Алтын күз! Тәрбие сағаты

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕ

«№47ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП»

«Балапан» тобы.

«АРМЫСЫҢ АЛТЫН КҮЗ!»

Алтын күз! Тәрбие сағаты



Тәрбиеші: Жакеева. А.Е

2012 жыл.

Семей қаласы.

Алтын Күз!


Залға музыкамен балалар кіреді.


1. Тәрбиеші: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар.Көптен күткен «Алтын Күз» мерекесіде келіп жетті.

«Армысың Алтын Күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Береке,бақ дарыған

Жомарт көңіл, жарқын жүз

Сары алтынға малынған,

Жетті міне, алтын күз.


Келістіріп бар сәнін,

Берген өзі табиғат.

Алтын күзді ал, қане,

Қарсы алайық, жамағат!

«Алтын күз» Әдемі:

Алтын,алтын сары алтын

Алтын күзде нұр жатыр

Біз мектепке баратын

Алақай- ау күн жақын.

Жемісі көп не деген

Жеп тауыса алмайсың

Өрік, шие, балы бар

Қарбыз, қауын көбейді

Жегің келсе бәрін ал

Неге аласың демейді

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген!



Құралай: Жомарт көңіл, жарқын жүз,

Берекесі елімнің:

Қош келіпсің, Алтын күз-

Құт қонағы төрімнің!


Ансар: Алақай, күз келді,

Қарық қып жеміске.

Сарғайды түз белде

Толықсып егіс те.



Нұрәли: Алмұрты, алмасы,

Жүзімі, өрікпен:

«Біреуін таңдашы»-

Дегендей көрікпен.



Шыңғыс: Көз жауын алады,

Бірінен- бірі өтіп.

Төгіліп қалады,

Жел соқса дүр етіп.

Бексұлтан: Ал, жүгір теріп ал,

Таптамай бекерге.

Шырынды дәмі бал

Таңдайдан кетер ме!



Ерлен: Күз сыйы бәрі де,

Табиғат дәулеті.

Туған жер әрі де

Күзбенен сәулетті!

2. Тәрбиеші:

Ал, енді балалар біраз демалып, сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті «Алма бақ»

Ән тербетіп әлемді,

Шарықтасып күлкі-ойын!

Қарсы алайық, ал енді,

Қонақтарын бұл тойдың.

Қарлығаш: «Таңқурай» Тілді үйірер дәмім-бал,

Күн көзімен жалындар,

Қасиетті жеміспін,

Бойымда шипа, дәру бар.

.

Дамир: «Қауын» Күз жеткенде тамылжып,

Дастарқаннан табылдық.

Мына бізден жасалар

Қауын қақ пен қауын құрт.



Ернұр Е: «Асқабақ» Өсем бақша-бауыңда,

Қатты ұқсаймын қауынға,

Жемек болып шикідей,

Күлкі болма қауымға.


Әсем: «Жүзім» Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім

Іші толған шәрбәт

Дәмі қандай әйбәт

Үзесін бірден жүзіп

Менің атым- жүзім.




Айғаным: «Апорт алма» Апорт дейтін алма бар

Жер жаратын атағы

Ондай алма қайда бар

Алматы оның Отаны.


Ақнұр: «Көк алма» Жас түйнек көк алма

Түсіп қапты көгалға.

Көктей жұлған оларды

Сотқар бала оңар ма?




3. Тәрбиеші: Құралайдың орындауында «Қошақаным» әні

Қабылалыңыздар.


4. Тәрбиеші: Ойын : « жеміс-жидек жеп, оны тап!»

5.Тәрбиеші: Пісіп-толған кездерін,

Тапқыр сөзбен сымбаттап.

Біраз қонақ өздерін,

Таныстырсын тақпақтап.

Ермек: «Алмұрт» Мен алмұртпын, алмұрпын

Аузындамын бар жұрттың!

Әлижан: «Әңгелек» Сары алтындай әңгелек

Қандай тәтті әңгелек

Дәмі аузыңнан кетпейді

Балыңда оған жетпейді!

Бауыржан: «Өрік» Дөп- дөңгелек сарымын

Ішімде бар дәнім

Қызығасын көріп

Меңін атым өрік!

Аслан: «Асқабақ» Асқабақтын дәмі, таңдайымда әлі

Кептірілген дәні, таптырмайтын дәрі.


Гүлайым: «Құлпынай» Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша-бақ.

Күрен қызыл шіркін- ай

Менің атым құлпынай!

6. Тәрбиеші: Ал, енді ортаға мың бұралған

Бишілерімізді шақырамыз. «Қара жорға» биі.


7. Тәрбиеші: Қалған жеміс-жидектерімізді ортаға шақырайық.


Кенесары: «Қауын» Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштықта

Қап-қап қауын алдық біз!

Жадыра: «Таңқурай» Тұмау тисе қыс күні

Көтерілсе ыстығын

Таңқурайдың қағымен

Ыстық шайды іш күнім!

Мерей: «Бидай» Нан атасы бидаймын

Елге астық сыйлаймын

Дәнім толық піскенде

Қауызыма сыймаймын!


Мансұр: «Алма» Бұтақты иіп салмағы,

Қызарды алмалар.

Піскен кезде алманы,

Өзің келіп таңдап ал.



Саян: «Шие» Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін!

Ернұр.О: «Жеміс» Қызығамыз біз көріп,

Олар әлі-ақ піседі.

Жел соққанда күз келіп,

Үзіліп те түседі.


Нұрсұлтан: «Алма» Мен алмамын, алмамын.

Таңдай жұлар бар дәмім.



8. Тәрбиеші: Қосып білім нұрға- нұр,

Біз де, міне, жарқыңбыз.

Рахмет мың да бір,

Рахмет, Алтын күз!


Жомарт жүрек, жарқын жүз,

Көңіліңді хош көрдім.

Айшуақты Алтын күз,

Қош, қош енді, қош болғын!



Тәрбиеші:

Осымен «Армысың Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Зейін, қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Алтын күз мерекемізді қорытындылап, балаларымызды марапаттауға сөз кезегі, келіп отырған қонақтарға беріледі.


КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ

«№47ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП»


Алтын күз! Тәрбие сағаты

«Армысың - алтын күз!»

Алтын күз! Тәрбие сағаты


Тәрбиеші: Нигметуллина А.Қ.



Семей қаласы.

2012 жыл.


Алтын күз!

Залға музыкамен балалар кіреді.

1.Тәрбиеші:Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар.Көптен күткен «Алтын Күз» мерекесіде келіп жетті.

«Армысың - алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Береке,бақ дарыған

Жомарт көңіл, жарқын жүз

Сары алтынға малынған,

Жетті міне,алтын күз


-дей келе, кішкентай бұлдіршіндеріміздің сіздерге арнаған шағын концерттік бағдарламамызды ұсынымыз!

Алтын: Жайдарлы күз, жарқын күз,

Аяаулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ең далам,

Дариядай шалқып жүр.



Нұрәділ: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз



Еркежан: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Әли.Ж. Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін,

Біздің дала-бай дала,

Алтын астық айнала.



Мират: Шырқалса егер аяаулы әні,

Құстың ерте оянғаны,

Жапырақтартың сарғайғаны.

Сары күздің таянғаны.



Алмат: Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала - бай дала,

Алтын астық айнала.


2.Тәрбиеші: Ал, енді «Шалқан» ертегісін тамашалайық!

3.Тәрбиеші: Пісіп-толған кездерін,

Тапқыр сөзбен сымбаттап.

Біраз қонақ өздерін,

Таныстырсын тақпақтап

-деп ортаға жеміс-жидектерімізді шақырайық.

Ұлжан: Тұмау тисе қыс күні

Көтерілсе ыстығын

Таңқурайдың қағымен

Ыстық шайды іш күнім!



Диляра.Қ: Мен алмұртпын,алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың!



Т.Әли: Алма, өрік бәрі бар,

Жүзім шие көбейді.

Жегің келсе бәрін ал,

Неге аласың ? демеймін.



Роллан: Мені бәрі жүзімдер,

Бір-бірлеп-ақ үзіп жер.

Дәмі кетпей аузынан,

Жеген адам шырындер.

Дариға: Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша-бақ.

Күрен қызыл шіркін-ай

Менің атым құлпынай!



Сабина: Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін!



Іңкәр: Мен өрікпін,өрікпін.

Табиғатқа көрікпін.

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.




Ұлпан: Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім



Алина: Көркейткен ауланы,

Көріңдер алманы.

Тіліңді үйірер,

Шырынды мол дәмі.


4.Тәрбиеші: Ал,енді ортаңа мың бұралған бишілерімізді шақырамыз.

«Қара жорға» биі.

5.Тәрбиеші: Енді ортамызға көкеністерімізді шақырайық.

Алуа: Теңбіл-теңбіл қарбызды

Тентек Серік жарғызды

Ернар: Мен қалың киімді ұнатамын,

Шешіндірсең жылатамын.


Т.Диляра: Жер бетінде шашым бар,

Жер астында басым бар

.

Аяжан: Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күште де.

Піскен кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен.

Ильзат: Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.


6.Тәрбиеші: Топтық би: «Күзгі вальс»

7. Тәрбиеші: Қазір біздің бүлдіршіндеріміздің орындауында «Қошақаным» әнін қабыл алыңыздар!

8.Тәрбиеші:

Қосып білім нұрға-нұр,

Біз де,міне,жарқыңбыз.

Рахмет мың да бір,

Рахмет,алтын күз!

Жомарт жүрек,жарқын жүз,

Көңіліңді хош көрдім.

Айшуақты Алтын күз,

Қош,қош енді,қош болғын!


9.Тәрбиеші: Осымен «Армысың-Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!


© 2010-2022