Ашык сабак Біз орманға барамыз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балбөбек» бөбекжайы КМҚК







Ашық ұйымдастырылғаноқу іс-әрекеті

«Біз орманға барамыз»


Ашык сабак Біз орманға барамыз




Білім саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Сенсорика,Құрастыру

Мақсаты:Балаларға түстерді ажырата білуге,үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Ойындарды ойнату арқылы есту, көру, қабылдау сияқты үрдістерін ,сөздік қорларын ,ұсақ қол моторикасын дамыту.

Аңдарға деген қамқорлыққа,бір-біріне көмектесе білуге ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдіс -тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру.ойындар ойнату.

Көрнекіліктер: Аққала,ойыншық үлкен-кіші аю,үлкен-кіші жаңғақтар, кірпі,қоян,түрлі-түсті қояндар ,кірпі,суреттері, қыстырғыш,түрлі-түсті қағаздар,майлық.







Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңберін ұйымдастыру

(балаларды ортаға жинау) Балалар, бүгін-ерекше күн, бізге қонақтар келіп қалыпты. Олай болса, қонақтармен амандасып алайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Апайларды құрметтеп

Бас иеміз біз.

Музыка әуенімен Аққала кіріп келеді.

Аққала.Сәлеметсіңдер ме балалар

Тәрбиеші:Аққала сен мұнда қайдан жүрсің?

Аққала:Мен орманға серуендеп келуге бара жатырмын.Балалар менімен бірге орманға серуенге барасыңдар ма?

Қазір қандай мезгіл?

Далада жерде не жатыр?

Күн суық па,әлде жылы ма?

Тәрбиеші:Егер далада күн суық болса,қалай киінеміз?

Қолғаптарымызды қалай киеміз.

Етігімізді қалай киеміз.

Бас киімімізді қалай киеміз.

Біз қалай серуенге барамыз

Шаттық шеңберін жасады.



Аққаламен амандасады.


Ия дейді.

Қыс мезгілі екенін айтады.

Жерде қар жатқанын айтты.

Күн суық екенін айтты.

Жылы киімдерімізді киеміз

Қолдарын шапалақтайды

Аяқтарымен топылдататды.

Басын жоғары -төмен изейді.

Жүреді

Ұйымдастыру-

іздестіру

Музыка әуенімен ормандағы апанның жанына келеді.Қарайықшы бұл жерде не тұрады екен .Бұлар кім?

Аюлардың тұратын үйін апан деп атаймыз.

Неше аю?

Мынау қандай аю?

Мынау ше?

Балалар аюлар мына жаңғақтарды теріп алғысы келеді,бірақ олар шаршап тұр екен.Қане біздер көмектесіп,жаңғақтарды жинап берейік.Үлкен аюға үлкен жаңғақ,кішкентай аюға кішкентай жаңғақтарды жинайық.

Аюлар тұратынын айтады.

Аюлардың үйі апан деп аталатынын білді.

Екі аю екнін айтты.

Үлкен аю.

Кішкентай аю.


Үлкен аюға үлкен,кішкентай аюға кішкентай жаңғақтарды жинап береді.

Балалар аюлар сендерге рахмет айтып жатыр,олар енді қыс бойы ұйықтап жатады.Ал біздер аюлармен қоштасып әрі қарай жүрейік.

Балалар қараңдаршы мына шыршаның артына не жасырынып қалыпты?

Кірпінің үстінде нелері бар?
Инелері бар

Балалар бұл жерде жанында кірпінің балалары да бар екен,бірақ олар өздерінің инелерін жоғалтып алыпты,олар тоңып қалуы мүмкін.

Қане олардың инелерін тағып берейік.

Д/ойын «Инелерін қада»

Балалар біздер кірпіге де жәрдем бердік,әрі қарай жүрейік.

Қараңдаршы балалар мына шыршаның жанында не отыр?

Балалар күн суық болғандықтан қоян тоңып қалыпты.Қане онымен бір ойын ойнап бойын жылытайық.

Қ/ойын «Сұр қоян» ойынын ойнату.

Қоянға сендермен ойын ойнап бойы жылыныпты,бірақ оның достары бар екен ,оларды түлкі ұстап алмақшы ,соларға көмек керек екен.Көмектесеміз бе?

Міне балалар қоянның достары олар түрлі-түсті екен.Қане барлығымыз бір-бірден аламыз (түстерін атап беруді сұрайды)

Осы қояндарды мына түрлі -түсті қағаздардың астына жасырып қояйық.

Бәрекелді балалар біздер қояндарды жасырып қойдық,енді түлкі таба

алмайды.

Ал енді балалар біздердің балабақшамызға қайтатын уақытымыз болды.(орындықтарына отырады)

Балалар біз орманға барып аюға, кірпіге ,қоянға көмектесіп олармен ойын ойнадық. Аққаланың да сендермен ойын ойнағысы келеді.Ол қар лақтыру ойынын ойнағанды жақсы көреді.Қар домалақтарын қайдан аламыз?

Олай болса балалар біздер қар домалақтарын жасайық.Қар домалақтарын мына майлықтарды жасаймыз.Қолымызға алып умаждап, алақан ортасында айналдырып домалақтаймыз. Міне біздің қар домалақтарымыз дайын болды.

Қане осы қар домалақтарымен Аққаламен «Қар лақтыру » ойынын ойнайық.

Аққала : Балалар мен уақытымды сендермен өте көңілді өткіздім менің енді қайтатын уақытым болды.

Тәрбиеші: Аққала мына қар домалақтары саған,достарыңмен қар лақтыру ойынын ойнайсың.

Аққала: Рахмет сендерге балалар. Қош сау болыңдар!


Кірпі екенін айтады.

Инелері бар екенін білді.


Қыстырғыштарды кірпіге тағып берді.

Қоян отырғанын айтты.

Қоянмен «Сұр қоян» ойынын ойнады.

Қоянға көмектесетіндерін айтты.

Балалар қызыл,сары ,көк, жасыл,ақ түсті екені айтады.

Балалар өздерінің қолдарындағы қояндарды сондай түстердің астына жасырды.





Қар домалақтарының жасалу жолдарын көріп,қар домалақтарын майлықтан жасады.

Аққаламен қар лақтыру ойынын ойнады.


Аққаламен қоштасады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Балалар бізге қонаққа кім келді?

Аққаламен қайда бардық?

Нелерге көмектестік?

Сендерге аңдарға көмектескен ұнады ма?

Аққала келгенін айтты.

Орманға барғандарын айтты.

Аюға,кірпіге,қоянға көмектескендерін айтты.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:түстерді ажырата біледі,үлкен-кіші ұғымдарын ажыратуды;

Қандай түсініктерді игерді: Аққала,апан,үлкен-кіші аюлар,жаңғақтар,кірпінің инелері,умаждап,қар домалақтары.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:кірпінің инелерін (қыстырғыштан қыстыруды),қар домалақтарын майлықтан жасауды.








© 2010-2022