Ашық сабақ тақырыбы: Асханадағы ыдыс - аяқтар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Асханадағы ыдыс-аяқ»

Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

« Асханадағы ыдыс-аяқтар»

Мақсаты:

  • ыдыс-аяқ туралы түсініктерін кеңейту;

  • үлкенді сыйлауға тәрбиелеу;

  • дыбыстарды анық айтуға үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Ойыншық мысық, ыдыс аяқтардың суреті.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы


Тәрбиеші балабақшадан мысықты ездестіргенін айтады. Оларға ойыншық мысықты көрсетіп:

  • Балалар, қараңдаршы, мен бүгін бақшадан Мақтақыздың мысығын кездестірдім. Қане оған жағымды, ерккелететін сөздер айтайықшы.

Мысықпен сөйлескен кейіп танытады:

  • -Мысықай-пысықай, сен Мақтақыздың сүтін тағы да төгіп алдың ба?

  • -Балалар, ол осы жолы Мақтақыздың олы кесесін сындырып алыпты. Оған Мақтақыз ренжіп, басқа кесе алып келмесең үйге кіргізбеймін деген екен

  • -Біз оған қалай көмектесе аламыз?

  • Дұрысы, ермексаздан сынбайтын кесе жасап берейік.

Мысықты еркелететін сөздер айтады.


Тәрбиешінің мысықен әңгімесін тыңдайды.


Өз ойларын айтады (сатып алайық, үйден алайық)

Ұйымдастыру іс-әрекеті





Рефлексивті-түзетуші

«Ас бөлмесіндегі ыдыстар» ойыны

Сұрақтар қояды:

-Мынау не?

-Оны қайда қайнатамыз?

-Шәйнек пен қазан ұқсас па?

-Неге? т.б

Сергіту сәті:

Өлең жолдарын балалармен бірге айтады. Қимылдарды жасап көрсетеді.

Сәлем, мен шәйнекпін,

Өзім үлкен, жуанмын

Міне, менің қолым

Міне, менің мұрным

Шай қайнайды-пф-пф-пф

Енді оны құямын

«Ұқсасын тап» д/о

Тәрбиеші шәйнек, табақ, кесе, қасықтың суреттері бар плакатты көрсетеді

Ақ-ақ-ақ

Қандай үлкен...(табақ)

Ға-ға-ғ

Қант саламын...(шәйға)

Салыстырады, белгілеріне қарай ыдыстарды ажыратады.

Бір қолымен шүмегін ұстайды

Келесі қолын беліне қояды,

Беліндегі қолын көтеріп, қайта беліне қояды;

Секіреді, қайнаған шәйнектің дыбысын келтіреді.


Ұқсас сөздерді тауып айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Асүйдегі барлық ыдыс-аяқтардың атауын.

Нені игереді:

Синоним сөздерді.

Нені біледі:

Ыдыс-аяқтарды топтастыруды.










МҚКК

№5сәбилер бақшасы












Ашық сабақ

Тақырыбы: «Асханадағы ыдыс-аяқ»








Орындаған: Р.Курманалинова









2016жыл

© 2010-2022