Тақырыбы Ана тіршіліктің тірегі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ана тіршілік тірегі»

Мақсаты:

Балаларға аналар мерекесі туралы толығырақ түсінік беру.

Көктем мезгілінің алғашқы мерекесі жайында білімдерін

тиянақтау. Әндер,тақпақтар айту арқылы , аналар мен қыздарды мерекесімен құттықтау. Ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Балаларды мейірімділікке, анаға деген сүйіспеншілікке сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер: Сұрақ, ойын, тақпақ өлеңдер.

Көрнекілігі: Ойын атрибуттары : гүл, қыстырғыш, киімдер,ілмек жіп





«Балбөбек» бөбекжайы КМКҚ

Ана тіршіліктің тірегі



Тақырыбы Ана тіршіліктің тірегі





Приозерск қаласы 2015ж



Жүргізушілер Айгул. Сұлтан:

Қош келдіңіздер қымбатты аналар, арулар!

Жүргізуші Сұлтан: Ардақты әжелер мен апайлар

Жүргізуші1: Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі «Ана- тіршіліктің тірегі» атты мерекелік ертеңгілігіміз аналарға арналады.

Жүргізуші Сұлтан: Көктемнің алғашқы Аналар мерекесі құтты болсын

«Достық» тобының бүлдіршндерін қарсы алайық!

Ж: Айгул: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

Құрметті аналар, балабақша апайлары! 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер!.

Сұлтан: -Кәне достар , бізге құтты қонақтар келіпті, қонақтармен амандасайық.

Күннің көзі ашылды

Көкке шуақ шашылды

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал қанекей бәріміз,Сәлем дейік үлкенге!

Сәлеметсіздер ме? қонақтар

Жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған жыр тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Салтанат: Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым.

Тақпақ айтып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

Данил: Анам мені «Айым» дейді,

Мен мұңайсам уайым жейді.

Анам мені «Күнім» дейді

Мен қуансам күлімдейді.

Айгерим: Сіздерден өскен даналар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммыңмен

Құрметті біздің аналар

Дәулет: Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық.

Жүргізуші: Сұлтан мен бір жұмбақ жасырайын шешуін тауып көріңдерші

Күн жылынып,қарлар еріп,

Сай сағала ағады.

Құстар келіп,жер көгеріп

Бәйшешек өсіп шығады

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай мезгілде болады.

Балалар: Көктем

Жүргізуші: Олай болса Көрікті көктемді қарсы алайық

( сазды әуенмен Көктем келеді)

Көктем сөзі: Мен көктеммін, көктеммін,

Шуақ шашып алдыңа

Былтыр келіп кеткенмін!

Армысыздар аяулы асыл аналар, бармысыңдар балғын бүлдіршіндер!

Менің де шуақ шашқан жылуымды, шаттық күндерімді сағынған

боларсыңдар !

Жүргізуші: Ия көктем , біздер сенің арайлап шашқан көктемнің алғашқы мерекесі Аяулы аналар мерекесін тойлап ,аналарымызды құттықтап жатырмыз.

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар . Ана -отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты бүлдіршіндеріңіздің әсем әнін қабыл алыңыздар.

Көктем : Бәрекелді, олай болса мерекелік шашуымызды бастайық

Ән: «Анашым»,

Жүргізуші: Сұлтан : Жанымызды жайнатқан

Сіздер сіз ғой Аналар

Зор ден саулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар

деп достарымның тақпақтарын тамашалайық.

Ж; Айгүл

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда Гүлдер биімен қыздар тобы биімізді тамашалаңыз

Би: «Гүл көбелектері»

Гүлдей жайнап тұр өңі
Мейірлене күледі
Үйдегі бар шаруаға
Үлгіреді бір өзі
Ж. Сұлтан: Аналар сіздермен ойын ойнасақ.
Ойын шарты бойынша үйдегі күнделікті атқаратын тірліктерін пантомимо арқылы көрсетеді.

Ол үшін мына конверттерден өз қалауларыңызбен біреуін таңдаңыздар Анасы понтомимомен конвертте берілген тапсырманы бейнелейді,балалар қандай қимыл екендігін табуларың керек

Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.
Сүйікті аналар сіздерге арнап би билейді қыздарым

Би: Жігіттер биі

Жүргізуші: С Жамандақтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтан қылып

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып-деп

келесі кезекті достарымның тақпақтарына берейік

Бекарыс: Әжем менің әліде

Ұқсамайды кәріге

Шәй қайнатып береді

Біздің үйдің бәріне.

Әли: Жанымызды жайнатқан

Сіздер сіз ғой аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар

Алина: Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Шөлдедің бе дана әжем

Нұржан: Ана-өмір шырағы

Ана өмір бұлағы

Жүрегімде тұрады

Бесігімнің жыр әні

Нұрлан: Ойнаймыз күлеміз

Жарқылдап жүреміз

Роллан: Еркелеп

Тима: Шәй қайнатып берейін

Шекер салып жан әжем

Өзім құйып берейін

Балдай тәтті жан әжем

Ахмад

Жүргізуші

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Жырларын аналарға бағыштайды-деп топтың әншілері Әнші балапан байқауының жеңімпаздары Жиенбай Сұлтан,Кеңес Салтанат және Аллаберген Бекарыстың орындауында

«Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Өнеріміз сайыста
Жетелейді алысқа
Бүгінгі күннің жеңісі
Достық болып қалуда-:деп кезекті ойынға берейік

Ойын: «Қыздарға гүл сыйлайық»

(вальс билеп жүріп алады.)

Көктем : Ой бәрекелді балалар , ойларыңда , бойларыңда өсіп қалыпты,өнерлі екенсіңдер!

Ана -барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Құрметті қонақтар ,біздің «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!







© 2010-2022