Қыстағы жапырақсыз аққайың 0 сынып

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу іс-әрекеті: Сурет

Тақырыбы: Қыстағы жапырақсыз аққайың.

Мақсаты: Қыстағы жапырақсыз аққайың бейнесін бере білуді үйрету,жапырақсыз ағашты салу техникасымен таныстыру,эстетикалық талғамдарын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: Қайың - береза,терек - топаль

Сөздік жұмыс: Қыстағы жапырақсыз ағаш

Іс - әрекет сатылары

Тәрбиешінің басқару әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық-оятушылық


Ұйымдастырушылық-ізденушілік










Рефлекстік-түзету

Шаттық шеңбері

Қайта-қайта қар жауады,

Қыс келгеннің белгісі,

Дала кезіп зар қағады,

Көбейген - ау жел күші.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Біз қандай белгілерге қарап қыстың келгенін байқаймыз?

-Қыста ағаштардың күйі қандай болады?

-Дұрыс айтасыңдар,қыстағы ағаштардың күйі осындай.Жапырақтары түсіп,бұтақтары ғана қалады.

Қар жауғанда қардан тон киеді.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

-Балалар,бой сергітіп алдық,енді қыстағы жапырақсыз ағашты қағаз бетіне түсіріп көрейік.

-Ағаштың діңі ұзынша,төменгі бөлігі жуандау,

Жоғарғы жағына қарай жіңішкере бастайды.Бұтақтары ағашқа көлденең және ұштары жоғарыдан төмен қарай иіліп тұрады.

-Аққайың ағашының ерекшелігін атап көрсету.

Қорытындылау:

-Балалар,балабақшадағы аққайың ағашының суретін салды.

-Жұмыстарын талдау,бағалау,мадақтау

Өлең жолдарын қайталап айтып,қимылдар жасады.


-Қыс мезгілі

-Қар жауады,күн суытады.

-Ағаштар тоңып,бүрісіп тұрады.



Балалар,өлең мазмұнына сай қимылдар жасады.


Балалар қыс көрінісін фон етіп алып,жапырақсыз ағаштар суретін салды.


Балалар қолдарымен ауада сызып көрсетті.

Балалар суреттерін тақтаға іліп,көрме ұйымдастырды.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қыс мезгілінің ерекшелігін,қыс мезгілінде жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесінде болатын өзгерістерді білу керек.

Болу керек:Табиғатқа деген сүйіспеншілік,эстетикалық талғамдары болу керек.

Үйрену керек:Ағаштардың түрлерін,олардың қыстағы көрінісін суреттеп үйрену керек.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:



© 2010-2022