Балалардың балабақшаға бейімделуі жайлы материал

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баланың балабақшаға бейімделуі

Балалық шақ - адам өміріндегі ең маңызды шағы, болашаққа дайындығы ортадан жүрегі мен санасына не қонғанын - осы деңгейге қарап шешуге және бүгінгі сәби қандай адам болатыны байқалады.

Балабақша мәселесі - жаман немесе жақсы, баланы беру немесе бермеу ерте болсын кеш болсын барлық отбасында пайда болады. Бұл мәселе отбасы жағдайынан немесе ата-ананың қолы тимейтіндігінен емес, әр ата-ананың өз тәжірибесінен алынып туындайды. Дегенмен балабақшаға келудің жаман да жақсы да жақтары бар. Ол тек қана ата-ананың өмір тәжірибесінен емес, ғылымда да негізделген. Дәлірек айтқанда; педагогика, медицина, психология, социология.

Бірден айтқанда, жағымды фактор жанжақты қаралады және ғылыми негіздерге сүйенеді. Онымен келіспеуге болмайды, өйткені адам ерте кезден бастап ұжымдасып өмір сүрген. Адамның барлық өмірі бір-бірімен қарым-қатынасынан, сөйлеу мәнерінен айқындалады. Оның барлығын еш күдіксіз балалық шақта үйрену керек. Бейімделу кезеңінде балаға көмектесеміз. Баланы балабақшаға дайындау кезінде, ата-аналар: «менің баламды қалай қарсы алар екен»,- деген сұрақтар пайда болады. Қобалжу ол түсінікті жағдай, өйткені ата-ана баласын бірінші рет таныс емес адамға қалдырып жатыр. Оған дейін барлығы өздерінің көз алдында болатын, ал енді баланы бақшада жақсы көре ме? Егер бала жақындарымен қоштасқысы келмесе, егер бала топқа кіргісі келмесе қобалжу күшейе түседі. Аналары баланың көңіліне қарайды, немесе баланың көз жасына қарамай үнсіз балабақшаға жетектеп әкеледі. Балабақшаға келгенде балалардың барлығы бірдей ме? Бір балалар топқа сенімді кіреді, айналасын мұқият қарайды, немен ойнайтынын таңдайды. Біреулері сенімсіздікпен, көбінесе тәрбиешіні бақылайды және өзіне айтылған іс-әрекетті жасайды. Енді біреулері тәрбиешіге деген қарым-қатынасы кері-тартпау, айтқанына құлақ аспайды, ата-анасымен қоштаспақ түгілі, бір адым жібермей, дауыстап жылайды.

Шешімі әр түрлі болуы мүмкін:

  • отбасында, балабақшаның күн тәртібіне сәйкес, күн тәртібінің жоқтығы;

  • жағымсыз әдеттердің болуы (емізік ему, тербетіп ұйықтату);

  • ойыншықтармен ойнай алмауы;

  • мәдени-гигиеналық әрекеттері қалыптаспағандықтан т.с.с.

Бірақта мұндай қылықтардың ең маңызды және басты мәселесі; сәбидің жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала - әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

© 2010-2022