Валеология негіздері Жеке бас тазалығы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы.

Күні: ТәрбиешіКамбарова Акмарал Сламбековна

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі:Валеология негіздері

Тақырыбы:Жеке бас тазалығы.

Мақсаты:Денсаулық туралы ғылым-Валеология жөнінде түсінік беру.

Балалардың «Сәлеметсің бе?», «Сау бол!» деген сөздердің мағынасы жөніндегі білімдерін бекіту. Дәрігер Салауатпен, Әліппе-дәптермен таныстыру. Жұқпалы аурулар жөнінде мәлімет беру, қолды жуу дағдыларын қалыптастыру.

Қостілді құрам: таза-чиста, тіс щеткасы- зубная щетка

Іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық ұйымдастыру кезеңі.



Ұйымдастыру, іздену










Әліппе-дәптермен жұмыс.


Әңгімелесу.










Рефлексивті түзету


Тәрбиеші балаларға бір-бірімен амандасуға ұсыныс жасайды.

Тәрбиеші балалармен «Амансың ба?», «Сәлеметсің бе?» деген сөздердің мағынасы туралы әңгімелеседі. Адамдар бір-бірімен кездескен және қоштасқан кезде айтылатын амандасу және қоштасу сөздері-ғажайып сөздер, осы сөздер арқылы бір-біріне денсаулық және қайырымдылық тілейді.

Балалардан ата-аналары мен жақындары ұйқыдан оянған кезде, балабақшаға немесе мектепке келгенде, таныстарын кездестіргенде қандай ғажайып сөздерді қолданатынын сұрайды.Тәрбиеші амандық сөздерге жеке-жеке, қысқаша түсінік беріп өтеді. Балаларға «Сәлеметсің бе?», «Амансың ба?», «Сау бол!» деген сөздерді амандық сөздер ретінде түсіндіре отырып, «Неліктен олай ойлайсыңдар?» деген сұраққа жауап алынады.

«Амансың ба?» деген сөз - бұл басқа адамға саулық, ұзақ өмір тілеу деген мағынаны білдіреді. Біз кездескенде амандасып, бір-бірімізге денсаулық тілейміз.

-Адам ауырғанда өзін қалай сезінеді? Ауырмаған адам туралы не айтуға болады? Денсаулық деген не? Әңгімелесу барысында балалар ауырған кезінде өзін қалай сезінетіні жөнінде айтып береді.

Тәрбиеші балалардан ауырып тұрған және дені сау, көңілді адамды бейнелеуді ұсынады.

-Сендерге қайсысы көбірек ұнады-ауырған адам ба, әлде денсаулығы мықты адам ба?

Тәрбиеші «валеология» сөзінің құпиясын ашады. Валеология - денсаулық туралы арнайы ғылым. «Валео»-латынша «сау бол», ал «логос»-ғылым деген сөзден шықан. Валеология -денсаулық туралы ғылым, ол балаларды ақылды, көңілді, дені сау болып өсуге баулиды. Ең бастысы, ол ауырмай, салауатты өмір сүруге үйретеді.

Тәрбиеші балаларға Әліппе-дәптерді ашуды ұсынып, бірінші бетінде бейнеленген Дәрігер Салауатқа назарларын аударады. Балалар Дәрігер Салауаттың сымбатты, әдемі, денсаулығы мықты адам екендігіне назар аударады.

Салауат балаларды «Валеология» әлеміне қызықты саяхат жасауда басты көмекшілері болатын Денсаулық әліппесімен танысуға шақырады.

Тәрбиеші Гигия туралы аңызды оқып береді. Балалар аңызбен танысып талдау жасайды.

Әр адам жеке басының тазалық тәртібін сақтауға міндетті. Қарапайым ережелер күнделікті дағдыға айналуы тиіс.

Тәрбиеші балалармен сабын және су жөнінде әңгіме жүргізеді.

Кімде-кім үнемі қолын сабындап жуып жүрсе, ол ауырмайды.

Дымқылдап күнде сен,

Қолыңды сүйкесең,

Кетіп кір-ласың,

Тап-таза боласың.

-Қолыңды күніне неше рет жуасың?

-Қолды қалай тазалап жуу керек?

-Қолымызға сабынды алып, оны сулап сабындаймыз. Сабынды орнына қойып, қолды уқалаймыз. Таза сумен көпіршікті жуып кетіріп, қолымызды сүлгімен жақсылап сүртеміз.

Тәрбиеші балаларға қалай сабындап жуғанын, сүлгімен тазалап сүрткенін қимылмен көрсетуді ұсынады.

Балалар шеңберге жиналып, күлімдеп, бәрі бірге ғажайып сөздерді қайталап қоштасады.

-Сау бол!

Әдепті, әдепсіз бала суреті












Әліппе дәптер





Сабын, су

Бір-бірімен амандасады.



Тәрбиешіні мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.







Валеология сөзінің мағынасын түсінеді.



Дәрігер Салауатпен танысады.






Қолды қалай жуу керектігіне талдау жасайды.





Балалар кездескен және қоштасқан кезде айтылатын амандасу және қоштасу сөздері ғажайып сөздер екенін, осы сөздер арқылы бір-біріне денсаулық және қайырымдылық тілейтінін қайталайды.

Бір-бірімен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: валеология туралы ойын тиянақтылайды.

Қолданады: қол жуғанда сабан қолдана біледі.

Түсінеді: тазалық туралы түсінеді


© 2010-2022