ӘДЕПТІЛІК - ӘДЕМІЛІК ӘЛІППЕСІ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ӘДЕПТІЛІК - ӘДЕМІЛІК ӘЛІППЕСІ


«Қант зауыты орта мектебі мектеп

жасына дейінгі шағын орталығы бар»

мемелекеттік мекемесінің

биолог- психологі,

Алакөл ауданы «Нұрай»

балабақшасының психологі

Кыдырбаева Анар Арыстановна

Сабақтың тақырыбы:ӘДЕПТІЛІК - ӘДЕМІЛІК ӘЛІППЕСІ

Мақсаты:

1.Балаларды әдепті сақтауға үйрету;

2.Баланың бойына қайырымдылық, сыйласымдық қасиеттерін сіңіру; 3.Кішіпейілділікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты суреттер, тақпақтар, күннің пішіні, тірек-сызба.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың тәсілі: демонстрация, дилог, жапсыру

І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық зейінін тұрақтандыру.

ІІ.Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы

1.Кіріспе сөз: Балалар, жер бетіндегі адамдар ұлтына, түріне, жасына байланыссыз әдепті болғысы келеді. Ал әдепті адам сыртынан өте әдемі болып көрінеді. Сендер қашанда әдемі болғыларын келсе, бүгінгі сабағымызға белсенді қатысыңдар.

2.Диалог құрастыру. Балалардың ойын білу.

-Әдепті бала қандай болу керек?

-Өзіңді әдептімін деп ойлайсың ба?

-Әдепсіз бала қандай болады?

ӘДЕП деген не?3.Тірек-сызба бойынша жұмыс.


Әдепті адам әдемі бола ма?

Әдепті болу үшін не істеу керек?


Әдепті қылық пен сөздерді үйренейік!

Кешіріңіз. Рахмет. Оқасы жоқ. Кіруге бола ма? Рұқсат па? Сіз үшін қиын болма са? Орын беру. Ойыншыққа және затқа таласпау. Төбелеспеу. Үйді және заттарды шашпау. Үкенді тыңдау. Кішіге көмек көрсету. Дауыс көтермеу. Жануарларды соқпау. Гүлді жұлмау. Затты теппеу.

4.Сергіту сәті. «Атағанды тап!»

5.Ойын «Мен әдепті әрі әдемі баламын!»

Үлкен кісі жұмса са

Қайда болсын барамын.

Төсекті өзім жинаймын

Ешкімді де ұрмаймын.

Ешкім маған тимейді,

Мен де бәрін сыйлаймын

Тату өскен баламыз,

Айтқан тілді аламыз

Нанға кетсе мамамыз

Үйде өзіміз қаламыз.

Ойыншықты шашпаймыз,

Терезені ашпаймыз.

6.Бекіту. Күннің шуақтарын жапсыру. Әр шуақта балалардың және тәрбиешілердің суреттері жапсырылған. Әр шуақты орналастырғанда әдепке байланысты ойлар айтылады.

7.Қорыту: Әдептілік адамның тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, балалар,қазірден бастап әдепті болайық.


© 2010-2022