Ашық сабақ Ыдысты әшекейлеу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас,Шығармашылық

Бөлімдері: Тіл дамыту,суреттеу

Тақырыбы: «Кесені әшекейлеу» (жаңа тәсіл граттажбен)

Мақсаты:Кесе туралы түсінік беру.Кесені ұлттық ою-өрнектер құс қанаты,

ирек өрнектерімен әшекейлеу .Жаңа тәсілді игеру,ұқыпты таза

жұмыстауларын қадағалау,қазақтың ұлттық құндылықтарын

бағалауға,құрметтеуге үйрету

Қостілдік компанент: ою-өрнек -орнамент

Керекті құралдар:май шам,кортоп,тіс тазалағыш ши,гуашь (слайд көрсету)

Ғажайып сәт:Оюханның келуі.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың жауабы

Мотивациялық

қызығушылық


Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу

Кәне,балалар келген қонақтарға бір-бірімізге,жылы тілегімізді білдірейік.

Күн шуағын шашса қалай қуанамыз?

(балалар алақай деп қолдарын шапалақтайды)олай болса бір-бірімізге алақандарымызды түйістіреиік.Не сезіп тұрсыңдар?Осы алақан жылулары арқылы жылы тілектер айтайық.

Біз қандаймыз,қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Ренжісуді білмейміз

Қуанамыз бірге,арайлап атққан күнге!

Жарайсыңдар!іске сәт,сабақтарың көңілді өтсін!

Балалар сендердің сабақтарыңды көруге көпттеген апайлар келіпті.Бізге тағы бір қонақ келмекші.Ол қонақтың аты-Оюхан.

Кім Оюхан туралы біледі? Ол неге Оюхан аталған? Оюхан туралы ертегіні әңгімелеу.(музыка ойналып Оюхан кіреді)

-Сәлеметсіңдер ме?балалар сендерге келу үшін ұзақ жол жүрдім.

-Сәлеметсізбе!Оюхан ата,хош келдіңіз

Төрлетіңіз,шай алып отырыңыз.

Біздің балалардың сізге арнаған тақпақ,мақал-мәтел,жаңылтпаш,жұмбақтары бар.

Тыңдайық.

1.мақал айту «өнер таусылмас --азық,

жұтылмас -байлық»

2. тақпақ оқу

Менің әжем баланы

Өте жақсы көреді

Қымыз берсе кесені

Шын толтырып береді.

3.жаңылтпаш айту

Шеше ,кеше неше кесе ,сынды шеше.

4.жұмбақ жасыру

Кесе ,шыны пиала

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

Оюхан өнерлерің үстем болсын!

Рахмет,кешіріңдер менің бір нәрсеге көңілім толмай отыр?тәр: ол не айтыңыз?

Оюхан:маған шай құйып ұсынған кеселеріңде ешбір ою-өрнек жоқ екен

(көрсетеді)

Тәр:Біздің балалар өте өнерлі.

Қазір сізге мына кеселерді жаңа тәсілмен - граттаж яғни балауызды қағазға тіс тазалайтын құралды пайдаланып тырнау әдісімен өрнек салып береді, сіз балалардың қалай өрнек салатынын көріңіз .

Сергіту сәтін жасау .

-Ал балалар тұрайық

Ою - өрнек салайық,

Құс қанаты ,ирек толқын өрнегін

Сәндеп ,сәндеп салайық.

Мынау не ? Кесемен не ішеміз ? Кесе әр түрлі болады.Үлкен кесе, орташа кесе ,кіші кесе . Кіші кесені - тостаған деп атайды . Кесенің сыртқы өрнектері де, әр түрлі болады . Кесенің басқа ыдыстан ерекшелігі ұстайтын арнайы жері жоқ , дөңгелек пішінді. Кесе жасағанда адам денсаулығына зиян келтірмейтін материалдарды пайдаланады . Слайд көрсету .(слайдпен жұмыс) Бүгінгі сурет сабағында жаңа әдіспен мына кесеге ирек, толқын, құс қанаты деген өрнектерді саламыз . Мониторға назар аударайық. Ертеде халқымыз тұтынған заттардың барлығын оюмен әшекейлеген . Мысалы : Киіз үй , текемет, сырмақ , киім және де киіз уйдің ішкі бұйымдарын өрнектермен әшекейленгенін көріп отырсыңдер . Әр оюдың өзіндік сыры бар .Бүгін біз өрнектің жаңа түрі құс қанатымен кесені әшекейлейміз құстарға байланысты болғандықтан құс қанаты деп аталады .Жер су өсімдікке байланысты болғандықтан ирек толқын деп аталады . Кәне, барлығымыз тіс тазалайтын затты алып ауаға өрнектерді салайық . Қолдарыңдағы затты орнына қойып маған назар аударыңдар . ( кесеге өрнектерді сызып көрсеттем, тырнап сызу әдісімен сызылатынын айтам ) Ал іске сәт! Ұқыпты таза әдемі сызамыз.(музыка қою) Сызып болған балалар кеселерін тақтаға ілу . Кесесі жақсы шыққан балалар Оюхан атаға сыйлау. Балалар өздерін-өздері қортындылайды . Оюхан қоржынынан сыйлық алып тапсырады .

Нені біледі:Кесе - туралы ұғымды және кесенің кішкенесін тостаған деп атайтынын

Нені игерді: Қазақ ою-өрнектері құс қанаты ирек, толқын өрнектерін жаңа әдіспен сызуды .

Меңгерген жаңа сөзі : «Тостаған»

Алақай!

Жылулық





2-3 баладан жауап алу

Диас,Айгерім

Айназ



Дарын

Виталина



Алина









Сергіту сәтін жасау



2-3 баладан жауап алу











© 2010-2022