдай сауытқа әдемілеп орналастырайық.

-Бүгін біз осы алма мен алмұрттты ермексаздан жасап үйренеміз.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

Сурет бойынша әңгіме жүргізеді.

-Қазір күз мезгілі. Бақтарда піскен жемістерді жинайды. Марат та бүгін атасына көмектесіп, бақтағы алма мен алмұртты жинап жатыр. Біз оған жәшіктерді толтыруға көмектесейік. Бір жәшікке жасаған алмаларымызды саламыз, екіншісіне алмұрттарымызды саламыз. Біздің де жасайтын жемістеріміз ағашта өсіп тұрғандай әдемі, жылтыр болсын.

-Алмалар жақсы көрінуі үшін.











-Ең әдемілері-қызыл қызғылт түстілері.

-Алманың пішіні дөңгедек, кішкентай сабағы бар, оған жапырақ орналақан.

Алмұрттың пішіні сопақшалау болып келеді.


Суретке қарайды, әңгімені тыңдайды.


Ынталарын білдіреді

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Сергіту сәті

-Саусағым, қайда болдың?

Балалармен не істедің?

-Бір баламен жүгірдім,

-Бір баламен биледім,

-Бір баламен қыдырдым,

-Бір баламен қыдырдым,

-Бір баламен ойнадым,

-Бір баламен секірдім,

-Достарымды жинаймын,

Мүсіндеуді бастаймын!

(Г.Бектұрова)

Тәрбиеші: мүсіндеу тәсілін көрсетеді.

-Бұрыннан білетін домалақтау тәсілімен алманы жасаймыз. Алманың сабағын орналастыратын жерді саусағымызбен шұңқырлаймыз. Сабағы мен жапырағын жасап, шұңқырға орналастырамыз. Алмұртты жасау үшін дөңгелек жасап, жоғарғы жағын сопақша пішінге келтіріп созамыз. Сыртын тегістейміз.

Жасаған жемістеріңді жәшікке салыңдар.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.




Балалар педагогтің көрсетуі бойынша саусақ жаттығуларын жасайды.


-Ермексазды домалақтаймыз, содан кейін кішкенешұңқырлап, оған таяқшаны немесе жұқа сымтемірді тығып қоямыз.

Қажетті ермексаз түстерін таңдап алады. Оны алақанына салып жұмсартады. Балалар педагогтің көрсетуімен ілесе отырып, алма мен алмұртты жасайды.

Жәшікке дайын жемістерді салып, оынң айналасына басқа да заттарды орналастырып, құрастырады

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар, Марат сендерге жәшікті толтыруға көмектесіңдерің үшін алғысын білідіріп жатыр.Ол өзінің ауласындағы бақта пісіп тұрған жемістерінен сендерге беріп жіберіпті.

Тәрбиеші: балаларға алма, алмұрт үлестіреді.


Қуаныштарын білдіреді.


Маратқа беріп жіберген жемістері үшін алғыс айтады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: домалақтау, созу тәсілімен жемістерді жасайды.

Түсінеді: әртүрлі жемістерден үйлесімді натюрморт құрастыруды; күзгі жиын-терін туралы.

Қолданады: домалақтау, созу дағдыларын.






© 2010-2022