«Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Емхана» сюжетті - рөлдік ойыны.

Мақсаты:

1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, емхана сюжетті - рөлді ойын шартын түсініп ойнауға.
2. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту.
3. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: емхана заттары, дәріхана заттары, жемістер, көкөністер, айран, ірімшік.
Мотивациялық қозғаушы кезең:
Балалар, бүгін ерекше күн.
Бізге қонақтар келіп отыр. Алдымен шаттық шеңберіне тұрып амандасып алайық.

Балалар шеңбер бойымен тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Қайырлы таң көк аспан,
Қайырлы таң Жер-ана
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы таң қонақтар!

Балалар, әлемде әртүрлі мамандықтар иелері бар. Мысалы: мұғалім, құрылысшы, полиция,тігінші,жүргізуші, суретші, дәрігер. Біз сол бір мамандық иесі дәрігермен танысамыз. Дәрігер - ол адамдардың дені сау болу үшін көп еңбек етеді.

Біз бүгін емханаға барамыз. Машинаға отырып емханаға барайық. Міне біз емханаға да келдіп жеттік.
Мынау, балалар, тіс дәрігерінің бөлмесі. Алинұрдың тісі ауырып тұр екен.
Дәрігер - Ильяс тісін көріп беріңізші.
Дәрігер тісін қарайды.
Дәрігер:
- Алинур, сен көп кәмпит жегенсің ғой, тісін қарайып кетіпті ғой. Бұл тісті жұлып тастау керек. Алдымен укол салу керек. Укол салады, жұлады. Енді сенде мықты тіс өседі.
Тіс дәрігері кеңес береді. Тәтті көп жеуге болмайды. Тісті күніне екі рет тазалау керек. Сонда тістерін ауырмайды.

Мынау - «балалар» дәрігері. Сендердің іштерін, тамақтарын ауырса осы балалар дәрігері сендерді қарайды.

Дәрігер:
Біздің Азизаның тамағы ауырып тұр. Дәрігер тамағын қарайды, тыңдайды. Градусник қояды.
- Бұл баланыңыстығы бар екен ғой, тамағы қызарып тұрғой. Онда бұл балаға укол салайық. Дәрігер укол салады. Енді суық су ішуге болмайды, балмұздақ жеуге болмайды.

Сезімнің іші ауырып тұр. Сезім неге ішін ауырып тұр. Сен алманы жумай жегенсің ғой. Жеміс, жидектерді жуып жеу керек. Жуып жемесеңдер іштерін ауырады. Және тамақ ішер алдында қолды жуып жеу керек.

  • Рахмет дәрігер.

Міне, балалар, енді біз білетін боламыз. Қалай тісті күту керек екенін. Тісті күніне екі рет тазалау керек. Кәмпит көп жеуге болмайды. Және де суық су, балмұздақ көп жеуге болмайды, көп балмұздақ жесе тамақтарын ауырып қалады.
Ендеше балалар, біз бір ойын ойнайықшы.
Ойын: «Дәрігерге керекті құрал-жабдықтарды тап»
Шарты: үстел үстінде дәрігердің заттары және басқа да заттар араласып жатады. Сол заттардың арасынан тек дәрігердің заттарын тауып алу керек.
Жарайсыңдар балалар!
Балалар, біздің денсаулығымыз мықты болсын десек біз пайдалы тамақ жеу керекпіз. Мысалы: картоп, ірімшік, айран, жаңғақ, алма, алмұрт, балық, қарақат,ет т.б.

Қане кім бізге дәрумендер туралы айтып береді.

Інжу: А болады асқабақ, өрік, айран, салатта.
Еркеназ: В балық, картоп, асқабақ, сиыр еті, жаңғақта.
Гүлім: С апельсин, алмұртта.
Сезім: Д балық майында.
Ильяс: Е қарақаттан табылар.
Кане кім денсаулық туралы мақал-мәтел біледі?
Шырын: Денсаулық - өмір тірегі.
Медина: Денсаулық - зор байлық.
Жанерке: Тазалық-денсаулық кепілі.
Аялы: Дені саудың- жаны сау.

Рахмет, балалар.
Енді біз білеміз қандай дәрумендер болады екен.

Деніміз сау болу үшін біз дәрумені бар тамақ ішу керекпіз. Көп шынығуымыз керек.

«Дені саудың-жаны сау» - дей келе бүгінгі ойынымызды аяқтаймыз. Келген қонақтарға рахмет.

Өткізген: «Бастау» балабақшасының тәрбиешісі:

Мукушева Индира Мертаевна

Жарма ауданы, Шуақ ауылы



«Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

«Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.





© 2010-2022