Планирование урока в 1 младшей группе детского сада на тему Қошақаны қойдың

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қошақаны қойдың»

Мақсаты: үй жануарлары және оның төлдері туралы алған білімдерін толықтыру.Жануарлардың төлдерін ажырата білуге үйрету және сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ақыл-ойларын дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар: жайлаудың суреті, үлестірмелі суреттер (үй жануарлары мен төлдері)

Сөздік жұмыс: төлі

Ұйымдастыру:Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

1.Мотивация

Балалардың назарын жайлау көрінісі бейнеленген суретке аударады.

-Балалар, мынау-жайлаудың суреті. Жайлауда малдар жайылып жүр.Мынау қандай жануар? Ал, мынау ше?Бұлар қандай жануарлар?

-Дұрыс, айтасыңдар,үй жануарлары.

-Неге үй жануарлары деп атаймыз?

-Қандай пайдасы бар?

-Сиыр не береді, қойдан не аламыз, жылқыдан не пайдасы бар?

-Ит үй жануарларына жата ма?

Суретке қызығушылық танытады.сұрақтарға жауап беруге талпынады.

-Үй жануарлары.

-Ит - үй жануары,себебі ол үйді күзетеді.

2.Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Бүгін үй жануарларының төлдерімен танысамыз.Үй жануарларының балаларын,яғни, жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйеніңм балаларын-төлдер деп атаймыз.

Төлдерді суреттен көрсетеді.

-Сиырдың төлі-бұзау,қойдың төлі- қозы, дылқының төлі-құлын, ттүйенің төлі-бота, ешкінің төлі- лақ.

Балаларға қайталатады.Қойдың,сиырдың қалай дыбыстайтынын естеріне түсіндіріндер.

Сергіту жаттығуы.

Қошақаны қойдым,

Қайла қалып қойдың?

Томпиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

«Төлдерін тап!»дидактикалық ойыны.Суреттен төлдерін табады.

Балалар төлдермен танысқандарына қуанады.

Төлдердің аттарын білуге тырысады.

Қимыл-қозғалыстар жасайды.

Төлдердің суреттерін енелерінің тұсына қояды.

3.Рефлекциялық-түзетушілік

Сұрақтар бере отырып оқу әс - әрекетін қорытындылайды.Тәрбиеші балаларды мақтап, мадақтайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.Төл сөзін үйренеді.

Күтілетін нәтиже: Үй жануарларының төлдерін біледі, төлдері бір-бірінен ажырата білу дағдысы игереді,төлдер туралы жалпы түсінікті меңгереді.



© 2010-2022