Әжемнің ертегісі әжелер сайысы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маутқанова Ж.К. тәрбиеші

«Әжемнің ертегісі»

Мақсаты: Балабақшамен ата-ананың қарым-қатынасты нығайта отырып, ертегіні айтуға үйрету. Әжемнің ертегісін тыңдай отырып, баланың бойына отбасылық жылылықты, бақытты сәтерді сезіне білуге, қазақ халқының ертегілерін бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.

Өтілу түрі: «Дөңгелек үстел»

Барысы: Армысыздар құрметті әжелер мен балалар. Бүгінгі «Әжемнің ертегісі» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Әжелер бар өнерін салар анық

Өнегелі тәлімді алған қанып,

Ал ендеше таныстырып өтейін мен

Сайысқа түсетұғын әжелерді.

Ортаға шақырайық.

  1. «Байтерек» тобының әжесі: Қабидоллина Нұржамал

Немересі: Саятқызы Әдемі

  1. «Сымбат» тобының әжесі: Серікқазина Гүлсара

Немересі: Серікқазин Есдәулет

  1. «Қарлығаш» тобының әжелерімен немерелерін ортаға қошеметпен шақырайық.

Әжесі: Оразбекова Нурбану Қайырғазықызы

Немересі: Еркінқызы Айша

Кіріспе: Фольклордың қара сөзбен айтылатын ерекше мол түрінің бірі ол-ертегі. Ол халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі. Кейде «ертек» деп те айтылады. Содан ертегі айтушыны ертекші дейді. Мысалы: ертегінің өзін ертеде бір бай болыпты, хан болыпты деп ерекше өзгешелеп бастайды. Мектеп жасындағы балалардан қарағанда балалабақшадағы балаларға біз ертегінің әр түрін ұсынамыз. Сөзіміздің дәлелі ретінде біз заман ағымына сай ертегілерді жаңа ақпараттандыру технологиясы бойынша аудио, видео, слайд және де электрондық кітап арқылы балаларға ертегілер айтып береміз. (Слайд)

Ертегі көптен келе жатқан көне мұра. Ертегіні айта отырып, біз балалардың тілін, қиялын, сөйлеу мәнерін және сол ертегіні жандандырып айта білуге үйретеміз. Біз көбінесе өзіміздің қазақ ертегілерін айтуға тырысамыз. Мысалы: «Алдар көсе мен бай», «Күн астындағы Күнекей кыз», «Ертөстік», «Алпамыс», «Алтын сақа» тағы басқа ертегілерді де айта отырып, баланың бойына батырлық, өжеттілік, сыпайылық, мейірімділікті сіңіреміз.

О халайық, халайық!

Кезекті әжелерге берейік

Актерлерді сөйлетіп,

Қызығын бір көрейік.

Әжелеріміз өз ертегілерін ортаға салу. Әр топтың әжелеріне бүгінгі сайысымыздың талаптарымен таныстырып өтейін.

  1. Ертегінің жас ерекшелігіне сай болуы

  2. Әже мен немере арасынағы байланыс

  3. Ертегіге байланысты көрнекіліктерді қолдана білуі

  4. I «Байтерек» тобы

ІІ «Сымбат» тобы

ІІІ «Қарлығаш» тобы

Жүгізуші: Тамаша, құрметті әжелер әділқазылар өз сайысымыздың қорытындысын шығарғанша мен сіздерді ортаға шайға шақырамын. Ыстық шай ішіп біздің кішкентай қыздарымыздың орындауында

Ән: «Әнші болу арманым»

Ендігі кезекте ән күй жетекшісі Гаухар Жумағалиқызының орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар.

Ертегілер-балалардың қуанышы,

Ертегілер-балалардың жұбанышы.

Кішкентайдан айтылғанда балаға,

Өркендейді, өседі, қиял күші-дей отыра бүгінгі «Әжемнің ертегісі» атты сайысымызды қорытындылай келе әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

  • Балалар сендерге бүгінгі ертегі ұнады ма?

  • Қандай-қандай ертегілер тыңдадыңдар?

  • Ертегіде не жайлы айтылған?

  • Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

  • Тамаша рахмет сіздерге әжелер осымен сайысымыз аяқталды, дендеріңізге саулық амндық тілейміз. Сау болыңыздар!




№11 «Ертөстік» ясли-бақшасы КМҚК




Тақырыбы: «Әжемнің ертегісі»

«Бәйтерек» ересек тобы

«Сымбат» ересек тобы

«Қарлығаш» орта тобы








Семей 2016 ж.

Әжемнің ертегісі әжелер сайысы

Әжемнің ертегісі әжелер сайысы


© 2010-2022