Баланың ортаға қалыптасудағы қарым-қатынасы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепке дейінгі ұйымдарында ұйымдастырылатын жұмыстар

Осыған орай, бүгінгі таңда халыққа білім беру саласындағы қаралып жатқан көптеген мәселелер ауқымы мектеп жасына дейінгі мекемелерді де қамтып, ондағы тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұнын жаңарту талабы қойылуда. Атап айтқанда, болашақ жеткіншектерімізді мектепке дайындауда олардың денсаулығын нығайту, адамгершілік, имандылық қасиетін, эстетикалық талғамын дамыту, қоршаған ортаны тану, ондағы құбылыстарды байқау, математиканың қарапайым түсінігін, тіл байлығы мен ойлау қабілеттерін жетілдіру және оның сапасын арттыру көзделіп отыр. Осы орайда еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі мақсаты және міндеттері бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру. Замана қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту сұраныстарына сәйкес келетін қазіргі заманғы білім беру жүйесі қажет. Осы мақсаттарға жеткізетін сара жолдың бірі жаңаша балабақшада оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырып жүргізу. Ол кейінгі жылдары педагогика ғылымында жиі пайдалана бастаған жаңа ұйымдардың бірі инновациямен байланысты. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді балабақша өмірінде кеңінен енгізу жеткіншек ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады деп ойлаймын.

Тәрбие мен білім беруді жаңаша ұйымдастырудың қажеттілігіне көз жеткізе отырып, оның жаңаша әдіс-тәсілдерін үйрету және қайта құрудың негізгі жолдарын талдап зерттеу керек ететінін анық. Қазіргі заман талабына сай балабақша мен мектепалды дайындық сыныптарында оқу-тәрбие жұмысын жаңаша құруды қалай жүзеге асыруға болады. Әрине, ол мектепке дейінгі жастағы балалардың даму ерекшелігін ескеріп, шаршатпай, ойната отырып тәрбие мен білім беруді қажет етеді.

Неміс психологы В. Штерннің есептеуінше, бала сәби шағында осы маған керек болды-ау деген ұғыммен білім мен тәрбие алмайды және жоспарлы түрде ұмтылмайды. Бала үш жасқа дейін «өз жоспары» бойынша, бес-алты жасқа келгенде ғана үлкендердің қозғауымен жүретін оқыту процесіне саналы түрде қатысады. Ол кезеңдегі тәрбиелі жұмысты баланың психикалық даму ерекшелігін ескере отырып жүргізілгені абзал. Мақсат - баланың болмысына түсетін салмақты жеңілдете отырып, бағдарламалық тапсырмаларды тиімді жолдармен беру.

Психолог-ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, балабақшадағы балалардың 90 пайызы оқуға деген қызығушылық білдірген, ал орта мектептердегі дайындық сынып балаларының 60 пайызының ғана оқуға деген қызығушылығы болған. Олардың ата-аналары сабақтар санын қысқартып, үзілістерді ұзартуды өтінген. Бұдан шығатын қорытынды баланың қайта тәрбиеленіп білім алғандығында болып тұр. Мәселе, бағдарламалық тапсырмаларда емес, сол материалдарды балаларға қандай тәсілдермен беруде болып отыр.

Әрине, аталған мақсат-мүдделерді орындауда педагог кадрлардың рөлі зор. Сондықтан балабақша педагогтарымен қатар мектептердегі мектепалды дайындық сыныптары мұғалімдерімен аталған жұмыстарды жүргізу тәсілдерін арнайы ұйымдастырылған оқыту семинарлары мен біліктілігін арттыру курстары бойынша ұйымдастыру керек деп ойлаймын.

© 2010-2022