Денсаулық - зор байлық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Денсаулық - зор байлық!»

Мақсаты: Балаларға денсаулық туралы мағлұмат беру. Тазалыққа, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу. Балаларды салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау.

Іс - әрекет кезеңі.

Тәрбиешінің іс - әрекеті.

Балалардық іс - әрекеті.

Дәлелдеп талаптану

Балалар ІІІ-топқа бөлінеді. Ғажайып сәт: Балаларға дәрігер, Кірқожалақ, Тазабек келеді. Тазабек Кірқожалақтан не болғанын сұрайды

Дәрігер балаларға денсаулық туралы айтып береді.

Балалар қызығушылық білдіреді.

Ұйымдастырушылық

Ізденіс

Балалар өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?

Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?

Дұрыс айтасыңдар, жарайсыздар балалар!

Дәрігер: Не болып жатыр бұл жерде? Микробтар қаптап кетіпті ғой. Кірқожалақ не болды саған?

Кірқожалақ:Мына жердегі құрт жеген алмаларды, жерге түскен кәмпиттерді жедім. Ал енді менің қатты ішім ауырып тұр. Маған көмектесіңізші.

Дәрігер: Қожалақ сен лас боп жүрсең аурушаң боласың. Қарашы жан жағыңда микроптар қаптап жүр. Бұл аурулар тазалық сақтамағаннан пайда болады. Сондықтан біздер әр дайым Тазабек сияқты таза жүруіміз керек. Балалар дені сау әдемі бала болып өсу үшін дене шынықтырумен де айналысу керек.

Тазабек: Балалар Дәрігер апай дұрыс айтады. Дәрігердің айтқанын тыңдап жасауымыз керек. Кір қожалақты сен әдемі тап таза, дені сау бала болғың келеді ме? Мен сияқты?

Кір қожалақ: Әрине. Сен сияқты тап таза бала қалай болам?

Тазабек: Балалар Кір қожалаққа көмектесеміз бе?

Ол үшін тазалықтың ең жақын достары кім екенін білгілерің келсе мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер мұқият тындап шешіп көріңдер және сол жұмбақтың жауабынын заттарды құрастыруымыз қажет.

Жұмбақ: «Бұл не?»
1) Ертемен күнде сен, қолыңды сүйкейсің.
Кетіп кір - ласың, тап - таза боласың.

2) Шомылған баланы аймалап алады
Сүртеді қолыңды, сүртеді жонынды.

3) Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,
басыңмен ісі бар.
4) Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіңе.
(Осы кезде сабын келеді. Қолында сүлгісі және айнасы бар)

Сабын: Балалар мен сендерге әрдайым көмектесіп жүремін. Сендер менімен жуынсаңдар тап-таз боласыңдар. Кәне кімге көмектесейін?

Тазабек: Сабын сен біздің Кір қожалаққа көмектес оны жуындыр.

Кір қожалақ тап таза болғанша біздер сендермен ойын ойнап, ән айтып жіберейік

«Тазалықтың досы» атты өлеңі. Қимыл - қозғалыс арқылы айтады.

(Кір қожалақты Сабын жуындырады, суртініп айнаға қарап шашын тарап әдемі тап-таз бала болып шығады)

Дәрігер: Міне балалар Кір қожалақ тап таза бала болып шықты қараңдаршы! Сендер де осылай таза жүресіңдер ме?

Тазабек: Міне досым енді сенімен дос боламын екеуміз басқа да балаларға көмектесейік жарайды ма?!

Дәрігер: Балалар деніміз сау әдемі өсуіміз үшін енді дене шынықтыру ойындарын ойнап жіберейік.

Балалар өз ой-пікірлерін білдіреді, тыңдайды

Денсаулық,- деп жауап береді

Спортпен айналысуымыз керек, денемізді шынықтыру керек, дұрыс тамақтануымыз қажет



Кірқожалаққа көмектесуіміз керек.

(Сабын)

(Сүлгі, орамал)

(Тарақ)


(Айна)






(балалар жауап береді)

Рефлекстік түзету.

1) ойын: «Кім жүйрік»

2)ойын: «Кім жылдам»

Қожалақ: Дәрігер апай, Тазабек, Балалар мен бәрін түсіндім. Сендер олай жасамаңдар! Мен де енді олай жасамаймын. Уәде беремін!

Балаларды мақтап-мадақтау

Балалар ойынды барлығы қызыға ойнайды. Балалар кейіпкерлермен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Денсаулықты сақтау туралы толық меңгеру.

Болу: Тазалықты сақтау қабілеттерін дамыту.

Қолдану: Өз бетінше жуынып, тазалықты сақтауды білу



«Ақбота» балабақшасы



Тақырыбы: «Денсаулық - зор байлық»

«Қызғалдақ»ортаңғы тобы



Өткізген: А.Т. Бейсенова

А.Н. Мырзакеримова

























Арқалық қаласы

© 2010-2022