План урока в группе предшколы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Бау-бақшада» (Дидактикалық ойын)

Мақсаты: Бау-бақшада өсетін жеміс-көкөністердің қасиеттерін көлемі, иісі, түсі, дәмі, пішінін білдіретін сөздермен сөздік қорын байыту. Жалпы жинақтай түсінігін білдіретін сөздерді жемістер, көкөністер сөздік қорларын жетілдіру.

Сөздік жұмысː сөздер, көкөністер,жемістер.

Көрнекіліктерː Буклеттер,сюжетті суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберін құрып,қол ұстасыпː«Қайырлы күн,бүгінгі күн шуақты да,нұрлы болсын»,-деп,бір-біріне тілектер тілейді.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық ізденіс



Әңгімелесу сұрақтар арқылы ː Сәлеметсіңдер ме,балалар! Балалар бүгінгі сабағымыз тіл дамыту.

Қазір қандай мезгіл? Ауа райы қандай?Суық па? Жылы ма?

Ал біздің тақырыбымыз «Бау-бақшада» қандай жемістер-көкеністер өседі?

-Балалар бізге әжей ғажайып дорба беріп жіберіпті.

-Ғажайып дорбаны кім ашады?

-Қане Ансар ашағой.

-Қане қарайық ішінде не бар?

-Мынау не кім айтады?

-Қияр жеміс пе көкөніс пе?

-Қияр қандай пішінге ұқсайды?

-Ал балалар мынау не?

-Алма қандай пішінге ұқсайды?

-Алма қайда өседі балалар?

-Балалар алманың дәмі қандай?

-Ал балалар мынау не?

-Балалар пияз дөңгелекке де сопақшаға да ұқсайды.Ұқсайды ма?

-Пияздың дәмі қандай?

-Балалар маған жемістерді кім атап көрсетеді?

-Ал көкөністерді кім атайды?

-Көкеністер мен жемістердің суретін саламыз.

Балалардың қызығушылығы оянып,Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Күз мезгілі.

Суық.


Бұл қияр

Қияр көкөніс.

Сопақшаға.

Бұл алма.

Дөңгелекке ұқсайды.

Алма ағашта өседі.

Алманың дәмі тәтті.

Бұл пияз

Ұқсайды.

Пияз ашшы, ол адамды жылатады.

Жансая: Алма, алмұрт, өрік, жүзім , банан, анар.

Бекзат:Қауын,қарбыз,кәртөп,қызанақ,сәбіз, қызылша.

Рефлексивті-коррекциялау

Сергіту сәті.«Ойнайық»

Д\Ойын «Шалқан ертегісін ойын түрінде көрсетеміз»

«Жемістер мен көкөністердің» өлеңін жатқа айтқызу.

Ойынды қызығушылықпен ойнату.

Өлеңді жаттауға тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Біледіː Жеміс пен көкөніс түрлерін оның ішінде түстерін,дәмдерін,пішінін ажырата алады.

Игередіː Олардың қайда өсетіндерін түсіне алады.


© 2010-2022