Сценарий новогоднего утренника вторая младшая группа с казхским языком воспитание обучение Шахрезаданың жаңа жыл ертегісі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шахрезаданың жаңа жыл ертегісі»

Залдың ортасында сәнді шырша.
Жүргізуші:Даламызға,қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға,балаңызға
Жалынды сәлем береді.
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар,
Таңырқанып тұрмаңыздар.
Сәнді шырша шақырады.
Шырша жырын жырлаңыздар.
Келіңіздер,келіңіздер,
Би де билеп беріңіздер.
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер.
(Балалар шырша түбінде жайғасып отырады.Ертегі тамашалайды.)
Жүргізуші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық-қызық сырлар бар.
Соныменен,балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.

Балалар, бүгінгі ертеңгілігімізді жаңа жылдық тақпақтарымызбен ашайық.

Тақпақ:

1.Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына. ( Аружан )

2.Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны.

Той- маскарад басталды,

Аяз оны басқарды. ( Жанна )

3.Жылдың әнін бастайтын,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды. ( Тұмар)

Жарайсыңдар,балалар.

1.

4.Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр...

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр. ( Сұлтан )

5.Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын, жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр. ( Қ. Інжу )

Қараңдаршы балалар,айналаға.Сондай әдемі,өздеріңде әдемі болып кетіпсіңдер.Мынау не?Жамылғы ғой балалар.Бұл жай жамылғы емес екен

жарқыраған,әдемі жұлдызды жамылғы.
-Сендер білесіңдерме,бұл кімнің жамылғысы?
-Иә,бұл ертегі елінің ханшайымы Шахерезаданың жамылғысы.Балалар мен жаңа айтып өттім.Бұл жай ғана жамылғы емес,жаңа жылда не тілесек,тілегімізді орындайтын жамылғы екен.Ендеше жамылғының сыйқырлы жұлдызшасын ұстап, сыйқырлы сөзді айтайық не болар екен?
Балалар:
Ертегі,ертегі
Таңырқат біздерді.
(Ән әуенімен Шахерезада келеді)
Шахерезада:Менің атым Шахерезада Шығыс елінен келдім,мен ертегі айтқанды жақсы көремін.
Жүргізуші:Шахерезада біз жамылғыңызды тауып алдық.
Шахерезада:-Рахмет,менің сыйқырлы жамылғымды тауып бергендеріңе.Мұндағы әрбір жұлдыз ертегіге айналады.Жұлдызшаны қолымызға алсақ,ертегілер елінен бірақ шығамыз.
Жүргізуші:Балалар Шахерезада жұлдызшаны қолына алды,сыйқырлы сөзді айтуымыз керек.

Балалар:
Ертегі,ертегі
Таңырқат біздерді.
(Ән әуенімен Алладин кілемшемен,қолында шамы бар келеді)
Алладин:Қолындағы шамды уқалай бастайды.
(Жарық өшіп,үлкен ірі жын шығады.)
Жын:У-ух-хо-хо-ха-ха
(Алладин аяғына жығылады.)
Алладин:Шегініп сен кімсің?
Жын:Мен сенің құлыңмын тақсырым.Не бұйырасың? Тез арада орындаймын.Тасқа айналдыр десең,тасқа айналдырамын.Қатырып таста десең қатырамын.

Алладин:Міне керемет! Мен жаман іспен айналыспаймын,мен Шығыстың әдемі қыздарының арасында болғанды қалаймын тезірек орында.
Жын:Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Би:Шығыс биі. (Жанна, Айару, Амира, Каусар, Қ. Інжу )

Алладин:Рахмет жын,ертегі айтатын Шехерезада осыма?

2.

Жын:Иә,бұл біздің Шехерезада.
Алладин:О,сұлу қыз жынды шамымен саған сыйға беремін,ал.
Шахерезада:Рахмет Алладин.
Алладин:Мен сыйлық бергенді ,жақсылық жасағанды жақсы көремін.Сау болыңдар.
Жын:Әмір беріңіз ханымым.
Шахерезада:Жын, Аяз ата мен Ақшақарды мерекеге тезірек келуіне көмектес.
Жын:Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Аяз атаның дауысы: Келемін асығып келе жатырмын.-Сәлеметсіңбе мереке, жұлдыздай жарқыраған.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме көптен күткен Аяз ата мен Ақшақар.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар,

Аяз ата:-Сәлеметсіңдер ме қыздарым мен ұлдарым.Мен сендердің мерекелеріңе асығып ұзақ жүрдім.Көп сыйлықтар әкелдім.Қарша қызым қайдасың?Сыйлығым кәне көрсетейік.

(осы кезде сыйқыршының әуенімен залға сыйқыршы кірді)

Сыйқыршы:Алладин қайда? Шам қайда? Шахерезада айт кәне.
Шахерезада: Шамның саған не керегі бар.Жынды шақырып жаман істермен айналыспақшысың ғой.Кет бұл жерден әйтпесе саған жаман болады.
Сыйқыршы: Әп бәлем, сен мені қорқытпа.Әйтпесе Аяз Атаны сыйқырлап,

сені алып кетемін, жаңа жылда сыйлық болмайды.Ух-ха-ха-ха деп сыйқырлайды. Сыйқыршыларым жиналыңдар өнерлеріңді көрсетіңдер.
Би: «Сыйқыршылар»(Дияр, Дастан, Аян, Арыстан).
Сыйқыршы: Жетеді. Биледіңдер, енді жұмысқа кірісіңдер Аяз Атаға шабуыл жасап сыйлығын тартып алыңдар.
Шахерезада: Балалар қайғырмаңдар .Жұлдызды жамылғыдан жұлдыз алайын жын көмекке келеді.

(Шахрезада жұлдызды алып жынды шақырады)

Жын: Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Сыйқыршы беталды әуре болма.Мен сенің сыйқырыңды жоямын, жаман істерді істемейтін боласың. Жақсы сөз айтып жүретін боласың.

(деп қолын үш рет шапалақтайды)
Сыйқыршы: Кешіріңдерші Аяз Ата, Ақшақар. Енді жаман іспен айналыспаймын.
Аяз ата: Кешірейік балалар.Сыйқыршы қар ұлпаларын сахна төріне сыйқырлап әкелсін.
Сыйқыршы:Жарайды Аяз Ата дегенің болсын.
Ақшақар: Менің ұлпаларым кәне би билейік шығындар.

Би: «Ұлпалар биі» (Алина, Даяна, Ясмина, Мөлдір,Лиза,Келден Інжу.)
Жүргізуші: Ақ сақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына сыйлық алып келеді.
Ол кім балалар?

3.

Балалар: Аяз Ата.
Жүргізуші: Ендеше Аяз Атаны ортаға шақырайық. Шыршамыздың шамдарын жақсын.
Аяз Ата: 1,2,3.
Шырша шамы жан.
Шыршаға арнаған әндерің бар ма?

Балалар: Ия, бар.
Ән: Шырша.
Жүргізуші: Ал,балалар,мерекені ары қарай жалғастырайық.
Аяз Ата алыстан шаршап келді,олай болса тақпақ айтып берейік.

Тақпақтар.

6.Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған. ( Санжар)

7.Келді міне жаңа жыл

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп ойнап би билеп

Ән салайық бәріміз. ( Алина)

8.Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаларға шам іліп. ( Нұралы )

9.Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған. ( Кәусар )

10.Келді міне жаңа жыл,

Қарсы алайық ,бәріміз.

Күліп, ойнап, би билеп

Ән салайық бәріміз. ( Айару )

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса. ( Ясмина )

Ақшақар: Жарайсыңдар, балалар, рахмет. Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын, жауабын тауып көріңдер.

(Ақша қар жұмбақ жасырады.)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
4.

Балалар:Қар.

Жүргізуші: Қар демекші, балалар, Ақшақарға ән айтып берейік ортаға Қанат Інжу, Келден Айару, Ерсін Кәусар шығады.

Ән: «Ақша қар».

Жүргізуші: Балалар, аяз атамен ойын ойнағыларың келе ма?

Балалар: Ия

Ойын. «Қар, боран, мұз».

Жүргізуші:Ал,балалар,ертеңгілігімізді жалғастырайық, тақпақтарымызды айтайық.

Тақпақтар.

11.Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата- әже. Ата -әже

Құтты болсын жаңа жыл! ( Ибрагим )

12.Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жол болсын! (Амира )

13.Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан.

Аяз ата оралып. ( Лиза )

14.Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Менде бүгін ән салдым

Араластым биге де. ( Мөлдір )

16.Келіңдер, келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт Аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер! ( Келден Інжу )

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны. (Даяна )

Қараңдар мынау шыршаға

Неткен әсем көрікті

Жаңа жылдық думанға

Аяз ата келіпті, ( Дастан )

5.

Тамаша сый алып

Келді Аяз атамыз

Шаттанып қуанып

Шырқап ән айтамыз. ( Дияр )

Аяз ата:Жарайсың балаларым!Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарың да ақылды,білімді де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерің қандай әдемі!Солай емеспе қызым?Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.Ал,балаларым,сендер өсе беріңдер,өркендей беріңдер.Аспандарың ашық болсын!Қош болыңдар!

Жүргізуші: Құрметті,балалар 2016 жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Жаңа жыл құтты болсын!Отбасыларыңа тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!















6.

© 2010-2022