Бала тәрбиесіндегі әженің орны

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бала тәрбиесіндегі әженің орны

ГККП «Ясли-сад №1 отдела образования

акимата города Костанай».

Қазақ тілі мұғалімі

Жунусова.Айзада.Жумабековна

Халықтық тәрбие - бала тәрбиесінде, салауатты ұрпақтын негізін қалауда аса маңызды рухани мұра болып табылады.

Қазақ халқы ежелден ұрпақ тәлім-тәрбиесінде өз ұлтының ерекшелігін, оның тектілігін сақтап тәрбиелеуге, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыруға үлкен мән беріп отырған.

Бала тәрбиесін ата-ана тәрбиесінен бастаған тиімді. Бала тәрбиесіндегі аса маңызды мәселелердің бірі -балабақшаның ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізуі. Назар аударатын бір жағдай қазіргі кезде ата-аналардың бала тәрбиесімен тікелей айналасуға мүмкіндіктері аз. Сондықтан да ақыл тоқтатқан, күйбедең тіршіліктен қолы босаған, төзімді де шыдамды, байсалды да салаутты әженің бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Әженің бала тәрбиесіндегі рөлін былайша бағалапты: «…есть бабушкина педагогика. Именно бабушка -әже видит все своими глазами, материнским чутьем, определяет младенца, воспринимает как человека».

Қазақтың халықтық педагогикасының өзіне тән бір ерекшелігі - қазақ отбасында дүниеге келген сәбиді әке-шешесі өз баламыз демей, ата-әжесінің баласы деп, бала тәрбиесін үлкендерге жүктеген. Бұл ежелден келе жатқан үрдіс. Әженің «әлди-әлдиенен» бастау алған мейірімді әуезділік баланың өн бойына халық нәрін беріп, өмірлік сусынына айналу мәні тереңде жатыр. Әженің немереге деген ықыласы өзгеше екенін аңғарған данышпан ақынымыз М. Мақатаев:

Бостан - босқа боздамашы, жыламашы, қарағым,

Ей, шешесі! Бір тілегін орындай сал баланың! Не сұрайды?

Жылатпашы, сұрағанын берсеңші. Енді мұның жылағанын

естімей - ақ өлсемші...

- деп жырлағандай, әке- шешеден гөрі әже балаға көп көңіл бөліп, көп еркелетеді. Ол баланың өзіндік «менің», өзіне деген сенімділіктің қалыптасуына зор ықпал етеді. Еркелету дегеніміз - баланы бетімен жіберу ғана емес, оның пікірімен санасу, айтқанын орындау ғана емес, оны сыйлаудың бір көрінісі.Ұлттық тәрбие баланың бойына құрғақ уызбен, үгіт - насихатпен сіңбейді. Бала оны іс-жүзінде, отбасында сезіне білуі керек.



© 2010-2022