Мақтақыз бен мысық ертегісі

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімдері: Қөркем әдебиет.
Тақырыбы: "Мақта қыз бен мысық"

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:Қойылым саханалау
Сабақтың мақсаты:
Ертегілер туралы білімдерін арттыра отырып сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету.
Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрметін еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер:рөлдік ойындар,диолог,ашық,жабық сұрақтар.

Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, инеағаш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, мейіз, тары.
Ұйымдастыру кезеңі: Ал балалар, бүгінгі күн ерекше күн, себебі, бізге көптеген апайлар қонаққа келді. Қане, сол қонақтармен сәлемдесейікші:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.

Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.
Мақта қыз (Мысығын шақырады)-Тоғжан
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
- Келмесең, келмей -ақ қой - деп (мейізді қыз жеп қояды)
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.
Мақта қыз - Тоғжан
Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу! -деп дыбыс бере ғой

Тәрбиеші: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.
Мысық- Дәурен
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп -дейді
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Сиыр - Адиль
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Ағаш - Шахназ
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығад
Қыздар:Сара,Бибігүл
Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің -деп әндетіп жүреді.

Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші - Аружан

Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.
Тәрбиеші: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Мен тауықпын-Ерназ
Өзім қақсауықпын.
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам - деп әндетеді.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.
Тәрбиеші: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан -Нұрасыл
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.
Мысық: «Тышқан» туралы тақпақ айтады

Өзім егін екпеймін

Егістен ұзап кетпеймін

Мысық қуса жетпеймін

Мен қап тесер тышқанмын

Тәрбиеші: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды
мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,
сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға берді.
Тәрбиеші: Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.

Қорытынды жасау

-Балалар мысық пен тышқан дос болды ма?

-Сендерге ертегі ұнады ма?

-Дос болу үшін не істеу керек екен?

-Дос туралы қандай шаттық шеңбер жасау

Достар бірге жүреміз,
(қол ұстасып, айнала жүру)
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
(бір-біріне қарап күлу)
Бірге балық аулаймыз,
(қолдарын алға созады)
Міне, біздер қандаймыз!
(қолдарын жоғары созу)
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз.

Осымен балалар сабағымыз аяқталды келген апайларға келгендері үшінкөп-көп рахметіміңзді айтайық.

















«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»







Ашық сабақ

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі










Тәрбиеші: Ибраева А.М.






2015ж

© 2010-2022