Балаларға арналған ойын-сауық: Джунглиге саяхат

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Джунглиге саяхат»


Географиялық анықтама. Джунгли ағылшын тілінен аударғанда - ну орман мағынасын білдіреді.

Қатысушылар: Тәрбиеші, жүргізуші, балалар.

Спортзалды безендіру: пальма ағашы, маймыл, арыстан, тоты құс суреттері, жапырақтар, шарлар.

Құрал жабдықтар: фонограмма, 2 доға, қармақ пен балықтар, 2 биік шөптер, бала санына сай банандар, 2 гимнастикалық орындық, 2 текше, 2 ыдыс, 2 ұзын жіптер шеңбер байланған, маймыл ойыншығы, 6 тақтайшалар.

Музыка ырғағымен балалар спотзалға кіреді. Сапқа тұрады.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар! Білесіңдер ме балалар, бізде бүгін ерекше күн. Біз бүгін саяхат жасаймыз. Балалар саяхатқа бару үшін, біз қайда баратынымызды анықтап алуымыз керек. Ол үшін біз глобусты пайдаланып таңдап алайық. Глобусты айналдырып Бразилия еліне тоқтады. Балалар, Бразилияға барғыларың келе ме? Онда қазір жаз, жылы.

Балалар: - Иә, келеді.

Тәрбиеші: Онда біз теңіз портына барамыз. Жолға шығайық. Балалар шеңбер бойымен жүреді. Балалар саяхатшыны кездестіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме балалар! Қайда барғалы жатырсыңдар? Бразилия еліне.

Онда сол елге бірге барайық, мен ол елді жақсы білемін. Бразилияға бару үшін біз кемеге отырып баруымыз керек.

Балалар гимнастикалық орындыққа отырады. (Музыка ырғағымен жаттығу жасайды.)

Жүргізуші: Бразилия өте әдемі, қызықты ел. Бразилияның көп жерін джунгли алып жатыр. Қалың ну ормандар. Джунглиде бір үлкен алаң бар, сол алаңда үлкен, қызықты мерекелер, ойындар өтеді. Мен сендерді сол алаңға жеткізейін. Соңымнан еріңдер!

«Ойын алаңына бару жол!» (Кедергілерден өту)


  1. Жай жүру.


  1. Заттарды аттап жүру. (қалың, биік шөптерден өту)


  1. Доғалардан еңкейіп өту.


  1. Аяқтың ұшымен жерде жатқан жіптерден аттап өту. (Бразилияда

жыландар көп)


  1. Тастардың үстімен өту.

Жүргізуші: Міне балалар, біз қызықты алаңға жеттік. Балалар, Бразилияда биге көп көңіл бөледі. Сендерді мен бірге би билеуге шақырамын.

Осы кезде «Чумба - эй» әуені естіледі.

Балалар, барлығамыз шеңберге тұрайық. Ежелгі тайпалардың биін билейік.

(Балалар би билейді)

Жүргізуші: Жұмбақ жасырады.

«Орман оның мекені,

Жеміс-жидек жегені,

Бұтақтан бұтаққа секіріп,

Ермек қылған ерігіп» (Маймыл)

Ойын «Маймылды тамақтандыр» Балалар екі топқа бөлінеді, әр топ екі жаққа бөлінеді. Бір жақта банандар, балалардың санына сай, екінші жақта маймыл отырады. Маймылдың алдында ыдыс, ұзын жіптің шетінде торды шеңбер байланған.

Бір бала жіпке байланған шеңберді екінші жаққа лақтырады. Екінші жақтың балалары шеңберді алып, ішіне бір банан салады, бірінші бала жіпті тартып алады.

Жүргізуші: Балықтар туралы жұмбақ жасырады. Балалар, білесіңдер ме? Бразилияның үлкен өзенінде өте көп балықтар бар. Қазір біз балық аулаймыз.

Эстафета «Балық аула»

Балалар екі топқа бөлінеді, әр топтың алдында текше тұралы, үстінде қармақ жатады, жерде шашылып балықтар жатады. Балалар кезекпен жүгіріп келіп текшеге мініп, қармақпен балық аулайды, аулаған балықты шелекке салады, текшеден түсіп орнына жүгіріп келеді, келесі бала жүгіреді.

Жүргізуші: Өрмекші туралы жұмбақ жасырады.

«Тоқыған ауы-

Шыбынның жауы» (Өрмекші)

Ойын «Өрмекші»

Жүргізуші: Балалар осы алаңға келген қонақтарға өте тәтті сыйлықтар бар, ол сыйлықтар жасырылған. Тауып алсаңдар сыйлық сендердікі болады.

Балалар іздеп, жасырылған банандарды тауып алады.

Жүргізуші: Балалар, осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Бәріміз ұшаққа отырып, елімізге оралайық. (Балалар қолдарын көтеріп ұшып, залды бір айналып сапқа тұрады.)

Жүргізуші: Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

Балалар: - Иә, ұнады!

Жүргізуші: Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды, қош сау болыңдар!

Балалар саппен спортзалдан музыка ырғағымен шығады.


© 2010-2022