Итоговое занятие по обучению грамоте Көңілді поезбен саяхат

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Көңілді поездбен саяхат

Мақсаты:Балалардың жылдық білімдерін қорытындылау. Математикалық мазмұндағы дидиактикалық ойындар арқылы білімдерін тексеру. Математикалық амалдарды орындау арқылы логикалық ойлау кабілетін дамыту. Сонымен қатар балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлықтарын тексере отырып, дыбыстар туралы білімдерін тиянақтау. Сөз, сөйлем, буындар туралы ойларын қалыптастыру . Оларды жеке талдап, жұмыспен дәлелдеп көрсету. Топпен жұмыс істеуге, ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Табиғат құндылықтарын және табиғат пен адам арасындағы байланысты түсіндіру. Табиғатты қорғап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Суреттер, кеспе әріптер, текшелер, үлестірмелі құралдар, геометриялық пішіндер, сандар, ойын тапсырмалар, доп.

Балалар: -Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

Тәрбиеші: -Балалар, бүгін біз сендермен саяхатқа бармақшы болғанбыз, дайынсындар ма?

Балалар: Ия.

Тәрбиеші :-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар саяхатқа немен баруға болады?

Балалар: - Поезд, ұшақ, кеме, машина т.б.

Тәрбиеші : ( Қандай көлік түрлеріне жатады сұрау) -Олай болса біз поездбен барайық.

-Ал балалар пойызға міну үшін бізге не керек?

-Билет

-Ал бізде билет бар ма?

- Мен сендерге тосын сый болсын деп билет ала келдім.

Осы кезде: -«Құрметті жолаушылар,«Білімпаздар» еліне саяхат бағытында жүретін жолаушылар пойызының жүруіне 5 минут қалды. Жолаушылар, кешікпей өз вагондарыңызға отыруларыңызды сұраймыз.» -деген дауыс естіледі.

Жолсерік: - Сәлеметсіздерме, балалар кәне билеттеріңді көрсетіп орындарыңа жайғасыңдар.

-Құрметті кішкентай жолаушылар сіздерді жолда сауат ашу, математика, өзін-өзі тану қалашықтарының тұрғындары өздерінің қызықты ойын- тапсырмаларымен күтіп тұр. Ал, олай болса кәне жолға аттанайық. (поезд дауысы)

Тәрбиеші: -Балалар, осы жолаушылар жолда жол қысқару үшін не істейді?

-Әңгімелеседі.

- Ендеше бізде жол қысқарсын деп әңгімелесейік.( жыл мезгілдерін, айларын, апта күндерін сұрау)

Жолсерік: (поезд дауысы шығады ) -Құрметті жолаушылар, сіздер 1-ші аялдама «математика» қаласына келдіңіздер.

Тәрбиеші:-Балалар бұл қаланың тұрғындары бізді күте-күте дегбірсізденіп , өз орындарын жоғалтып, араласып кетіпті. Қане, оларға өз орындарын табуға көмектесейік.

1) Сандарды қою (1 бала).

2)Санау.(2 бала).

3) Кері санау (3 бала).

Тәрбиеші: -Балалар бұл қала тұрғындарына қосу, алу, теңдік, теңсіздік амалдарын қалай меңгергенімізді көрсетейік.( сурет бойынша қосу, алу ),(4 логикалық есеп шығару)

-Балалар, бұл қаланың тұрғындары- сандар өздеріне үй салыпты ( үш түрлі) бірақ олар үшеуінің ішінен өздеріне кіші де емес, орташа да емес үйді таңдапты. Ол қай үй, кәне , кім көрсетеді ( үлкен)

- Кішкентай үй қай жағында орналасқан?(сол)

- Балалар бұл қалада мынадай қызықты геометриялық пішіндерде тұрады екен. Осы пішіндердің әдемі орамалдары тесіліп қалыпты. Кәне, біз оларды жамауға көмектесейік. ( балалар жамағанша ойын ойнау)

Жолсерік:-Балалар, орамалды жамағанша математикалық ұғымдар сендермен ойын ойнағысы келіп тұр. Мен сендерге математикалық ұғым айтып допты беремін, сендер маған сол ұғымға қарама-қарсы мағынада жауап бересіндер.

- Ұзын- қысқа

- Үлкен- кіші

-Биік- аласа

-Жуан-жіңішке

-Оң жақ- сол жақ

-Ауыр- жеңіл

(Поездін дауысы естіледі)

Жолсерік: Балалар сендер математика қалашығының тұрғындарымен өте жақсы ойнадыңдар. Сондықтан көңілді поездымыз сендерді сауат ашу қалашығына алып келді.

Тәрбиеші:Міне балалар біз сауат ашу қалашығына келдік . Балалар бұл қалашықтың тұрғындары дыбыстар екен олар сендерден өздері туралы не біледі екен деп сұрап жаты.Кәне, біз білетінімізді ортаға салайық. Балалар, біз дыбысты не істейміз ?

- Олар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? Оларды қандай түспен белгілейміз?

-Ал осы естілген дыбысты қағаз бетіне түсірейік не болады?

- Әріп.

-Әріпті біз не істейміз?

-Жазамыз, көреміз, оқимыз.

-Балалар дыбыстарды бір- біріне қосса не шығады?

-Сөз.

-Кәне, олай болса қызық болсын дыбыстарды қосып көрейік.

1-бала:А-ға й-ды қосқанда,

Ай болады балалар.

2-бала: Т-ға ай-ды қосқанда,

Тай болады балалар.

Тай деген ол көлік қой

Көкейіңе тоқып қой.

3-бала: С-ға ай-ды қосқанда,

Сай болады балалар.

Қозы бағып, ән айтып

Асыр салып ойнайтын.

4-бала: Дыбыстарды қосқанда,

Түрлі сөздер шығады.

Зейін қойып оқыған,

Бәрін түгел ұғады.

Тәрбиеші:-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын соның шешуін тауып көрейік. 2 сөзге дыбыстық талдау жасау

Итоговое занятие по обучению грамоте Көңілді поезбен саяхат

Жолсерік:-Балалар, сендерге бұл қалашықтың тұрғындары риза болып енді ойын ойнағылары келеді. Ойын «Сөз ойла - тез ойла» деп аталады, мен бір сөз айтам сендер ол сөзді іс-қимылды білдіретін сөзбен жалғастырасындар. Мысалы : Алма-жедім. Құс-ұшты .Қыс- келді. Жел -соқты. Қар- еріді. Жаңбыр -жауды .

Сергіту сәті.

( Поездін дауысы естіледі )

Жолсерік:- Балалар сендерге сауат ашу қаласының тұрғындары дән риза. Сендер келесі аялдамамыз Өзін-өзі тану қалашығына келіп жеттіңдер.

Вогонға кішкене қыз кіреді.

-Сәлеметсіздерме?

- Сәлеметпе кішкене қыз атың кім?

Итоговое занятие по обучению грамоте Көңілді поезбен саяхат

-Атым Анель.

-Қолыңдағы не?

-Гүлдер.

-Оны қайдан алдың?

-Даладан жұлып алдым. Оларды мен үйге апарып күтіп баптаймын. Апай бізге «үнемі табиғатты қорғаңдар» дейді.

Тәрбиеші:-Балалар Анельдің қолындағы үй гүлі ме әлде дала гүлі ме?

Балалар:-Дала

- Ал оны жұлып алса өсеме?

-Жоқ.

- Балалар, кішкене Анель табиғатты қорғау дегенді дұрыс түсінбеген сыңайлы. Кәне біз оған түсіндірейік. (суретпен жұмыс)

Анель:- Балалар, кешіріңдер енді мен гүлдерді жұлмаймын.

Жолсерік:-Балалар мен осы табиғатқа байланысты сендермен «Не болар еді?» деген ойын ойнағым келіп тұр.

- Күн болмаса не болар еді?

-Қараңғы.

- Ауа жоқ болса ше?

- Адамдар, барлығы тіршілік дем ала алмайды.

-Су жоқ болса ше?

-Тіршілік жоқ болар еді.

Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар бұларсыз тіршілік жоқ. Сондықтан біз табиғатты аялай білуіміз керек.

(Поездін даусы)

Жолсерік:- Алақай , балалар сендер соңғы аялдамаға келдіңдер. Мен сендерге тосын сый жасағым келіп тұр. Кәне көзімізді жұмайық.

(Данышпан Ата келеді)

Данышпан Ата:-Амансыңдарма, кішкентай білімпаздарым? Мен сендердің білімдеріңе дән риза болдым. Міне, бүгін оң мен солдарыңды танып, жақсы мен жаманды айыра алатындарыңа сенемін.Ал, енді, сендерді мектепке жіберер алдында тағы бір сынағым келіп тұр. Осы сендер бара жаткан мектеп пен қазақ Әліпбиін ашқан кім білесіңдерме?

- Ыбырай Алтынсарин.

Мадияр:Данышпан Ата, біз Ыбырай атаның тақпағын да білеміз.

Тақпақ.

Данышпан Ата: - Мен сендерге ризамын. Сендердің барлықтарыңа мен мынадай мақтау қағазын бергім келіп тұр.(Мақтау қағазын береді)

  • Ал, енді, балалар, мектепте жаксы оқыңдар. Мен сендерге

сәт-сапар тілеймін!



© 2010-2022