Ертегілер еліне саяхат мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлім: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: Ертегі,ертегі еліне қызығушылығын қалыптастыру.Балалардың сөздік қорын молайту. «Үйшік» ертегісін сахналау.

Триз технологиясы арқылы балауызбен ұлпақарлардың суретін салуға үйрету.

Ертегі арқылы адамгершілік,еңбексүйгіштік қассиетерге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, мақал-мәтел, өлең жолдары, ойын.

Көрнекілігі:аудиотаспа, сыйлық(сиқырлы таяқша),хат,әуен,ұлпақарлар,суретін үлгісі,балауыз,ақ парақ,бойяу(көгілдір түс),микрофон .

Сөздік жұмыс:ұлпақар

Билингвальдік компонент:ұлпақар-снежинка

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


1

2

3

Уәждемелік-түрткілік

Балалар бүгін бізде ерекше күн,себебі бізге қонақтар келді.

Шатық шеңбер.

-Күн бізге не береді?

-Алақандарымызды түйістіріп,күннен алған жылуды сезейік.

Қонақтармен амандасады.

Шеңберге тұрып,бірге қайталайды:

Күлімдеп тұр күн маған,

Күлімдеп тұр күн саған!

-Күн бізге жарық,жылу береді.

Алақандарын түйістіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік





Аудиотаспа (боран дыбысы)

-Балалар не болды?

-Боран қай мезгілде болады?

-Қыста тағы қандай өзгерістер болады?

-Қазір қандай жыл мезгілі?

-Қыстың қандай айы?

(Есік қағады)

-Бұл кім келді екен?

-Балалар, қараңдар бізге ұлпақар сыйлық беріп жіберіпті.

-Қандай ғажайып сыйлық,балалар сендерге ұнай ма?

-Мында ұлпақар хат жазыпты.

Хатты оқу:

Сәлеметсіңдерме, балалар!

Қалдарыңыз қалай? Мектепке бару сендерге ұнай ма?

Мен сендерге мына тапсырмаларды жазып отырмын.

1-тапсырма «Ойлан,тап» ойыны (ертегі үзінділерін оқу)

-Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен? -Қоянның қолына бір қазан ыстық суды ұстатып

-Іш-деді

-Жыл басына мен болуға лайықтымын...

-Кел,достым,қыс қамын істейік,баспана жасайық!-дейді Бұқа

-Ренжеме,достым енді беретін тамағым жоқ!-деді Тырна

2-тапсырма

-Ертегіге қатысты сиқырлы заттарды атаңдар.

Сыйлығымды пайдаланғанда мына сөздерді айтуға ұмытпаңдар:Сим-силабим.

Ұлпақар

-Балалар,қалай ойласыңдар Ұлпақар не жіберіпті сыйлыққа?

-Мынау не?

-Ал «сиқырлы таяқша арқылы не жасауға болады?

-Жарайсыңдар!

-Енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр?

-Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады.

-Аяз не істейді?

«Сим силабим» -«Қатырмақ» ойыны.

-Ойын ұнады ма?

-Енді балалар біз жазғы орманға саяхат жасайық. «Сим силабим»-«Үйшік ертегісін тамашалау.

-Балалар,шаршадыңдар ма?

«Ендіше денемізді сергітейік.

«Сим-силабим» бізге әуен.

-«Сим силабим» төменде не бар?

Сим-силабим»мынау кімдер?

-«Сим силабим» жоғарда не бар?

-Ия,қандай әдемі,әсемді ұлпақарлар жауыпты.

Сөздік жұмыс:ұлпақар

Билингвальдік компонент:ұлпақарлар-снежинки

-Балалар біз бүгін «сиқырлы таяқша» арқылы ойын ойнадық,би биледік,орманға саяхат жасап,көрініс тамашаладық,ал Ұлпақарға ризашылығымызды білдірген жоқпыз.Олай болса біз әдемі ұлпарқарлардың суретін балауызбен салайық.Ал мен ол суреттерді Ватсаппен Ұлпақарға жіберемін.

-«Сим силабим» сыныпқа оралайық.

Түсіндіру, көрсету, көмектесу.

Әуен орындалып тұрады.Балалар ұлпарқардың суретін салады.

Дыбысты тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Тыңдайды.

Таңғалады.

-Ия ұнайды.

Мұқият тыңдайды.


-«Нан қайдан келді?»

-«Тапқыр қоян»

-«Жыл басына таласқан жануарлар»

-«Қысқы баспана»

-«Түлкі мен тырна»

-алтын балық,ұшақ-кілем,

алтын кілт,сиқырлы таяқ...


-Өз ойларын айтады.

-Сиқырлықтар жасауға болады.


-Аяз.

Ойынға барлығы қатысады.

-Ия ұнады.

Кейіпкелер орнына барады, қалған балалар көрермендер.

-Ия!

Әуенге сәйкес би қимылдарын жасайды.

-Біздің аяқтарымыз.

-Балалар.

-Ұлпақарлар.

Сөздерді қайталайды.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Орындарына барып отырады.

Үлгіге қарап ұлпақарлардың суретін балауызбен салады,сосын көгілдір түспен бойяды.

Рефлексиялық-жинақтаушы

Балалардың суреттерінен көрме ұйымдастыру.

Балалар,Біз Ұлпақардың хатына жауап берейік. «Тілші «ойыны.

Балаларды мақтау.

Ұнаған суреттерді атайды.

Ойынды қызыға ойнайды.

Қорытынды бөлім:

Қабылдайды:ертегілерді, ертегі әлемін

Түсінеді: ертегілердің ерекшеліктерін

Қолдана алады:берліген тапсырмаларды орындауды,балауызбен сурет салуды .











«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №28 Құсмұрын орта мектебі»ММ

Ұйымдастырылған оқу әрекет:

Көркем әдебиет








Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Мектепалды даярлық «ә» сыныбы



Ертегілер еліне саяхат мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасыЕртегілер еліне саяхат мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Өткізген:сынып тәрбиешісі Едресова К.Т.

2015 жыл

Ертегілер еліне саяхат мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы







© 2010-2022