Тәрбие сағаты Менің тұңғыш президентім

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Менің тұңғыш президентім








Менің тұңғыш Президентім


Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері,Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кітап,қолөнер көрмесі.

Барысы:
Қазақстан Республикасы әнұранын айту

Балалар шеңберге тұрады:

Сәлем саған Алтын күн!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған достарым!
Сендерді көрсем қуанамын.
Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Тәрбиеші: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті.Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұщқыш болуды армандады.
Тәрбиеші: Ерте есейген Сұлтан мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.
Жұбайы Сара Алпысқызы Халықаралық «Бөбек» қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.

Айсымбат:Елбасымыз жолдайды,

Халқы қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Ұлту:Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның ,

Жақсылығы тарайды.

Нұрболат:Тәуелсіздікті елге сыйлайды,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

Серікболсын:Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз

Нұрсұлтан: Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам.
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға - біздің ұлы адам.

Роза:Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз еріміз.

Шапағат:Халқым айтқан ел көтерер жер даңқын,
Елім айтқан жер көтерер елдаңқын,
Президентім аман болғай ел басы,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым.

Жайсан:Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы» Нұр ағаның.

Сымбат:Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам..

Дәулет:Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Зарина:Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.
Қазағымның елін, жерін қорғайтын,
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

Тәрбиеші: Біздің Елбасымыз - білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға. - Елбасы - туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді.

Балалар енді сендерге сұрақ?-.

1.Біз Тәуелсіздігімізді қашан алдық? (1991 жылы, 16 - желтоқсан)
2.Биыл Тәуелсіздігімізге қанша жыл? (24)
3.Елбасымыз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
4.Қазақстанның астанасы, бас қаласы қайсы қала? (Астана)
5.Тұңғыш Президент күні қай күн? (1 - желтоқсан)
6.Еліміздің негізгі заңы, басты құжаты? (Конституция)

Ән: Туған жер

1Кітап көрмесіне тоқталу. (Елбасының және Елбасы туралы жазылған кітаптарды көрсету)
Ендігі кезек Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық.
•Тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

• «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды».

Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп.

Менің атам да, анам да - қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.
• Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үстін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген. Сөз бостандығы шексіз емес.
Ол - табындыратын ғана емес, Талқандайтын да қуатты күш.

Қазақ биі: «Балапан» тобы

Тәрбиеші:Балалар бүгінгі сабағымызды Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағымен аяқтайық.

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?

Тәләйлі болсын талғамың!

Өркені өссін қазақтың,

Осы менің арманым!
Күн тұрғанда тұратын,

Жұрты сайран құратын

Қала болсын Астана,

Осы - менің мұратым!
О, Ақорда, Ақ шатыр,

Ұлысыма бақ шатыр

Баянды болсын Азаттық,
Осы - менің мақсатым!

Халқым - менің тірегім,

Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,

Осы - менің тілегім.

Қорытынды: Құрметті, оқушылар бүгінгі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Менің тұңғыш Президентім» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Тәрбие сағаты Менің тұңғыш президентім



Тәрбие сағаты Менің тұңғыш президентімТәрбие сағаты Менің тұңғыш президентім




Тәрбие сағаты Менің тұңғыш президентімТәрбие сағаты Менің тұңғыш президентім

Тәрбие сағаты Менің тұңғыш президентім





Тәрбие сағаты Менің тұңғыш президентім







Тәрбие сағаты Менің тұңғыш президентімТәрбие сағаты Менің тұңғыш президентімТәрбие сағаты Менің тұңғыш президентімТәрбие сағаты Менің тұңғыш президентім

Тәрбие сағаты Менің тұңғыш президентім

© 2010-2022