Ашық сабақ: Үй жиһаздары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Үй жиһаздары. Менің төсегім.

Мақсаты: Үй ішіне қажетті жиһаздардың жеке бөліктерін сөзбен дұрыс айтуға үйрету.

Міндеттері:

  1. Бөлменің ішіндегі жиһаздар туралы айта білуді үйрету.

2. Баланың зейінін, логикалық ойлауын, тілін дамыту.

3. Жиһаздарды күтуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: Қуыршақ жиһаздары, «Жиһаздар» тақырыбы бойынша суреттер, ойыншық аю, «Үш аю» ертегісінің суреттері.

Әдістері : Сюрпирздік кезең, әңгіме, жұмбақтарды шешу, дидактикалық ойындар.

Сөздік жұмыс: Балалардың сөз қорларын жиһаз атауларымен кеңейту, «Жиһаз» сөзін балалардың сөйлемдерінде қолдануды үйрету.

Алдын-ала істелінген жұмыс: Жиһаздар суретін қарастыру, «Үй. Отбасы» сюжеттік - рөлдік ойын, «Үй. Пәтер» сюжеттік суреттерді қарастыру, Д/О «Қандай?», «Біреу-көп», «Үлкен-кіші», «Үш аю» орыс ертегісін қайталау.

Билингвальды компонент: қысқа-корткий, ұзын-длинный, сопақша-овальный.

Балалар топқа кіріп жарты шеңбер құрайды. Балалардың назарын қонақтарға аударамын. Балалар, әрекетімізді бастамас бұрын бір-біріміздің жылуымызды сезінейік.

Шаттық шеңбері.

-Мен бүгін балабақшаға келе жатып сандық тауып алдым. Бұл сандықта бірдеме бар секілді. Сандық ашылмайды.

-Балалар, сандықтың аузында құлып тұр ғой. Ал, құлыпта мынандай сөз жазылыпты. «Жұмбақты шешкен адам сандықты аша алады», - деп жазыпты.

Онда жұмбақты шешіп көрелік.

Үйге қажет бәріде,

Киім іліп қойғанға

Шкаф қажет әрине,

Тамақтарды қоятын,

Үстел керек әрине,

Үстелге кеп отыратын,

Орындық қажет әрине.

Бұларды біз бір сөзбен не деп айтар едік. (Жиһаздар)

Музыка әуенімен сандық ашылады. Сандықтың ішінен ойыншық жиһаздар шығады.

-Балалар, бұл жиһаздар ғой.

Тосын сәт. (Есік қағылып, қонжық топқа кіреді).

Қонжық: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен кішкентай қонжықпын. Орманда тұрамын. Ал сендер қайда тұрасыңдар?

-Ал үйлеріңде, бөлмелеріңде не бар?

(Бөлме бейнесінің суреті көрсетіледі).

-Иә, қонжық осындай жиһаздар әр үйде тұр.

Қонжық: -Ал менің інімде ешқандай жиһаздар жоқ.Менде осындай ыңғайлы жиһаздарды қалаймын.Бірақ білмеймін қандайын таңдап алайын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: -Балалар, қонжыққа жиһазды таңдап алуына көмектесеміз бе?

Онда сандықтан шыққан жиһаздарды қонжыққа сиға тартсақ па? Қалай ойлайсыңдар? Қонжық біздің балалар қарсы болмайды. (Тәрбиеші балаларға ойланып, жиһаздарды таңдауға ұсыныс жасайды). Қонжықтың бөлмесіне қандай жиһаз қоюға болады? (Ас бөлмесіне үстел мен орындық таңдайды. Жатын бөлмесіне төсек пен шкаф таңдап алады)

-Қонжық саған бөлмең ұнады ма?

-Балалар, қонжық бұл заттарын есіне сақтау үшін ойын ойнайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын табыңдар.

Төрт аяғы болса да,

Етік киіп көрмеген.

Жалқаулығы соншама,

Аттап шықпас бөлмеден. (Үстел)


Мен жәйлімін, жұмсақпын,

Мені табу қиын емес.

Ұнатады әжелер мен сәбилер,

Отыруға, жатуға. (Диван)


Кеш батты, шаршадың сен

Ұйқың келді.

Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені. (Кереует)

-Қонжық, сен есіңе бәрін сақтап алдың ба?Жарайсың. Балаларда өте ақылды. Жарайсыңдар. Қонжыққа көмектестіңдер.

Қонжықтар орманда тұр,

Бастарын былай бұрды.

Қорбаң, қорбаң жүрді,

Көлден су ішті.

Қонжықтар бал іздеп,

Ағаштарды шайқады.

Былай-былай шайқады.

Кейін қолдарын көтеріп,

Би биледі шаттана.

-Балалар, орманда қонжықтардың достары тұрады екен. («Үш аю» ертегісіндегі аюлардың суреттері көрсетіледі). Сендер оларды таныдыңдар ма? Қай ертегінің аюлары? Олардың үйлерінде бір жағымсыз жағдай болды.Олардың үйлеріне кіріп, жиһазды сындырып тастапты. Бұл кім екен?

Ойын: «Не жетпейді?»

Шарты: Жиһаздардың бір бөліктері жетпейтін суреттер көрсетіледі.

-Балалар, неліктен жиһаздар сынып қалды?

-Жиһазды қалай күту керек?

Ойын: «суретті жинап ал».

-Ал, біздің тобымызда қандай жиһаздар бар?

Схема бойынша жұмыс.

-Біз бүгін сабақта не жасадық?

-Қонжық пен үш аю сендерге «рахмет» айтып жатыр. Сендер оларға көмектестіңдер. Олар енді үйде қандай жиһаздар болу керектігін білетін болады және жиһаздарды қалай күту керек екенін. Қонжық балалармен қоштасады. Сыйлықтарын таратады.



© 2010-2022