Утренник Күн дидарлы Қазақстан

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МҚКК «Ямышев сәбилер бақшасы»













Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан»







Тәрбиеші: Рымгожина А.С.















2015 жыл

Келісемін________ Бекітемін________

Әдіскер: Расоль С. Меңгеруші: Абдуллина Р. К.

«» ___________ 2015 жыл «»___________ 2015 жыл

Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»


Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.


Тәрбиеші: Құрметті балабақша ұжымы, балабақша бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген, Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Күн дидарлы Қазақстан!» атты тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.


Дильнура:

Тәуелсіздік таңын сүйем .
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.

Фариза:

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсан өрендері ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерін мәңгілік сақталады.

Жанель:
Маған қымбат ұлы елімнің .
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді,
Азаттықтың таң нұры.

Дамир:
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.

Жарас:
Бостандығым тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.

Ән «Қазақстаным»
Райхан: Отан- жерім, Отан- суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан- ұран, Отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді!
Елназар: Қуат алған өзінен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.

Вераника: Анаң- күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен- бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!

Ақмаржан: Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.

Балалар орындықтарына отырады

Күнкей:
Мен сұлу Күнкеймін

Дауысым менің бұлбұлдай

Домбырамды қолға алсам,

Жадырайды Жер-Анам.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе Күнкей! Бізге келгенің қандай жақсы болды.

Сенен ерекше бір жылулық сезіледі. Ал бізде бүгін үлкен мереке - ҚР Тәуелсіздік күні.

Күнкей: Ия, бұл мереке жайында мен де көп естідім, ал сендер не білесіңдер?!

Жүргізуші: Әр мемлекеттің белгісі болады. Бұл белгілерді рәміздер дейміз.

Қанекей балалар ҚР рәміздерін атаңдаршы?!

Балалар: Елтаңба, Ту, Әнұран. (Слайд)

Елтаңба,ту туралы тақпақтар:

Рамазан: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада- аспан әлемі.
Әділжан: Құт, береке - шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Аружан: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Женя: Тәуелсіздік жолында,
Талай - талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім - Елтаңбам.

Жарайсыңдар балалар! Мемлекетіміздің рәміздерін жақсы біледі екенсіңдер. Ал осы біздің елбасымыз кім?

Балалар: Н.Ә. Назарбаев (слайдта Н.Ә.Назарбаевтың ант қабылдау бейнесі көрсетіледі)

Жүргізуші: 1992 жылы 4-ші маусымда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып, «Қасиетті ту желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!»- деген.

Балалардың назарын Күнкей экранға аударады: Балалар мынау қандай қала таныдыңдар ма?

Балалар: Астана.

Жүргізуші: Отанымыздың жүрегі тәуелсіздігіміздің тірегі астана-қазақстанның жаңа бейнесі, жарық келбеті. Дүние жүзіндегі астаналардың ішіндегі ең жас қала - Астана.

Астана жайлы 2 бала өлең оқиды.

Айша: Шырқап көкке аспан - ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам- АСТАНА !
Асылхан: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қала- АСТАНА!
Күнкей: Ал тағы Қазақстанның қандай үлкен қалаларын білесіңдер?

Балалар: Алматы, Қарағанды, Ақтау, Атырау…..

Күнкей: Жарайсыңдар

(Слайд қазақстанның табиғаты»)

Жүргізуші: Қазақ жері - кең байтақ, ұлан - ғайыр дала. Оның табиғаты

Алуан түрлі, жері бай. Мұнда жазық дала да, көл де, шөл де, аймақ та бар.

(слайд қазақстан өзендері, судың сылдыр дыбысы естіледі)

Күнкей: Балалар, судың сылдырын естіп тұрсыңдар ма? бұл көлдегі судың дыбысы ғой. Сендер білесіңдер ме қазақстанда қаншама көп көл бар екен. Олардың суы таза, мөлдір қанша ішсең де шөлің қанбайды. Ал сендер суда жүзетін қандай құстарды білесіңдер?

Балалар: аққу, қаз, үйрек……

Күнкей: Киелі құс деп қандай құсты атайды?

Балалар: Аққу.

Күнкей: Мен білемін балалардың бәрінен де ойын ойнауды жақсы көретіндерің. Ал сендер ұлттық ойындарды білесіңдер ме?

Жүргізуші: Білеміз, ойнап көрсетеміз.

  1. «Бәйге» ойыны

  2. «Тақия» ойыны

Күнкей: Тамаша! Ұлттық ойынды ойнадық, ал енді қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

Балалар: домбыра, қобыз, асатаяқ, жетіген, сыбызғы т.б.

Күнкей: Жарайсыңдар ал осы домбыра аспаббында кім ойнай алады?

«Кішкентай домбырашылар ансамблі»

Күй: «Саржайлау» Құрманғазы

Күнкей: Отанымыз туралы көп біледі екенсіңдер, ал мақал - мәтел білесіңдер ме?

(балалар мақал-мәтел айтады)

1.Отан-қуат, отбасы-шуақ

2.Отан- оттан да ыстық

3.Өз елің -алтын бесігің

4.Отансыз адам -ормансыз бұлбұл

5.Жері байдың - елі бай

Күнкей:Тамаша!

Мақал -мәтелдерді де білесіңдер екен.

Жүргізуші: Ән «Күн әлемі»

Күнкей: Балалар, осындай керемет ертеңгіліктеріне көптен көп рахмет, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, сендердің шаттық күлкілерің жиылмасын, еліміздің қалаулы үлкен азаматы болыңдар! Ал енді мен кетейін, сау болыңдар!

Жүргізуші: Рахмет, Күнкей сау бол! Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.






Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар естиярлар тобының дайындаған «Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік» атты ертеңгілігіміз аяқталды.



Гульнур: Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі

Тұнығындай көңілді, -

Ортада - аспан әлемі.

Бақдаулет: Құт, береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Би: «Қазақта ел -қайда?» грамзапись

Жүрг: Еліміз егемендік алып, міне сендер таза ана тілінде сөйлей бастадыңдар. Тіліміз бен дініміз қайта оралды. Еліміздің нағыз ұлт-жанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары сендерсіңдер. Болашақтарың жарқын болатынына сенімім мол. Енді Отанымыз жайында тақпақтар тыңдайық.

Диана Докумб.: Шұғылалы таңымыз,

Қазақ жері - бағымыз

Қайнарынан мөп-мөлдір

Сусындайды жанымыз.

Темірхан: Қазақ жері - сәніміз

Мәуесі мол бағымыз

Саясында жетілер

Балдай бала шағымыз

Саин Мансур: Отанды біз атамекен

Деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз

Ән (хоровод) «Ағайынбыз бәріміз». М.Әубәкіров

Сабина: Отанды әркім анасындай,

Қастерлейді бағалап

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

Камила: Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан - ана, Отан - үлкен,

Қазақстан - туған ел.

Асылай: Ашық болсын десек елдің аспаны

Мөлдір судай тұнық болсын жастары

Сәбилерге үлгілі өнер көрсеткен

Балабақша тәрбиенің бастауы

Ән «Менің отаным». Әні О.Байдильдаровтікі.

Жүрг: Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып,білімдеріңді сынағым келіп тұр.

1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев)

2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

3.Біз қандай елде тұрамыз?

Жүрг: Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер. Оларыңа ризамын. Білімді азаматтар болып өсетіндеріңе сенімдімін.

Жүрг: Тал шыбықтай бұралған, қазағымның қыздары-ай

Сүйсіндірген биімен, өнерлі ғой қыздар-ай.

Домбыралармен би (грамзапись)

Жүрг: Біз көпұлтты егемен елміз. Тілімізге, дінімізге бөлінбей тату-тәтті бір аспанның астында, бір мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Түсімізге, нәсілімізге қарай да бөлінбейміз. Қазір достық туралы тақпақтарды тыңдайық. Айнұр: Барлық елдің бөбегі

Бір-бірімен туысқан.

Бәрімізге төгеді,

Өз шуағын күміс таң.

Заңғар: Бейбітшілік әніміз

Бауырласпыз бәріміз,

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз.

Ұлы Отанның аясында

Жадырайды жанымыз.

Оспан: Бізбен бірге бар әлем,

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген,

Өмір қандай тамаша

Ән «Достық» музыкасын жазған И.Нүсіпбаев.

Жүрг: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсындеп тілейміз. Егеменді елдің болашағы - сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын,

Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»

Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:Құрметті балабақша ұжымы, балабақша бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген, Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Күн дидарлы Қазақстан!» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Дильнура:Тәуелсіздік таңын сүйем .
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.
Фариза:

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсан өрендері ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерін мәңгілік сақталады.
Жанель:
Маған қымбат ұлы елімнің .
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді,
Азаттықтың таң нұры.
Дамир:
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.

Жарас: Бостандығым тұңғыш рет,

Аққанатын қаққан күн.
Ән «Қазақстаным»


(балалар орындыққа отырады)

залға күй ырғагымен қолында домбырасы бар Күнкей кіреді:

Мен сұлу Күнкеймін

Дауысым менің бұлбұлдай

Домбырамды қолға алсам,

Жадырайды Жер-Анам.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе Күнкей! Бізге келгенің қандай жақсы болды.

Сенен ерекше бір жылылық сезіледі. Ал бізде бүгін үлкен мереке - ҚР Тәуелсіздік күні.

Күнкей: Ия, бұл мереке жайында мен де көп естідім, ал сендер не білесіңдер?!

Жүргізуші: Әр мемлекеттің белгісі болады. Бұл белгілерді рәміздер дейміз.

Қанекей балалар ҚР рәміздерін атаңдаршы?!

Балалар: Елтаңба, Ту, Әнұран. (Слайд)

Елтаңба туралы тақпақ: 2 бала

Ту туралы тақпақ: 2 бала

Ән: «Елтаңбасы елімнің»

Жарайсыңдар балалар! Мемлекетіміздің рәміздерін жақсы біледі екенсіңдер. Ал осы біздің елбасымыз кім?

Балалар: Н.Ә. Назарбаев (слайдта Н.Ә.Назарбаевтың ант қабылдау бейнесі көрсетіледі)

Жүргізуші: 1992 жылы 4-ші маусымда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып, «Қасиетті ту желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!»- деген.

1 бала елбасы туралы өлең оқиды. (слайд)

Балалардың назарын Күнкей экранға аударады: Балалар мынау қандай қала таныдыңдар ма?

Балалар: Астана.

Жүргізуші: Отанымыздың жүрегі тәуелсіздігіміздің тірегі астана-қазақстанның жаңа бейнесі, жарық келбеті. Дүние жүзіндегі астаналардың ішіндегі ең жас қала - Астана.

Астана жайлы 3 бала өлең оқиды.

Күнкей: Ал тағы Қазақстанның қандай үлкен қалаларын білесіңдер?

Балалар: Алматы, Қарағанды, Ақтау, Атырау…..

Күнкей: Жарайсыңдар

Жүргізуші: Қазір балалардың орындалуында Қазақстан қалаларының тұсау кесері өтеді. («Презентация городов»)

(Слайд қазақстанның табиғаты»)

Жүргізуші: Қазақ жері - кең байтақ, ұлан - ғайыр дала. Оның табиғаты

Алуан түрлі, жері бай. Мұнда жазық дала да, көл де, шөл де, аймақ та бар.

Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар көптен кездеседі.

Ал келесі балалардың орындайтын әсем әні де осы жайында.

«Қазақстан» әні

(слайд қазақстан өзендері, судың сылдыр дыбысы естіледі)

Күнкей: Балалар, судың сылдырын естіп тұрсыңдар ма? бұл көлдегі судың дыбысы ғой. Сендер білесіңдер ме қазақстанда 5 мыңнан артық көл бар екен. Олардың суы таза, мөлдір қанша ішсең де шөлің қанбайды. Ал сендер суда жүзетін қандай құстарды білесіңдер?

Балалар: аққу, қаз, үйрек……

Күнкей: Киелі құс деп қандай құсты атайды?

Балалар: Аққу.

«Аққу» биі.

Күнкей: Мен білемін балалардың бәрінен де ойын ойнауды жақсы көретіндерің. Ал сендер ұлттық ойындарды білесіңдер ме?

Жүргізуші: Білеміз, ойнап көрсетеміз.

  1. «Киіз үй» ойыны

  2. «Шапшаң жігіт» ойыны

Күнкей: Тамаша! Ұлттық ойынды ойнадық, ал енді қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

Балалар: домбыра, қобыз, асатаяқ, жетіген, сыбызғы т.б.

Күнкей: Жарайсыңдар ал осы домбыра аспаббында кім ойнай алады?

«Кішкентай домбырашылар ансамблі»

Күй: «Түркімен»

Күнкей: Отанымыз туралы көп біледі екенсіңдер, ал мақал - мәтел білесіңдер ме?

(балалар мақал-мәтел айтады)

Жүргізуші: Би «Отан»

Күнкей: Ал, балалар осындай керемет ертеңгіліктеріне көптен көп рахмет, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, сендердің шаттық күлкілерің жиылмасын, еліміздің қалаулы үлкен азаматы болыңдар! Ал енді мен кетейін, сау болыңдар!

Жүргізуші: Рахмет, Күнкей сау бол! Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.



«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Еркем - ай» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
(қол соғып киінген ата - аналар кіреді)

Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Ән: «Шырша жыры»

Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.

Г. Наргиза: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Нұрхан: Шыршамызда қаншама
Түрлі - түсті шырақтар
Күлгін түсті тоқаштар
Жарқыраған алтын бар.

Асылназ:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)

Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет

Аю: - Здравствуйте, ребята! С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай - шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...
Балалар: иә.

(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)

Маша. - Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)

Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)

Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)

Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.

(шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі - түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.

Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жылқы - Мұрагер
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Ән: «Аяз Ата»
Нұртай:
Киіндік ұл мен қыз
Аң болып, жан болып
Танымай тұрсын деп
Досымыз таң болып.

Абылайхан:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.

Қайырқұл.
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.

Ұлан:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.

Ақниет:
Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз.

Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.

Қ. Наргиза.
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен.

«Ұлпақарлар» биі

Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Шаттық:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.

Санжар:
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын Ақшақар!

Рамазан:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.

Қуанышбек:
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.

Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын жылан жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, жылан қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.

(жылтыр сандық ішінен жылқы билеп шығады)
Би: жылан - Елшат
- Ау, жылқыжан сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.
(Ата - аналармен сұхбат.)
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
(алдымен ата - аналар, содан соң балалар)

Аяз ата: мына ата - аналар да мықты екен. Енді мен дем алсам деймін.
Жүргізуші: Иә, ата, дем алыңыз, ортамызда биші ата - аналарымыз да бар. Тамашалайық!

Би: « Үнді биі»
Жылқы - Елшат
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.

Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Жылқы - Мұрагер
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін

Жандаулет:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

Нұрасыл:
Қандай әсем шартарап
Шаттық күйге бөлеп тұр
Кәмпиттерңн арқалап
Аяз ата келіп тұр.

Би: үнді биі (Абылайхан мамасы мен ағасы)

Нұржас:
Жамылған ақ мамық, ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.

Ерсін:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақтон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Әсел.
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жылтырап жатады.

Әсем:
Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті - ақ
Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ.

Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)

Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо - хо. Охо - хо.

(осы кезде ит шыға келеді)
Ит:
Ей, қасеке, қасеке
Сен де адал есессің.
Мен тұрғанда қозы, лақ
Оңайлықпен жемессің.
Аф - аф - аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Тақпақ айтып беремін.

Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды)

Жүргізуші: Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген және он саусақтарынан өнер тамған ата - аналарым мен балаларым бірлесіп ойыншықтар жасап әкеліп көрмеге шын жүректерімен қойған ата - аналарды марапаттағым келіп тұр.
(ата - аналарға алғыс хат табыстау)

- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!











Жаңа жыл ертеңгілігі балабақшада сценарий

Жаңа жыл

Залдың ортасында сәнді шырша.
Жүргізуші:Даламызға,қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға,балаңызға
Жалынды сәлем береді.
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар,
Таңырқанып тұрмаңыздар.
Сәнді шырша шақырады.
Шырша жырын жырлаңыздар.
Келіңіздер,келіңіздер,
Би де билеп беріңіздер.
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер.
(Балалар шырша түбінде жайғасып отырады.Ертегі тамашалайды.)
Жүргізуші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық-қызық сырлар бар.
Соныменен,балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
Қараңдаршы балалар,айналаға.Сондай әдемі,өздеріңде әдемі болып кетіпсіңдер.Мынау не?Жамылғы ғой балалар.Бұл жай жамылғы емес екен жарқыраған,әдемі жұлдызды жамылғы.
-Сендер білесіңдерме,бұл кімнің жамылғысы?
-Иә,бұл ертегі елінің ханшайымы Шахерезаданың жамылғысы.Балалар мен жаңа айтып өттім.Бұл жай ғана жамылғы емес,жаңа жылда не тілесек,тілегімізді орындайтын жамылғы екен.Ендеше жамылғының сыйқырлы жұлдызшасын ұстап, сыйқырлы сөзді айтайық не болар екен?
Балалар:
Ертегі,ертегі
Таңырқат біздерді.
(Ән әуенімен Шахерезада келеді)
Шахерезада:Менің атым Шахерезада Шығыс елінен келдім,мен ертегі айтқанды жақсы көремін.
Жүргізуші:Шахерезада біз жамылғыңызды тауып алдық.
Шахерезада:-Рахмет,менің сыйқырлы жамылғымды тауып бергендеріңе.Мұндағы әрбір жұлдыз ертегіге айналады.Жұлдызшаны қолымызға алсақ,ертегілер елінен бірақ шығамыз.
Жүргізуші:Балалар Шахерезада жұлдызшаны қолына алды,сыйқырлы сөзді айтуымыз керек.

Балалар:
Ертегі,ертегі
Таңырқат біздерді.
(Ән әуенімен Алладин кілемшемен,қолында шамы бар келеді)
Алладин:Қолындағы шамды уқалай бастайды.
(Жарық өшіп,үлкен ірі жын шығады.)
Жын:У-ух-хо-хо-ха-ха
(Алладин аяғына жығылады.)
Алладин:Шегініп сен кімсің?
Жын:Мен сенің құлыңмын тақсырым.Не бұйырасың? Тез арада орындаймын.Тасқа айналдыр десең,тасқа айналдырамын.Қатырып таста десең қатырамын.

Алладин:Міне керемет! Мен жаман іспен айналыспаймын,мен Шығыстың әдемі қыздарының арасында болғанды қалаймын тезірек орында.
Жын:Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Би:Шығыс биі.
Алладин:Рахмет жын,ертегі айтатын Шехерезада осыма?
Жын:Иә,бұл біздің Шехерезада.
Алладин:О,сұлу қыз жынды шамымен саған сыйға беремін,ал.
Шахерезада:Рахмет Алладин.
Алладин:Мен сыйлық бергенді ,жақсылық жасағанды жақсы көремін.Сау болыңдар.
Жын:Әмір беріңіз ханымым.
Шахерезада:Жын Аяз атаны мерекеге тезірек келуіне көмектес.
Жын:Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Аяз атаның дауысы:Келемін асығып келе жатырмын.-Сәлеметсіңбе мереке,жұлдыздай жарқыраған.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Аяз ата,көптен күткен.
Аяз ата:-Сәлеметсіңдер ме қыздарым мен ұлдарым.Мен сендердің мерекелеріңе асығып ұзақ жүрдім.Көп сыйлықтар әкелдім.Қарша қызым қайдасың?Сыйлығым кәне көрсетейік.
Сыйқыршы:Алладин қайда?Шам қайда?Шахерезада айт кәне.
Шахерезада:Шамның саған не керегі бар.Жынды шақырып жаман істермен айналыспақшысың ғой.Кет бұл жерден әйтпесе саған жаман болады.
Сыйқыршы:Әп бәлем сен мені қорқытпа.Әйтпесе Аяз Атаны сыйқырлап,сені алып кетемін,жаңа жылда сыйлық болмайды.Ух-ха-ха-ха деп сыйқырлайды.Сыйқыршыларым жиналыңдар өнерлеріңді көрсетіңдер.
Би:Сыйқыршылар.
Жетеді.Биледіңдер енді жұмысқа кірісіңдер Аяз Атаға шабуыл жасап сыйлығын тартып алыңдар.
Шахерезада:Балалар қайғырмаңдар .Жұлдызды жамылғыдан жұлдыз алайын жын көмекке келеді.
Жын:Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Сыйқыршы беталды әуре боласың.Мен сенің сыйқырыңды жоямын,жаман істер істемейтін боласың.Жақсы сөз айтып жүретін боласың.
Сыйқыршы:Кешірші Аяз Ата.Енді жаман іспен айналыспаймын.
Аяз ата:Кешірейік балалар.Сыйқыршы ескі жылмен жаңа жылды сахна төріне сыйқырлап әкелсін .
Сыйқыршы:Жарайды Аяз Ата дегенің болсын.
Қоян мен ұлу келеді.
Аяз ата:Қоян жылы көп жақсылық әкелді.Енді Ұлу жылы көп жақсылық болсын.
(қоян және ұлу болып киінген бала кіреді)
Жүргізуші:Ақ сақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына сыйлық алып келеді.
Ол кім балалар?
Балалар:Аяз Ата.
Жүргізуші:Ендеше Аяз Атаны ортаға шақырайық. Шыршамыздың шамдарын жақсын.
Аяз Ата:1,2.3
Шырша шамы жан.
Шыршаға арнаған әндерің бар ма?
Ән:Шырша.
Жүргізуші:Ал,балалар,мерекені ары қарай жалғастырайық.
Аяз Ата алыстан шаршап келді,олай болса тақпақ айтып берейік.
Тақпақтар.
1.Ақша қар жұмбақ жасырады.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Қар.
Ән:Ақша қар.
Аяз ата маған деген әндерің қайда.
Ән: Аяз ата.
Аяз ата:Жарайсың балаларым!Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарың да ақылды,білімді де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерің қандай әдемі!Солай емеспе қызым?Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.Ал,балаларым,сендер өсе беріңдер,өркендей беріңдер.Аспандарың ашық болсын!Қош болыңдар!
Жүргізуші:Құрметті,балалар 2012жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Жаңа жыл құтты болсын!Отбасыларыңа тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Барлық кейіпкерлер сахнада Жаңа жыл әнін орындайды.













Утренник Күн дидарлы Қазақстан





Утренник Күн дидарлы Қазақстан

© 2010-2022