Ертеңгілік Ана біздің күнімізі

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Басталуы:

1.Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.

Ана

Сен бақыттысың,

Жыламағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой

Тірімін ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана,

Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді…

(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып балалар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына жүргізуші келіп тұрады).

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар,, гүлдей құлпырған қыздар және қонақтар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

Аналар мерекесіне балаларымыздың дайындаған «ана біздің гүліміз»атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

1.Аялаймыз ананы,

Құрметтейміз, бағамыз.

Сіздер үшін аналар,

Шырқап әнге саламыз.

Ананың әрбір сөзі жлылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді. Аяулы аналар, сіздерге деген балаларыңыздың жылы елбіздерін қабыл алыңыздар. Балалардың орындауында: «Ақ мамам» әні.

Ән: «Ақ мамам» (хормен)

2. «Көктем» биі.

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге -деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

3. Бишілер бар бізде де ұлдар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін.

Таң қалдырып, қанекей би билеші,

Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті ... сыныптың байсалды да байыпты бишілеріне береміз.

4. Мерекеге арналады бүгін билер.

Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.

Алдарыңызда қазіргі түрік биі,

Таң қалдырып қанекей би билеңдер, - демекші, ендігі кезекте «түрік биі», қабыл алыңыздар!

Аяқтауға:

5. Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды. Құттықтау сөз.

© 2010-2022