- Преподавателю
- Дошкольное образование
- План на тему Доспыз бәріміз на первую младшую группу
План на тему Доспыз бәріміз на первую младшую группу
Раздел | Дошкольное образование |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Тулеубаева Ш.Ж. |
Дата | 26.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: Тату доспыз бәріміз
Мақсаты: Балаларға достық,татулық,бірлік ұғымдарын түсіндіру.Өзара татулық сезімдерін дамыту,ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру,достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: қазақ,өзбек,орыс,ұйғыр ұлттарының суреттері және бейнетаспа.
Ұйымдастыру:
Әрекет түрі
Тәрбиешінің әрекеті
Баланың әрекеті
Жағымды
Жағым сыз
1Мотивация
Бәріміз бір-бірімзге достық лебізімізді білдірейік.
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақты қорғаймыз.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз!
2.Ұйымдастырушылық-ізденістік
1.Әңгіме жүргізу.
1 Мамыр-достық,ынтымақ,бірлік мерекесі.
Балалар,сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Сендердің достарың бар ма?Али,сен топта кіммен доссың?Достық дегеніміз-адамдар арасындағы сыйластық.Достар бір-бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады.Топтағы барлық бала бір-бірлеріңмен доссыңдар.
2.Бейнетаспа көрсету.
-Балалар, бұл жерде не бейнеленген?
-Әртүрлі ұлттар бейнеленген.
-Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады.Қандай ұлт өкілдері тұратынын бәріміз айтайық.
-Орыс,ұйғыр,кәріс,өзбек,т.б.Бұл мерекеде ұлт өкілдері алаңға шығып өздерінің әідерін айтып,билерін билейді.Балалар біздің тобымызда әртүрлі ұлт өкілдерінің балалары бар.Максимнің ұлты-орыс.
3.Сергіту сәті.
4.Даналық сөздің мағынасын түсіндіру:
Достық-бірлікте,
Бірлік түбі-береке.
5.Ойын «Достық шеңбері».Шарты:балалар шеңбер болып тұрады да,әуен басталғанда, қол ұстасып билейді,әуен тоқтағанда,барлығы бірге «Тату доспыз»деп айғайлады.
3.Рефлекциялық-тү зеушілік
Сұрқтар қою арқылы оқу іс-әрекетін бекіту.
Күтілетін нәтиже: нақыл сөздердің мғынасын түсініп, топта бір-бірімен дос болуды,ренжіспей ойнау дағдыларын игереді.Достық,татулық ұғыымдарын меңгереді.