Презентация Орманға ойша саяхат

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нұрға бөлену .

Ынғайланып отырыңыздар , денелеріңізді түзу ұстаңыздар . Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз ,қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады . Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінем .

Елестетіп көріңіз : Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп , кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан . Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді . Балғын таза , әсем гүл сіздің әр ойыңызды , әр сезіміңізді , эмоцияңызды ,тілек қалауыңызды шайып жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде .Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда .Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі .Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда .Олар сіз тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады .Олар нұр мен махабат құралына айналады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға , тілігізге тарады . Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздерді ғана айтады .Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді .Нұр көзімізгеде жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап ,бәрінен жақсылықты ғана көреді .Сіздің басыңыз түгелдей нұр бөленіп,басыңызға тек ізгі ,сәулелі ой келеді .

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды , сіздің денеңізден шығып , жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, достарыңызға , таныстарыңызға бағыттаңыз . Нұрды уақытша түсініспей , рінжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз . Олардыңда жүрегі нұрға толсын .

Осы нұр бұкіл әлемге : барлық адамдарға , жан-жануарларға, өсімдіктерге , тірі жанға таралсын ... Ғаламның барлық түкпір -түкпіріне нұр бағыттаңыз . Ойша айтыңыз : «Мен нұрлымын ... Нұр менің ішімде... Мен нұрмін .»Осындай Нұр ,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде . Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз .

Жаймен көзіңізді ашуға болады .Рахмет.



« Сайрам ауданының Көлкен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

«Шапағат балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны .



Тақырыбы: «Нұрға бөлену»

(тәрбиешілерге арналған тренинг)



Психолог : Рустемова Н.

2015-2016 оқу жылы .

© 2010-2022