Разработка конкурса для дошкольников

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кажикова А.Т. Өлеңті ЖОББ мектебі жанындағы

«Бөбектер» шағын орталығы

Тақырыбы: «Балабақша аруы» сайыс

Мақсаты: Қазақ халқының қыз балаларды тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, қанатты сөздер,гүлдер.
Музыка ойнап тұрады: «Үкілі камшат»
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар , балалар бүгінгі «Бөбектер» шағын орталығында болғалы отырған «Балабақша аруы» атты қыздар байқауына қош келіпсіздер.
Бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Балабақша аруы» атты байқауымызды ашуға мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Ибраев Болат Ерсайынұлына сөз берейік.

Тәрбиеші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
(әділ-қазылармен таныстыру)
Тәрбиеші: Бүгінгі «Балабақша аруы» байқауын ашық деп жариялаймыз!
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық! ( таныстырып ортаға шақыру)

1-аруымыз: Маханова Қарақат

2-аруымыз: Азамат Диана
3-аруымыз: Файзолла Азиза
4-аруымыз: Мұратбаева Карина

5-аруымыз: Файзолла Еркежан

Сайысты бастамас бұрын, кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1-ші кезең: «Өздерінің реттік санын алу» (сандықшадан асық алады)
2 -ші кезең: «Сәлем - сөздің анасы» (өздерін таныстыру).
3 -ші кезең: «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін көрсетеді).
4 -ші кезең: «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою жапсыру).
5-ші кезең: «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» ( сұраққа жауап).
6 -ші кезең: « Салт-дәстүр» бесік жырын жатқа айту (үй тапсырмасы)
7 -ші кезең: «Тал бойына жарасып» ( сән үлгісі).

Тәрбиеші: Олай болса сайысымыздың 1-ші кезеңін бастаймыз.

«Өздерінің реттік санын алу» Сайысқа қатысушы бүлдіршін қыздарымыз сандықшадан нөмірленген асық алады.

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар,білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып - дей келе кезекті «Сәлем - сөздің анасы» таныстыру кезеңіне береміз (асықтағы нөмір бойынша шығады)

Тәрбиеші:

«Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал сайысқа,
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та»,- деп келесі кезеңіміз «Өнерлі өрге жүзер»
Тәрбиеші:

«Өнерге жастайынан жақын туған,
Қазақтың дарынының жолын қуған.
Өз өнерін көрсетер қыздарымыз,
Өзгеге ісі өнеге - үлгі боп тұрған», - деп келесі кезеңіміз «Ою ойғанның ойы ұшқыр»
Тәрбиеші: «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» демекші, сайысымыздың келесі кезеңінде салт - дәстүрге байланысты білімін сынайық (тақтадағы гүлдің біреуін алып, артындағы сұрағына жауап береді)

Сұрақтар:
1. Ұлттық тағамдарын ата .
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
3.Қазақтың ұлттық аспабы.
4. Сүттен жасалатын тағамдар.
5. Төрт түлікті ата.
Тәрбиеші: Балаға деген ана махаббаты «Бесік жырлары» арқылы берілген. Ана баласын бесікке бөлерде ең алдымен бесік жырын айтады екен.
«Жаңарған сананың,
Ұмытпады мұны кім?
Ата - салты бабаның,
Алып келді осы күн», - деп келесі «Салт-дәстүр» кезеңіне береміз.

Ендеше, біздің аруларымыз аналарының , әжелерінің айтқан бесік жырларын айтып берсін.

Тәрбиеші:
Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
(Аруларымыз реттік номерлері бойынша сән үлгісін көрсетеді)
Бүгінгі «Балабақша аруы» атты қыздар байқауы өз мәресіне де келіп жетті. Сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. Рахмет.

© 2010-2022